Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дененің массасы

Пән мұғалімі: Сайдахметова Светлана Масимовна. №146 МЛ .
Пәні Физика Сыныбы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: ІҮ тарау. Масса және күш. § 30. Денелердің өзара
әрекеттесуі. Дененің массасы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуін,
дененің массасы оның өлшеміне байланысты
болатынын түсіндіру. Масса ұғымын енгізу.
2.Дамытушылық:
Танымдық қабілетін, формулаларды қолдана отырып
есептер шығаруға , логикалық ойлау қабілетін
дамыту.Теориялық білімін практикада қолдана
білуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Тәжірибелер жасап көрсету арқылы,
пәнге қызығушылығын,
ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап ,баяндау

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, таразы ,кірлер, ағаш
қиындылары,

сызғыш, өшіргіш т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларын түгелдеп ,олардың назарын сабаққа
аудару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Енді, осы денелер өзара әрекеттескен кезде дененің
жылдамдықтары қалай өзгеретінін, дененің массасы
қалай болатынын қарастырайық.
а) Табиғаттағы барлық денелер бір-
бірімен әрекеттеседі ме?
ә) Жалпы «масса» дегенді сендер қалай түсінесіңдер(
б) Олардың бір-бірінен айырмашылығы
неде(
Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Барлық
денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Мұны біз мұз айдынында коньки теуіп
жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жібергендегі әрекетін
мысалға келтірсек. (1 сурет). Олар бағыттары қарама-қарсы жаққа қарай
сырғанап кетеді. Осыдан денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу
деп аталады. Денелер өзара әрекеттесу салдарынан түрліше жылдамдық алады
екен. Мысалы коньки киіп тұрған екі баланың біреуі кіші, екіншісі ересектеу
баланың қозғалысын қарастырайық(2-сурет). Кіші баламыз үлкен жылдамдық
алады. Осындай мысалдардан денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілетін
сипаттайтын физикалық шаманы енгіземіз.

1-сурет
2-сурет

Сонымен денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру
қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы дененің массасы деп атайды.
Өзара әрекет кезінде денелер өз жылдамдықтарын әр түрлі
өзгертеді.
Денелердің мұндай қасиетін инерттілік деп атайды. Дененің массасы – бір
дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. Массаны m әрпімен
белгілейді.ХБ жүйесінде (СИ) массаның бірлігіне килограмм (1кг)
қабылданған. Бұл платина мен иридийдің қорытпасынан құйылып жасалған
цилиндр түріндегі этолондық (үлгі( кірдің массасы. Килограммның
халықаралық үлгісі Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы этолондар
мұражайында сақтаулы.Өлшейтін құралы таразы.Тәжірибеде массаның басқада
бірліктері пайдаланады.
1т (тонна) = 1000 кг
1ц = 100 кг
1кг =1000 г
1кг = 1 000 000 мг
1г = 0,001 кг
1мг = 0,001 г
1кг = 0,01 ц
1 кг= 0,001т
Мынандай тәжірибе қарастырайық. Массалары, қасиеттері бірдей екі арбашаны
алып олардың үстіне бірдей материалдан жасалған, бірақ көлемдері әртүрлі
болатын білеушелер қойып тәжірибені қарастырамыз. Арбаша өзара әрекет
кезінде t уақыт аралығында жүріп өткен s1 жолы екіншісінің s2 жолынан
артық болады.
(s 1 > s2 ) Өлшеулер s1 = 2s2 , v1 =s1/t; v2 =s2 /t; онда v1 = 2v2 тең
болады.
Яғни

ІІІ. Сабақты бекіту.

✓ Енді балалар осы өрнектерді пайдалана отырып есеп шығарайык
✓ 1кг мақта ауыр ма, темір ауыр ма? m1 = m2, V1> V2

1. Есеп. Роликті коньки киген екі бала бір – бірінен кері итеріліп,
қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап
кетті. Бірінші баланың массасы 40 кг. Екінші баланың массасы неге тең?
Берілгені: Шешуі:
ν1 = 3м/с
ν2 = 4м/с m1v1 = m2v2
m1 = 40 кг ;
m2 = ? = 30кг
Жауабы: m2 = 30кг

ІV. Эксперименттік тапсырма. Таразы көмегімен әртүрлі денелердің массасын
анықтау. Әр партаға таразы кірлерімен қойылған және әртүрлі денелер
таратылып беріледі. Оқушылар өздері орындап, нәтижесін кестеге толтыруы
тиіс.

V. Тест тапсырмалары.

І нұсқа ( 5 мин)
1. Дененің массасы қандай әріппен белгіленеді?
а) v ә) S б) m в) t

2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамтықтың өзгеру дәрежесін
анықтайтын физикалық шама қалай аталады ?
а) жылдамдық ә) масса б) жол в) орынауыстыру
3. 1кг неше граммға сәйкес келеді ?
а) 0,001 ә) 10000 б) 1000 в) 0,01
4. Дененің массасын анықтауға арналған құрал.
а) термометр ә) спидометр б) сызғыш в) таразы
5. Қозғалмай тұрған массасы 30 кг үрмелі қайықтан массасы 45 кг бала жағаға
секірді. Қайық 1,5 м/с жылдамдыққа ие болды. Баланың жылдамдығы қандай?
а) 2 м/с ә) 4 м/с б) 1м/с в) 3 м/с

ІІ нұсқа

1. Масса деп ….
а) Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама
ә) Денелердің Жерге тартылу күші
б) Дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күші
в) Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін
анықтайтын физикалық шама.
2. Халықаралық бірліктер жүйесінде массаның өлшем бірлігі.
а) кг ә) г б) м в) т
3. 1,45т берілген мәнді килограммен өрнекте.
а) 1450 кг ә) 145кг б) 0,145кг в)
145000кг
4. Килограммның Халық аралық үлгісі қай қалада сақтаулы ?
а) Париж ә) Лондон б) Севр в) дұрыс жауап
жоқ.
5. Өзара әсерлесу кезінде арбашалардың жылдамдықтары v1 =20 м/с, v2 =60
м/с болып өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы
неге тең?
а) 0,4 кг ә) 0,2 кг б) 0,06кг в) 0,02 кг

VІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылар жұмыстарын тексеріп, бағалау.

Жіберген қателіктерін түсіндіру.

VIІ. Үйге тапсырма:

§30, 31. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.

№ 10-11 жаттығу есептері.

Эксперименттік тапсырма: 12 тапсырма.

№146 жалпы білім беретін мектебі
Пән мұғалімі: Сайдахметова Светлана Масимовна

7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: § 32 Заттың тығыздығы.

Сабақтың мақсаты: 1.Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан
жасалғанына байланысты болатынын түсіндіру.
«Тығыздық» ұғымының физикалық мағынасын ашу.

2. Танымдық қабілетін, логикалық
ойлау қабілетін дамыту.Теориялық білімін
практикада қолдана білуге үйрету.

3.Ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Өтілу әдісі: Сұрақ-жауап ,баяндау.

Сабақ көрнекілігі: Буклет «тығыздықтар кестесі»,3 стакан ,су,сүт ,
күнбағыс майы ,таразы ,кірлер, ағаш білеушелер,
сызғыш ,т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:(2 мин)

Сынып оқушыларын түгелдеп ,олардың
назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:(5-6 мин)

а) Дененің массасы деп нені айтады(

ә) Массаның ХБЖ-дегі негізгі бірлігі(

б) Тағы қандай еселік бірліктерін
білесіңдер(

в) 1т ( ( кг

г) 1г ( ( кг

д) 1мг ( ( кг

е) массаны қандай құралмен өлшейді(

ж) өлшеу алдында таразы табақшалары
қандай күйде болуы керек(

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:(10мин)

Енді, осы дененің массасымен
қатар физикада
заттың тығыздығы
деген ұғым да енгізіледі.

а) Жалпы «тығыздық» дегенді сендер
қалай түсінесіңдер(

ә) Біз табиғаттағы барлық заттарды
неше күйге бөлдік(

б) Олардың бір-бірінен айырмашылығы
неде(

в)Яғни, қатты, сұйық және газды
алатын болсақ, олардағы молекулалардың орналасуы
әр түрлі. Олай болса, бірлік көлемге келетін
заттың массасы әр түрлі, яғни тығыздығы әр түрлі.

Сонымен, заттың тығыздығы дегеніміз сол заттың көлем бірлігіндегі массасына
тең физикалық шама:

әрпімен белгіленеді.

(1) m ( v (2) v (
(3)

Х.Б.Ж-дегі өлшем бірлігі: ((( ─ 1

Еселік бірліктері:

1 (

1 (

1 ( (

Олай болса, 1 ( 1

Қосымшадағы 6-7-8 кестелерде кейбір заттардың тығыздықтары берілген.

Қатты денелердің ішіндегі тығыздығы ең көбі қайсысы екен( (платина)

Ал сұйықтардың ішіндегі ең тығыздығы көбі ше((сынап)

IV.Енді балалар осы кестелерді пайдаланып есеп шығарып көрейік: (10 мин)

1)Шойын шардың көлемі 125 ,ал массасы 800 г болса, ол тұтас жасалған
ба, әлде іші қуыс па( (шойынның тығыздығы 7000 )

Берілгені: талдау шешуі

V= 125 ( = ( = = 6,4 = 6400

m= 800 г ((

= 7000 Олай болса, шардың іші қуыс.

( ─(

2) Өлшемдері 1м * 0,8м * 0,1м мәрмәр тасының массасын анықтаңдар.

Берілгені:

V= 0,08 талдау шешуі

m= 800 г m = ( * V m = 2700 * 0,08 =216 кг.

(= 2700

m ─(

3) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы
керек(

Берілгені:

m =50т= 50000кг талдау шешуі

( = 800 V = m = = 62,5

V ─(

V. Эксперименттік тапсырма (3-4 мин)

Әр қатарға көлемдері бірдей 200 стаканға толтыра құйылған

1-қатарға су,

2-қатарға сүт,

3-қатарға күнбағыс майы беріледі.

Өздеріңе берілген заттың массасын анықтаңдар.

VI. №3 зертханалық жұмыс(7-8 мин)

«Ағаш білеушенің массасын және тығыздығын анықтау»

Әр партаға таразы кірлерімен қойылған және бір-бір ағаш білеуше таратылып
беріледі.Оқушылар өздері орындап, нәтижесін кестеге толтыруы тиіс.

VII. Сабақты қорытындылау (3-4 мин)

Оқушылар жұмыстарын тексеріп, бағалау.

Жіберген қателіктерін түсіндіру.

VIII. Үйге тапсырма:(1-2 мин)

§32 Заттың тығыздығы.

№12-жаттығу есептері.

Эксперименттік тапсырма: «Өз бөлмеңдегі ауаның массасын есепте».

Ұқсас жұмыстар
Масса және заттың тығыздығы
Жүктер жиыны
Денелердің өзара әрекеттесуі Масса және денелердің массасын өлшеу
Энергия туралы
Тақырып Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің
Дененің салмағы
Динамика негіздері тарауына есептер шығару
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергия
Пәндер