Бұйрық қандай құжат

Алғы сөз
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының жүргізілуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында” тіл саясатын іске асырудың негізгі төрт бағыты айқындалған. Соның бірі - ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең - кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды.
Осыған орай 10-шы бағдарлы сыныпқа таңдаулы курс ретінде аптасына бір рет”Іс қағаздары” курсын енгіздік. Аталған курсты жүргізу жұмысына арнайы күнтізбелік жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес осы оқу құралы шығарылып отыр.
Бұл оқу құралында алдымен әр іс қағаздың түріне жүйелі түрде теориялық түсініктеме беріліп, оған қоса іс қағазын толтыру үлгісімен, оқушылардың білім деңгейін бақылауға арналған нәтиже сабақтар енгізілген. Бұл оқу құралының оқушыларға іс қағаздарын сауатты толтырумен қатар іс қағаздарын жүргізу жұмысын игеріп алуына, мұғалімнің сабақ жоспарлауына өте тиімді құрал екендігі анық.
Құрал мемлекетіміздің болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Мақсаты: Сөйлеу тілін дамыту; іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету.
Міндеті: Іс қағаздардың қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру; іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту; іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
« Іс қағаздары» курсының күнтізбелік жоспары
10 - сынып
I жартыжылдық
Дәрістер
02. 10. 07.
09. 10. 07.
Практикалық сабақтар
16. 10. 07.
23. 10. 07.
30. 10. 07.
13. 11. 07.
27. 11. 07.
04. 12. 07.
11. 12. 07.
18. 12. 07.
Дәрістер
Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орналасу заңдылығы.
( инверсия)
22. 01. 08.
29. 01. 08.
05. 02. 08.
12. 02. 08.
19. 02. 08.
26. 02. 08.
Практикалық сабақтар
05. 03. 08.
12. 03. 08.
02. 04. 08.
09. 04. 08.
16. 04. 08.
23. 04. 08.
07. 05. 08.
14. 05. 08.
Өмірбаян
Өмірбаян - автордың өзі туралы жазатын құжаты. Оның типті формуляры болмағанмен, кейбір бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады.
Құрылымы:
- Құжаттың аты;
- Автордың аты - жөні, фамилиясы;
- Туған күні, ай, жылы;
- Ата -анасы туралы мәлімет / А. Ж. Ф., жұмыс орны/;
- Білімі және білім бойынша мамандығы;
- Атқарған қызмет түрлері;
- Қошеметтеу белгілері;
- Қоғамдық жұмыстарға қатысу;
- Отбасының жағдайы және құрамы;
- Мекен - жайы және телефоны;
- Жазған мезгілі / күні, айы, жылы/;
- Жеке қолы.
Өмірбаян.
Мен, Қайырханова Сания Рымбековна, 1970 жылдың, 10 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында тудым.
Әкем Қайырханов Рысбек Рақымғалиұлы - адвокат, шешем Рымгүл Хайроллақызы - зейнеткер.
1977 жылы Аягөз қаласының №3 орта мектебінің бірінші сыныбына оқуға бардым. Мектепті 1986 жылы бітірдім.
1986 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түстім.
1992 жылы аталған институтты бітірдім. Осы жылдан бастап Семей қаласының №10 орта мектебінде мұғалім болып қызмет етіп келемін.
Тұрмыстамын. Жұбайым - Әсет Болатханұлы. “Астана құрылыс” мекемесінде прораб болып жұмыс істейді.
Екі балам бар.
Мекен - жайым: Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 22- үй, 36- пәтер. Т. 562-462
07. 09. 06ж. қолы / Қайырханова С. Р. /
- тапсырма. Әкең туралы мәліметтерді толтыр.
Аты - жөні
Ұлты
Туған жылы, күні айы
Туған жері
Отбасыжағдайы
Білімі
Бітірген оқу орны
Мамандығы
Жұмыс орындары, қызметі
Тілдік дағдылары
Қосымша мәліметтер
- Әкеңнің өмірбаяны туралы айт.
Өтініш
Өтініш - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек - өтінішті білдіретін құжат.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты:
- басшысының қызметі, атағы;
- өтініш иесінің аты - жөні, мекен - жайы, телефоны;
- құжаттың аты;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
Семей қаласының
№30 орта мектебінің директоры
Н. П. Зайцеваға
Өтепбаев көш. 12-үйдің тұрғыны
Д. Қ. Әлиасқаровтан
Т. 34 -35 - 64
Өтініш
Менің балам, Әлиасқарова Дананы, бірінші сыныпқа қабылдауыңызды сұраймын.
12. 08. 06ж қолы /Д. Қ. Әлиасқаров/
Семей қаласының
№30 орта мектебінің директоры
Н. П. Зайцеваға
Әуезов даңғ., 24 -үйдің тұрғыны
Т. П. Семеновадан
Т. 42 -42- 19
Өтініш
Мені №30 орта мектепке орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі ретінде қызметке қабылдауыңызды өтінімін.
Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырамын:
- Жоғары білім туралы диплом;
- Төлқұжаттың көшірмесі;
- Өмірбаян;
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс - қағазы;
- Медициналық кітапша.
25. 08. 06ж қолы / Т. П. Семенова/
- тапсырма
Өтініш құрылымы қандай бөліктерден тұрады?. Сызбаны толтыр.
Арыз
Арыз - мекеме басшысының атына белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын іс - қағаздың бір түрі.
Құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшысының қызметі, атағы, аты - жөні;
- құжаттың аты;
- мазмұны
- қосымша болса, оған сілтеме;
- жазылу мерзімі;
- қолы, арызданушының аты- жөні, кейде мекен - жайы.
№30 орта мектебінің
І ауысымның оқу- ісінің меңгерушісі
Е. Ю. Ставскаяға
Арыз.
Сізге арыз беру себебім, 6”А” сыныбының сабақта тәртіптерінің нашарлығы. Соның нәтижесінде білім сапасының төмендігі. Айтылғандарды ескеріп, шара қолдануыңызды сұраймын.
24. 12. 06ж қазақ тілі пәнінің мұғалімі
С. Р. Қамбекова.
- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Арыз кімнің атына жазылады?
- Қандай жағдайларда жазылады?
- Арыздың құрылымы қандай?Мектеп асханасына байланысты арыз жаз.
Түсініктеме
Түсініктеме - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір келеңсіз жағдайға байланысты түсінік берілетін құжат.
Құрылымы:
- мекеменің аты;
- мекеме басшысының лауазымы, аты - жөні;
- құжаттың аты;
- мазмұны;
- жазылу мерзімі, қолы;
- түсінік берушінің қызметі, аты -жөні.
№30 орта мектебінің
І ауысымның оқу ісінің меңгерушісі
Е. Ю. Ставскаяға
Түсініктеме
Менің 20 қарашада сабақта болмау себебі, дәрігердің қабылдауында болдым. Дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын.
20. 11. 06. ж қолы 10”Б”сынып оқушысы
Арынов Айдар
№ 30 орта мектебінің
І ауысымның оқу ісінің меңгерушісі
А. С. Қалиеваға
Түсініктеме
5»Б» сыныбында бақылау жұмысының болмауы туралы.
12. 02. 07. ж І ауысымда қазақ тілі пәніне топтағы 12 оқушының алтауы ғана келді. Соның салдарынан бақылау жұмысын ауыстыруға тура келді.
12. 02. 07ж қолы А. Т. Асанова
Сенімхат
Сенімхат - белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқығын екінші бір адамға берілгенін жазбаша түрде растайтын құжат.
Құрылымы:
- құжат аты;
- жазылған жері мен уақыты;
- сенімхат берушінің және алушының фамилиясы, аты- жөні, мекен - жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;
- ұйым мөрі басылған, растайтын жазба.
Сенімхат
Семей қаласы 02. 06. 06ж
Мен, Әбішева Айғаным Серікқызы, Қайдарова Ләззат Саматқызына/ Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 21-үй, 41- пәтер, жеке куәлік № 000776897 10. 03. 94ж ҚР ІІМ берген/ менің №30 орта мектебінен мамыр айындағы еңбекақымды алуына сенім білдіремін.
Қолы А. С. Әбішева.
А. С. Әбішеваның қолын растаймын:
№30 орта мектептің директоры: қолы Н. П. Зайцева.
МӨР
02. 06. 06ж
1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сенімхат қандай құжат?
2. Сенімхаттың неше түрі болады?
3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?
4. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?
6. Сенімхат қайда куәландырылады?
7. Сенімхаттың құрылымы қандай?
2- тапсырма Сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.
Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхатқа қол қою, сенімхаттан бас тарту, өкілетті етемін.
Қолхат
Қолхат - белгілі бір іс - әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша, не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
Құрылымы :
- құжаттың аты;
- қолхат беретін адамның қызметі, аты - жөні, фамилиясы;
- ақша немесе құнды заттардың аты мен құны;
- уақыты мен қолхат берушінің қолы.
Қолхат
Мен, 10 “А” сынып оқушысы Асанов Тимур, мектептің бас бухгалтері В. В. Некрасовадан бір күнге 200теңге/екі жүз теңге/ қарызға алдым.
02. 10. 06ж қолы Т. Асанов.
1-тапсырма. Жағдаяттар бойынша қолхат жаз.
- Қарызға ақша алу
- Мекемеден уақытша еңбек кітапшасын алу
Түйіндеме / Резюме/
Түйіндеме - талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.
Құрылымы:
- құжат аты;
- талапкер туралы мәлімет/ аты - жөні, фамилиясы, туған күні мен жылы, туған жері/
- мекен - жайы; телефоны;
- автордың үміттеніп отырған ваканциясы;
- үміткердің жұмыс орны, оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы;
- қоғамдық, кәсіптік т. б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
- кейбір қосымша мәлімет / шет тілдері, түрлі курстар, шетел сапарлары т. б. /;
- ғылыми дәрежесі;
- үміттенген ваканцияға қатысты жеке бастың кейбір қасиеттері, икемдігі;
- қосымша ақпарат;
- кепілдеме;
- мерзімі;
- қолы.
1 тапсырма Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
Түйіндеме
Қайдарова Қарлығаш Бақытбекқызы
1970жылы 20 наурызда Семей қаласында тудым.
Мекен - жайым : Семей қаласы, 15 ықшамауданы 52-үй, 40- пәтер.
Үй телефоны : 34 -54 - 12
Жұмыс телефоны : 52 - 45 - 65
Мамандығым : дәрігер
Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері, дәрігер.
Білімі мен қызметі туралы мәлімет : Семей мемлекеттік академиясының студенті 1981-1987ж.
№9 емхананың дәрігері 1987-1995ж
Балалық аурахананың бас дәрігері 1996-2006ж
Негізгі мәліметтер : Тұмау аурулары және оны емдеу жолдары мәселесімен айналасып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ресейде өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасадым.
Қосымша мәліметтер : Ана тілім - қазақ тілі. Ағылшын, орыс, неміс тілдерін жақсы білемін. Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар.
Кепілеме туралы мәлімет : Семей қаласының денсаулық бөлімінің меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.
17. 02. 07ж қолы Қ. Б. Қайдарова.
2-тапсырма. Сөз тіркестерін аудар.
Түйіндеме толтыру, азаматтығы туралы, тілдік дағдылары, жұмыс тәжірибесі, нарық заманы, қысқа әрі нұсқа, жұмысқа орналасу, компьтерлік сауаттылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылым дәрежесі, отбасы жағдайы, еркін сөйлеу, жеке қасиеттері, қосымша ақпарат.
Мінездеме
Мінездеме - белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат.
Құрылымы:
- тақырыбы;
- мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
- негізгі мәтін
- қорытынды;
- мінездемені талап етуші ұйымның аты;
- мінездеме жазылған дата;
- мінездеме берушінің қызметі, аты - жөні, қолы.
Мінездеме
Семей қаласының «№30жалпы білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесінің
9»Б»сынып оқушысы Асқаров Арлан Қалибекұлына.
1990 жылы 15 ақпанда туған.
Асқаров Арлан Қалибекұлы 1985 жылдан бастап №30 орта мектепте оқиды. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми - зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.
Асқаров А. Қ мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары бар.
Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.
Мінездеме әскери комиссариаттан өту үшін берілді.
17. 12. 06ж Мектеп директоры қолы Н. П. Зайцева
мөр
Сынып жетекшісі қолы С. Р. Қайырбаева.
1- тапсырма. Досыңа мінездеме жаз.
Визит карточкалары.
Визит карточкалары - іскер адамдардың қарым - қатынас жасауына арналған іскерлік құжат.
Құрылымы:
- аты - жөні, фамилиясы;
- қызметі;
- ғылыми дәрежесі;
- мекен - жайы;
- үй телефоны;
- жұмыс орнының толық адресі;
- жұмыс телефоны, факсы.
Стандарт көлемі: 50:90мм. Міндетті түрде қатты қағазда жасалады.
Дүние жүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа қатысты жағдайда қолданылатын, визит карточкалар арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескерте кеткен жөн.
“Pf” - құттықтау мағынасын береді
“Pr” - алғыс айту, рақмет айту, ризашылық білдіру мағынасын береді
“Р. С. ”- көңіл айту мағынасын береді
“Р. р. ”- ескі әріптесіңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс, кепілдеме хат орнында қолдану
“Р. р. с. ”- қоштасу мағынасын береді.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік, іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Өмірдің барлық жағдайына жарамды.
1-тапсырма. Өзіңнің ата- анаңа визит карточка жаса.
Телефонхат
Телефонхат қызметтік іс қағаздарына жатады. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы керек. Телефонхат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды. Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.
Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы журналы болуы керек. Телефонхатты жіберуші қызметкер мәтінді ”телефонхат журналында” жазылған мәтінмен салыстыра отырып тексеруге, дұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті.
Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға телефонхаттың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек.
Телефонхат - телефон арқылы жеткізілетін жедел сипаттағы ақпарат.
Құрылымы:
- құжат аты, жіберілген мерзімі, №;
- алушының аты- жөні;
- негізгі мәтін;
- жіберушінің аты - жөні, телефон№;
- қабылданған мерзімі;
- қабылдаған адамның аты - жөні.
