Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қарсы құрақ

- 1 -
Сабақтың тақырыбы: Құрақ түрлерінің үлгілерін жасау, тігілу
технологиясы.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Халқымыздың ежелгі дәстүр Салтына
лайықты оқушы қыздардың бойына

шеберлік пен әсемдік
сезімдерін дарыту.

Сабақтың білімділік Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің
мақсаты: ерекшелігімен құрақ бөліктерін дұрыс

орналастыру реттілігін
және өңдеу
технологиясын үйрету.

Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы оқушылардың түсінігін

арттыру. Қазақ
қолөнеріндегі құрақтың
шығу тарихына тоқталу.
Тұтыну
заттарында немесе
бұйымдарында
қалай пайдалану керектігін
үйрету.
Құрақ түрлерін тігуді
меңгерту.
Сабақтың дамытушылық
мақсаты: Оқушы қыздардың ой-өрісін, құрақ
үлгілерін
талғампаздылықпен таңдай
білуіне бағыт беру.

Сабақтың көрнекілігі: а) Оқушылар үшін: Еңбек формасы, еңбек
дәптері, еңбек құралдары,
мата
қиындылары, түрлі-түсті
қағаз, қалам,
сызғыш.
ә) Мұғалім үшін: Еңбек формасы,
мата
қиындылары, түрлі-түсті
қағаз, құрақ
түрлері, қағаздың қиылған
үлгілер,
құрақ суреттер, буклет,
тігін машинасы,
кітаптар: «Қазақ қолөнері» -

Ш.Абдуалиеваның кітабы.
Бағалау
тақтасы, дөңгелек – «5»,
төртбұрыш
«4», үшбұрыш – «3», және т.б
тест
Сұрақтары, перфокарта,
карточкалар.

Пән аралық байланыс: Геометрия, сызу, математика,
дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың әдісі: а) К Т Ж әдісі .
ә) Практикалық жұмыс

- 2 -
Сабақтың барысы: Оқушыларды түгелдеу, топ бойына
отырғызу, керекті
заттарын тексеру.
Өткен сабақты еске
түсіру, өткен
сабақты оқушылармен
бірлесе отырып
сқрақ-жауап арқылы
қорыту.

Жаңа сабақ: а) Оқушыларды жаңа сабақтың
тақырыбымен таныстырып,
тақтаға
жазып қою, өмірмен
байланыстыра
түсіндіру:
ә) Кіріспе.
Қазақ халқының қол өнерінде ең көп тараған түрі құрақ. Кезінде
оны әрбір ана-әжелеріміз бірден пішіп, қырқып құрастыра берген. Құрақ сан
түрлі қиындылардан құрастырылады. Құрақтың ерекшілігі сол, ол негізінен
мата қиындыларынан, геометриялық фигаралар үлгісінен құрастырылып,
тігіледі. Сонымен бірге құрақты тігуде ана-әжелеріміз аспан әлеміне
байланыстыра отырып, қиялдан тіккен. Онда мысалы: айшық құрақ, жұлдыз
құрақ, қасиетті тұмаршаларға байланыстыпа отырып, тұмарша құрағын құраған.
Кейде оны «Тырна қатар» деп те атаған.
Тырна қатар құрағында аспан әлеміндегі тырналар бір ізбен бірінен соң бірі
ұяға жиналып кететіндегі сөз етіледі. Сонымен қатар «Қайшы құрақ» және т.б
Ботакөз құрақтардың аты бар. Тұрмысты құрақты екі түрлі жағдайда
қолданылады. Біріншісі – жастық құрақ, екіншісі көрпеше құрақ. Жастық
құрақтың мынадай түрлері бар: тырна қатар, қаттама құрақ, қайшы құрақ,
ботакөз құрақ және т.б
Құраққа пайдаланылатын маталар, жұқа-қалыңдығына қарай
бірыңғай іріктелініп алынады. Егер құрақ қалың маталардан тігіліп, арасында
жұқа мата пайдаланылатын болса, онда ол құрақтар созылмау үшін астарланып
тігіледі. Құрақ тігуге арналған маталар, негізінен бір түсті болып келеді.

1. «Түрлі – түсті қағаздан құрақ үлгісін жасау» «Кім шебер?» ойынын ойнату.
2. Музыкалық сәлем. ( Оқушылар топ мүшелерімен орындау). Асық алу арқылы
берілген тапсырманы орындау немесе бағалау. Топ мүшелерімен «Кім тапқыр»
ойынын өткізу.

- 5 -

Тігінен:
«Құрақ түрлерінің атаулары»

Шешуі:

1. Қаттама.
2. Жұлдыз.
3. Тұмарша.
4. Алма.
5. Айшық.

Практикалық сабақ өткізу: Практикалық сабақта үлгі әзірлеу, мата
қиындыларынан құрақ үлгісін қию, тігілу жолдарын, тігу жұмыстарын орындау.
( Магнитафонның жұмыс істеу қазақ әндерін тыңдату).

Қорытынды сабақ: жаңа сабақ қорыта келіп, оқушылардың түсінбеген жерлеріне
қайта түсініктеме беру. Оқушылардың білімдерін жұмыстарын бағалау,
кемшілігін дер кезінде түзеуге ықпал жасау. Жақсы оқушыларды, алдыңғы
қатарлы топты атап өту. Бағалау барысында дөңгелек «5» үшбұрыш – «4».

Үйге тапсырма беру: Сабақтың орнын жинастыру. Келесі сабаққа байланысты
ескертпе, ұсыныс

- 3 -
Құрақ құрау

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді
1. Пішілген қиымды маталарда іске асыру:
2. Құрақ жастық, құрақ көрпеше тігіп, үйдің сәнін кіргізу.
Құрақ бірнеше түрге бөлінеді:
- Шатыр құрақ.
- Бота көз құрақ.
- Тырна құрақ.
- Қарсы құрақ.
- Саты құрақ.
- Ши құрақ
- Қайшы құрақ.
- Махмат құрақ.
- Жұлдыз құрақ.
- Оюлы құрақ.

Шатыр құрақ

Шатыр құрақты тігу үшін:
Матаның қиындысынан алтын дана немесе сегіз дана етіп
ромба тәрізді қиық формалар пішіледі.
- Бірінші нөмірлі ромбы екіншіге тігіледі.
- Тігістірілген бірінші нөмірлі және екіншіге үшінші тігістіріледі.
Екі-үш бұрышты төрт бұрышты қиындыларды алып, қарама-
қарсы бұрыштарға, тігістіру керек. Дөңгелек формадағы шатыр құрақ осылай
жасалады.
Енді сегіз қанатты шатыр құрақтың жасалу жолына назар салыңыздар.
1. Дайындалып пішілген сегіз ромбы тәрізді қиындыны қарама –
қарсы түсті екеуін бір – біріне тігістірсең, алдымен бірге екіні, соңынан
үшке тігістіріледі де, келесі төртіншіге тігістіріледі.
2. Дайындалып пішілген сегіз ромбы тәрізді қиындыны
қарама – қарсы түсті екеуін бір – біріне тігістірсең, алдымен бірге екіні,
соңынан үшке тігістіріледі де, келесі төртіншіге тігістіріледі.
3. Енді келесі төрттік бір-біріне тігістіріледі де екі төрттік бір
біріне тігістіріледі.
4. Төрт үш бұрыш, төрт төрт бұрыш әр түсті матадан қиылып, пішіледі
де, қарама- қарсы үш бұрыш пен қарама – қарсы төрт бұрышқа тігістіріледі.
Одан соң айнала төңірегіне өз қалауына басқа түсті матамен көмкеріледі.
Осымен шатыр құрақтың түрі бітеді жасау.

- 4 -
Ботакөз құрақ

1. Бір төрт бұрыш және басқа түсті матадан төрт үш бұрыш пішіледі.
2. Төрт бұрыштың қарама – қарсы бұрыштарына үш бұрыштар тігіледі.
3. Әркім өз қалауынша шеттік тігеді.
Осымен ботакөз құрақ бітеді.

Құрақ түрлері.

Сәрсенова Жанар Абілханқызы 1990 жылдан бері Алпамыс батыр атындағы №40
көп салалы мектеп-гимназиясында еңбек пәнінен білім беріп келеді. Сапалы
білім саналы тәрбие беру нәтижесінде мақтау қағаздарымен марапатталған.
Ұлттымыздың ғасырлар бойы жинақтап келе жатқан тарихын, мәдениетін, салт-
дәстүрін, ұлттық өнерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, келешек ұрпақтарға
көрсету туралы ашық сабақтар өткізді. Мектептегі ғылыми машықтану
конференциясында мақтау қағазымен марапатталды. Салт – дәстүрге «Қазақ
халқының өмірінде ораза – айт мейрамдарының маңызы» атты ашық сабақтары өте
қызықты, ірі терең мағыналы тәрбиелік мәні бар сабақ болды.
Жанар мектепішілік конференцияда жас мамандарға әр түрлі
тақырыпта баяндама жасады. Осы жылдар ішінде Сәрсенова Жанар өзінің
шеберлігімен, ізденімпаздығымен өз жұмысын тиянақты атқаратын
жауапкершілігі мол ұстаз екендігін дәлелдей білді. Балаларға терең, сапалы
білім мен өнегелі тәрбие беру мақсатында аянбай еңбек етіп келеді. Әрбір
сабағын талапқа сай түрлендіріп, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып
өткізеді. Сәрсенова өзі еңбек етіп келе жатқан жылдар ішінде шығармашылық
жағынан ізденімпаздылығымен қазақ қыздарына ұлттық қол өнерін бойларына
дарыта отырып, сабақ беруде көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Мұғалімнің
әрбір сабағына оқушылар қызығушылықпен қатысады. Мұғалім өз ісінің шебері
ғана емес, оны жастарға жеткізе білуші.
Технология сабақтарында ұлттық ою-өрнектер, құрақ құрау, өнерін
дамытуға көп көңіл бөледі. Мектепте әр жылы оқушылар арасындағы ғылыми
конференциясында оқушылар өз жұмыстарын
үздік қорғап шығады. Үлгілі Ұстаз 2011 жылы технология пәнінен қалалық
олимпиадасында 2 дәрежелі диплом иегері атанды. Қалалық көрмелерге
оқушыларының жұмыстарын шығарып отырады. Технология пәнінің мұғалімі әр
сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқушының өзін-өзі тануына ықпал
жасайды. Оқушылар ұстаз сабақтарына қызығушылықпен қатысады.
Келешекте егеменді елімізді көркейтер білімді де, саналы
азаматтар тәрбиелеп шығатындығына сеніміміз мол.

Сәрсенова Жанар Абілханқызы 1990 жылдан бері Алпамыс батыр
атындағы №40 көп салалы мектеп-гимназиясында еңбек пәнінен білім беріп
келеді. Сапалы білім саналы тәрбие беру нәтижесінде мақтау қағаздарымен
марапатталған. Ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақтап келе жатқан тарихын,
мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық өнерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,
келешек ұрпақтарға көрсету туралы ашық сабақтар өткізді. Мектептегі ғылыми
машықтану конференциясында мақтау қағазымен марапатталды. Салт – дәстүрге
«Қазақ халқының өмірінде ораза – айт мейрамдарының маңызы» атты ашық
сабақтары өте қызықты, ірі терең мағыналы тәрбиелік мәні бар сабақ болды.
Жанар мектепішілік конференцияда жас мамандарға әр түрлі
тақырыпта баяндама жасады. Осы жылдар ішінде Сәрсенова Жанар өзінің
шеберлігімен, ізденімпаздығымен өз жұмысын тиянақты атқаратын
жауапкершілігі мол ұстаз екендігін дәлелдей білді. Балаларға терең, сапалы
білім мен өнегелі тәрбие беру мақсатында аянбай еңбек етіп келеді. Әрбір
сабағын талапқа сай түрлендіріп, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып
өткізеді. Сәрсенова өзі еңбек етіп келе жатқан жылдар ішінде шығармашылық
жағынан ізденімпаздылығымен қазақ қыздарына ұлттық қол өнерін бойларына
дарыта отырып, сабақ беруде көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Мұғалімнің
әрбір сабағына оқушылар қызығушылықпен қатысады. Мұғалім өз ісінің шебері
ғана емес, оны жастарға жеткізе білуші.
Технология сабақтарында ұлттық ою-өрнектер, құрақ құрау, өнерін
дамытуға көп көңіл бөледі. Мектепте әр жылы оқушылар арасындағы ғылыми
конференциясында оқушылар өз жұмыстарын
үздік қорғап шығады. Үлгілі Ұстаз 2011 жылы технология пәнінен қалалық
олимпиадасында 2 дәрежелі диплом иегері атанды. Қалалық көрмелерге
оқушыларының жұмыстарын шығарып отырады. Технология пәнінің мұғалімі әр
сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқушының өзін-өзі тануына ықпал
жасайды. Оқушылар ұстаз сабақтарына қызығушылықпен қатысады.
Келешекте егеменді елімізді көркейтер білімді де, саналы
азаматтар тәрбиелеп шығаратындығына сеніміміз мол.

Ұқсас жұмыстар
Құрақ құрау технологиясы 5 сынып
Құрақ туралы мағлұмат. құрақ түрлері
Құрақ жастықша тігу
Құрақ құрау мозайкасы
Тақырып ТРАПЕЦИЯ
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ
Құрақ түрлері
Құрақ тігу
Құрақ құрау. түрлері және қолданылуы
Құрақты қаламсап қабын тігу
Пәндер