Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Аталы сөз - баталы сөз
Тақырыбы: СЕН ОНЫ ҚҰРМЕТТЕ!
Мақсаты:
- оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетуге тәрбиелеу;
- оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті,
қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту;
- оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері
мен істері жөнінде мағлұмат беру;
Көрнекілігі: тәрбие сағатының тақырыбы, дәйексөздер, кітаптар
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- оқушылармен амандасу,
- ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау,
- оқушылар антын беру,
ІІ. Негізгі бөлім
- Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Қариялар күніне сәйкес « Сен
оны құрметте!» деген тақырыпта өтпек.
Жүз дейміз – ау!
Сөз болып па со – дағы!
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы –
деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі
бақи біздің жүрегімізде жүреді. Ол сенің жылдар бойы білім ұрығын шашқан,
ұрпақ тәрбиелеген ұстазың, қаншама адамды ажалдан сақтаған абзал жанды
дәрігерің, еліңді қорғаған, сенің жарқын өмірін үшін күрескен, отқа да
жанған, суға да батқан
соғыс ардагерің, сен тұратын қала көрікті болу үшін аспанмен таласатын
зәулім үйлер салған құрылысшың , бәрі – бәрі қазіргі қауқары кеткен аталар
мен әжелер. Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін
құрмет тұтамыз. Шал ақын айтқандай: « Өткен мен кеткенді көп жасаған қарт
білер». Немесе қазақта « Алпыстаға қарттан ақыл сұра» деген сөз бар.
Өкінішке орай біз сол баталы сөздерді жеңіл – желпі қабылдаймыз.
Вовенаргтың сөзімен айтқанда « Қарттардың даналығын біздер
тым мардымсыз пайдаланамыз». Шыныменде, күнделікті өмірде
де кездеседі: мінбеге бір қарт адам шықса, оның тез кетуін күтіп отырамыз,
үйдегі ата - әжелеріміздің сөзіне құлақ аспаймыз.
Аталы сөз – баталы сөз. Шежіремізде бір қарт өлерінде ұлына мынадай баталы
сөз қалдырған екен: « балам, жыл сайын әйел ал, әр қалада бір – бір үйін
болсын, күнде бал же». Аталы өсиетті түсінбеген ұлы жылда әйелін
ауыстырып, қала сайын үй салып, күнде тәтті тағамдар жеумен күн өткізген.
Ақыр сонында қу тақырға отырып, жалғыз қалған. Әкесіндей қарияға кездесіп,
бүкіл мән-жайды айтқанда, қария былай деп жауап берген: «Әкеңнің сөзін
дұрыс түсінбеген екенсің, жыл сайын әйел ал дегені – ұрпақ дамыт, әр қалада
үйің болсын дегені - әр қалада досың болсын, достарын көп болсын дегені,
күнде бал же дегені – күнде еңбек ет, еңбекпен тапқан тағам балдай тәтті
болады дегені» , - дейді.
Міне, аталар сөзі осындай. Қарт адамдардың ақыл айтуға қақысы бар.
Бұл моральдық қақыны біз құрметтей білуіміз керек.
( Ақұштап Бақтыгерееваның «Менің әкемнің құрдастары» өлеңін мәнерлеп оқу
)
- Ал, оқушылар, айтыңдаршы қазіргі уақытта қарияларға құрмет көрсету өз
дәрежесінде ме?
( оқушылар жауабы )
- Қазіргі заманда орын алып отырған келеңсіз, жантүршігерлік
жайт – ата – аналарды қарттар үйіне тапсыру. Өзіне мына жарық дүниені
сыйлаған, астына төсек, үстіне киім, ауызына ас
берген, сені тәрбиелеп, ешкімге шоқыттырмай өсірген, өндірген, «қарға
баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер»
дегендей қанша тентек болсаң да, әркез тентектігіңді кешірген ата –
ананың көздерін мөлдіретіп тастап кету, қарттар үйіне тапсырып жіберу –
қара жүректілік, опасыздық . . . ата – ананы ұмытқан жас – опасыздың
опасызы, рахымсыздың рахымсызы . .
( оқушылардың осы жайттар туралы өз ойларын тыңдау )
БҚО – дағы қарттар үйі туралы қысқаша мәліметтер.
Облыстық қариялар үйі 1945 жылдан бастап жұмыс жасайды. Мұнда қазіргі
таңда 560 адам тұрады, оның 260 – і ақыл-есі кем жандар, 300 қарияның 115 –
інің балалары бар. Қариялардың тек 30 % ғана жалғыз бастылар, ешқандай
туысқандары жоқ, олардың көбі балалар үйінде өскен немесе түрмеде
отырғандар. Көбінесе әке – шешелеріне ұлдары тапсырады, олар өмірден өз
орнын таба алмаған, жағдайы төмен немесе маскүнемдер. Қыздары шешелерін
тапсыратын жағдайлар да болады. Қарт адамдардың жасы келгенде мінезі
өзгеруінен түсіндіреді. Қарт адамдар көбінесе келінімен немесе
күйеубаласымен сыйыспайды, себебі қартайғанда адамның психикасы өзгереді,
церебросклероз немесе алжу пайда болады. Балалары оны ауру деп
қабылдамайды, үлкен кісінің сөздеріне ренжісіп, сыйыспайды, ақырында
қариялар үйіне тапсырады. Орыстар көбіне Ресейге көшіп кетуіне байланысты
әке – шешесінің үйін сатып, ақшасын алады да, қарияның тұратын жері, үйі
жоқ деп сылтауратып, қарттар үйіне әке – шешелерін тапсырып кетеді.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан
жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде
жүрсеңізде ұмытпағайсыздар. Бүгін тәрбие сағатымыз тәмамдалды.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда! –
деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz