7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Волейбол - допты астынан қабылдау және беру тәсілдері

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың тақырыбы : Волейбол. Допты астынан қабылдау және беру тәсілдері
Білімділігі : Волоейбодағы ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті шыңдау.
Дамытушылығы : Ептілік, икемділік, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: волейбол добы, ысқырық.
Ұйымдастыру әдісі: топтық
Сабақ барысы:
Кіріспе дайындық бөлімі /10-12 минут/
Сыныпты қабылдап алу.
Сапқа тұрғызу.
Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу.
Сабақ алдында оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, аяқтың сыртымен және ішімен жүру.
- Жылдам жүгіру
- Екі қолды белге қойып, аяқты алға түзу тастап жүгіру.
- Екі қол белге қойып, жартылай отырып жүру.
- Сапта баяу жүріп, бастапқы қалыпқа келу жаттығуларын /демді ішке алу, шығару/ жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың спорт киіміне, тәртібіне бұйрықтың орындалуына назар аудару. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау
Негізгі бөлім /20-25 минут/
Волейбол ойынының ережесімен таныстыру.
Ойыншылардың ойын алаңында тұру тәртібі
![]()
Бір ойын тобы 6 ойыншыдан құралады.
Ойынды үйрет
1 тәсіл
Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату.
![]()
2 тәсіл
Еденге жақын келген допты астынан алу
![]()
3 тәсіл
Допты астынан қабылдау артқа беру
![]()
4 тәсіл
Қауіпті жағдайлардағы допты астынан алу
![]()
5 тәсіл
Допты астынан қабылдап, жанға қарай айналып кету
![]()
Қорытынды бөлім /5 минут/
- Оқушыларды сапқа тұрғызу
- Сабақты қорытындылау
- Оқушыларды бағалау
- Үйге тапсырма беру
Пән мұғалімі: Сауданбекова Ж. Б
Әуезов ауданы
Қожа Ахмет Яссауи атындағы
№123 мектеп гимназиясы
![]()
Ашық сабақ
Тақырыбы : «Волейбол.
Допты қабылдау және беру тәсілдері»
7 сынып
Пән мұғалімі: Сауданбекова Ж.
Алматы 2011
Ойыншылардың тұрысы
![]()