Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Сабақтың тақырыбы: Жол және орын ауыстыру.
Бірқалыпты және бірқалыпты
емес қозғалыстар
Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі оқушыларға механикалық қозғалыстар, жол
және орын ауыстыру туралы терең мағлұмат беру,
бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс- тардың
негізгі шарттарын түсіндіру.
ә) дамытушылығы: танымдық деңгейлерін кеңейту, жол және орын
ауыстыру шамаларын ажырата білуге дағдылан-
дыру, ойлау қабілеттерін дамыту
б) тәрбиелілігі : оқушыларды білімділікке,ізденімпаздыққа,
ұйым-
шылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың әдісі: ауызша баянлау, көрнекілік, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тест
тапсырмалары
Әдебиеттер: Физика – 7

Сабақтың құрылысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Механикалық қозғалыс деп нені айтады?
Санақ жүйесі дегеніміз не ?
Материялық нүкте дегеніміз не ?
Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз ?
Қозғалыс түрлерін қалай ажыратуға болады ?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жол және орын ауыстыру.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті

Ағаштар тербеледі
Теңіз бетіндегі су толқиды
Кеңістіктегі денелер қозғалады
Аспан әлеміндегі планеталар Күнді айналады
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның
ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен
белгілеу келісілген.
Қозғалыстағы дене әрқашанда белгілі бір бағытта қозғалады. Мысалы,
дененің бастапқы орны А нүктесі болсын.Осы дененің белгілі бір
уақыттан кейінгі В жаңа орнын В нүктесін табу үшін , оның бастапқы
орнын соңғы орнымен қостаын кесіндінің бағытын білу керек.
Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесінді
дененің орын ауыстыруы болып табылады. Орын ауыстыруды ℓ әрпімен
белгілейді және ол бастапқы нүктеден соңғы нүктеге қарай бағытталған
болып есептеледі.
Дененің (немесе материялық нүктенің) орын ауыстыру деп дененің
бастапқы орнын оның соңғы орнымен қосатын бағытталған кесіндіні
атайды
Дененің орын ауыстыруы мен қозғалыс траекториясын ажырата білу керек.
Қозғалыс траекториясы мен орын ауыстыру бір-бірімен дәл келмеуі
мүмкін.
Сонымен дененің кез-келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның
бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын
білу керек.
Дене бірдей тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай
қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта сирек кездеседі. Қозғалыстың
көпшілігі бірқалыпты болмайды.Мысалы, поезд орнынан қозғала бастағанда
өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзағырақ жол жүреді.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай
қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай
тәжірибе жасауға болады. Кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш
орнатылған.Тамызғыштан өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су
тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың
ара қашықтықтары бірдей.Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында
ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бір қалыпты қозғалады.
Тамызғышты кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені
қайталайық.Бұл жағдайда да тамшылар бірдей қашықтыққа түседі.
Демек, өзара тең уақыт аралығында арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді,
яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын
бақылайық.Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың
іздерінен арбашаның қозғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар
бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар
іздерінің ара қашықтықтары бірдей емес. Демек, бұл жағдайда арбаша
бірқалыпты емес қозғалады.

Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:

1. Бірқалыпты қозғалысқа анықтама беріңдер.
2. Бірқалыпты емес қозғалыстың бірқалыпты қозғалыстан айырмашылығы
қандай ?
3. Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде ?
4. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15
км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма,әлде
жолдың ұзындығы ма ?
5. Автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл
нені білдіреді:автомобильдің жүрген жолы ма,әлде орын ауыстыру
ма ?
6. Дененің бастапқы орны мен оның жүріп өткен жолының ұзындығы
белгілі болса,дененің соңғы орнын табуға бола ма?

Деңгейлік тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс

Тест тапсырмаларын орындау

Үйге тапсырма : § 24,25

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. жылдамдық. жылдамдық бірліктері
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс
Бір қалыпты қозғалыс
Өзара топпен бағалау
Үшөлшемді әдістемелік жүйенің физика сабақтарындағы тиімділігі . TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар
Тапсырма түрі
Жарық энергиясы
Сынақ сабағы
Арқан тартыс
Пәндер