Телефонхат.
16. 02. 07. № 14
Тәрбие ісінің меңгерушісіне.
Ертең 17. 02. 07ж сағат 15. 00-де №5 мектепте тәрбие ісінің меңгерушілеріне арналған семинар өтеді.
Қол қойған: Білім бөлімінің бастығы.
Жіберген: Хатшы Ғ. Бейсенова.
16. 02. 07. күні, сағат 15. 35-те қабылдап алған А. Мирсаитова.
Телефонхаттарды тіркеу журналы
қабылдаушының
аты-жөні
жіберушінің
аты-жөні
- тапсырма
Қателерін түзе
Телефонхат
12. 05. 07 №45
Мектеп басшыларына.
15. 05. 07 күні сағат 09. 00-де Жастар сарайында “Жыл мұғалімі” сайысының мараппатау рәсімі болады.
Телефонхат
14. 05. 07. №74
11- сынып оқушыларына.
Ертең Шәкәрім атындағы Университетте ҰБТ-ке енген өзгерістер жайлы жиналыс өтеді.
Қол қойған:ҰБТ хатшысы Есенов А. С.
Жіберген: ЕсеновА. С.
14. 05. 07. күні сағат 12. 45-те қабылдап алған хатшы Хауанова. Н.
Бұйрық
Бұйрық - жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар. Бұйрықтың мынандай реквизиттері бар: елтаңба, мекеменің аты, құжат аты, жазылған күні, ороны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші (констатациялық) және жарлық, Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлігінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық рай ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т. б. ) және бұйрықты орындаушыны (лауазымы адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.
Құрылымы:
-бланк штампының реквизиттері;
-құжат аты;
-күні, нөмірі;
-шыққан жері;
-мәтін тақырыбы;
-бақылау туралы белгі;
-қолы;
-виза:
-құжаттың орындалғаны туралы белгі.
"№30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ
15. 01. 2007. №03-16 /72
Семей қаласы
Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызын жұмысқа қабылдау туралы
Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызы математика пәні мұғалімі қызметiне аптасына 18 сағаттық жүктемемен «15» наурыз 2007ж . бастап, ЖЕШ-на сәйкес жұмысқа қабылдансын.
Негіздеме: Қ. С. Байжұманованың өтініші.
Директор қолы Сүлейменов Б. Ш.
Бұрыштама белгі
Бұйрықпен таныстым қолы
"№30 жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі
БҰЙРЫҚ
15. 01. 2007. №03-16 /72
Семей қаласы
Байжұманова Қарлығаш Сәкенқызына
2007 жылдың «03» қаңтарынан «03» ақпанына дейін 26 жұмыс күнiне жалақысы сақталмайтын демалыс берілсін.
Негіздеме: Қ. С. Байжұманованың өтініші.
Директор қолы Сүлейменов Б. Ш.
- тапсырма. Бұйрықтың трафареттік формасын құр.
- Тапсырма. Сұрақтарға жауап. Бұйрық қандай құжат?Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталған?Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?Бұйрықтың бірінші және екінші бөліктері қалай аталады?Бұйрықтарда етістік қандай грамматикалық формада беріледі?
Бұйрықтан кӨшірме
Бұйрықтан көшірме - құжаттың түпнұсқасының бір бөлімінің дәлме -дәл көшірілуі.
Құрылымы:
- мекеменің аты;
- құжаттың аты; айы, күні, нөмірі;
- құрастырылған жері;
- мәтін тақырыбы;
- қолы;
- расталған туралы белгі.
« №126 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Бұйрықтан кӨшірме
Бұйрықтан көшірме
01. 09. 07. №1
Семей қаласы.
Оқушылардың білім сапасын көтеру туралы.
Оқушылардың білім сапасын көтеру және оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында
бұйырамын:
- Жыл бойы әрбір пән бойынша мектеп ішінде олимпиадалар мен байқаулар өткізілсін.
Мектеп директоры: С. Т. Құсайынов
Дұрыс: хатшы қолы Т. Қ. Ержанова
07. 09. 07ж
1-3/92- іске С. Д. Сейітова
1- тапсырма. Берілген бұйрықтың көшірмесін жаз.
« Сәулетай» ЖШС
№46 БҰЙРЫҚ 14. 05. 08ж
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Өндірістік қажеттілікке байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
- Тіркеу бөлімінде есепші қызметі қысқартылсын.
- Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде экономист енгізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары Ә. Әлиевке жүктелсін.
« Сәулетай» ЖШС-ның директоры Қ. Қалиева
Хаттама
Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Қысқа хаттамаларда ( оның мәтінінде ) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді.
Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі.
Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі) ; мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса) ; тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы ) ; мәтін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz