6-сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары: өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы мен тіршілігі

«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

Биология пәнінен 6 - сыныптарға арналған тест жұмыстары

Э. Ә. Қажекенова

Семей қаласы

Ұлғайтқыш құралдар .

Өсімдік жасушасының құрылысы .

1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а) тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә) микроскоп б) ұлғайтқыш қол әйнегі

2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а) микроскоп ә) тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б) ұлғайтқыш қол әйнегі.

3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а) окуляр ә) айна б) объектив в) көру түтігі

4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:

а) табан ә) заттық үстелше б) бұранда в) тұтқа

5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:

а) көру түтігі ә) айна б) окуляр в) объектив

6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а) бұранда ә) табан б) тұтқа в) заттық үстелше

7. Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат:

а ) цитоплазма ә) жасуша қабықшасы б) ядро в) вакуоль

8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:

а) ядро ә) пластидтер б) вакуоль в) цитоплазма

9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:

а) цитоплазма ә) жасуша қабықшасы б) ядро в) вакуоль

10. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:

а) цитоплазма ә) ядро б) пластидтер в) вакуоль

11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:

а) вакуоль ә) цитоплазма б) ядро в) пластидтер

12. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:

а) хромопластар ә) лейкопластар б) хлоропластар

13. Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:

а) хлоропластар ә) хромопластар б) лейкопластар

14. Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер :

а) хлоропластар ә) лейкопластар б) хромопластар

Өсімдік ұлпалары.

І-нұсқа

1. Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа :

а) түзуші ә) негізгі б) жабын

2. Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:

а) бөліп шығарушы ә) өткізгіш б) тірек

3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) өткізгіш ә) негізгі б) түзуші

4. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:

а) негізгі ә) түзуші б) өткізгіш

5. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:
а) негізгі ә) тірек б) бөліп шығарушы

6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а) жабын ә) түзуші б) өткізгіш

7. Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:

а) бөліп шығарушы ә) өткізгіш б) тірек

8. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:

а) түзуші ә) бөліп шығарушы б) негізгі

9. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа:

а) өткізгіш ә) тірек б) негізгі

10. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:

а) бөліп шығарушы ә) жабын б) түзуші.

11. Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:

а) тірек ә) негізгі б) өткізгіш

12. Сүт жолы мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:

а) жабын ә) бөліп шығарушы б) негізгі

Өсімдік ұлпалары.

ІІ-нұсқа

1. Жасушалары арасында ауа кеңістіктері бар ұлпа:

а) тірек ә) негізгі б) түзуші

2. Сабақ пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:

а) түзуші ә) жабын б) өткізгіш

3. Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:

а) түзуші ә) тірек б) бөліп шығарушы

4. Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:

а) негізгі ә) түзуші б) жабын

5. Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:

а ) түзуші ә) тірек б) бөліп шығарушы

6. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз қабат түзетін ұлпа:

а) өткізгіш ә) негізгі б) жабын

7. Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) өткізгіш ә) тірек б) негізгі

8. Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) түзуші ә) негізгі б) бөліп шығарушы

9. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналатын ұлпа:

а) тірек ә) өткізгіш б) жабын

10. Тін талшығы жасы жетілген ұлпа:

а) бөліп шығарушы ә) тірек б) негізгі

11. Жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы болатын ұлпа:

а) өткізгіш ә) жабын б) бөліп шығарушы

12. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:

а) түзуші ә) тірек б) бөліп шығарушы

Тамыр.

І-нұсқа

1. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:

а) тамыр ә) гүл б) сабақ в) жеміс г) жапырақ ғ) тұқым

2. Вегетативті мүшелердің тамырлар жүйесі:

а) сабақ ә) тамыр б) жапырақ

3. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

а) қосалқы ә) жанама б) негізгі

4. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:

а) жанама тамырлар ә) қосалқы тамырлар

5. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:

а) қосалқы тамырлар ә) жанама тамырлар

6. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:

а) шашақ тамыр ә) кіндік тамыр б) жем тамыр

7. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:

а) жем тамыр ә) кіндік тамыр б) шашақ тамыр

8. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:

а) тамыр оймақшасы ә) өсу б) бөліну в) сору

9. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:

а) өткізу ә) сору б) бөліну в) өсу

10. Жас жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:

а) сору ә) өсу б) өткізу в) бөліну

11. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:

а) өткізу ә) бөліну б) өсу в) сору

12. Су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізетін тамыр бөлімі:

а) өткізу ә) сору б) өсу в) бөліну

13. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а) арпа ә) орамжапырақ б) пияз в) асбұршақ г) қауын ғ) қызанақ

14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а) күріш ә) асқабақ б) жүгері в) бидай г) қоңырбас ғ) қарбыз

Тамыр.

ІІ-нұсқа

1. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері :

а) тұқым ә) жапырақ б) жеміс в) сабақ г) гүл ғ) тамыр

2. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:

а) негізгі ә) жанама б) қосалқы

3. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:

а) қосалқы тамырлар ә) жанама тамырлар

4. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:

а) жанама тамыр ә) қосалқы тамыр

5. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:

а) кіндік тамыр ә) жем тамыр б) шашақ тамыр

6. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:

а) тамыр оймақшасы ә) сору б) өсу в) бөліну

7. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:

а) өткізу ә) сору б) бөліну в) өсу

8. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:

а) бөліну ә) өсу б) сору в) өткізу

9. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды соратын тамыр бөлімі:

а) өсу ә) бөліну б) өткізу в) сору

10. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:

а) өткізу ә) өсу б) сору в) бөліну

11. Органикалық тыңайтқыштар:

а) қи ә) күл б) қарашірік в) құс саңғырығы г) азот ғ) шымтезек

12. Минералды тыңайтқыштар:

а) шымтезек ә) азот селитрасы б) суперфосфат в) қи г) күл ғ) сүйек ұны

13. Жем тамырлы өсімдіктер:

а) сәбіз ә) қызылша б) орамжапырақ в) картоп г) шомыр ғ) шалқан

14. Түйнек тамырлы өсімдіктер:

а) орхидея ә) нарғызгүл б) кипарис в) батат г) шырыш ғ) таушымылдық

Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.

І-нұсқа

1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік:

а) төбе ә) бұйыққан б) жанама в) қолтық

2. Өркеннің ең ұшына орналасқан бүршік:

а) қолтық ә) қосалқы б) жанама в) төбе

3. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:

а) қосалқы ә) төбе б) бұйыққан в) жанама

4. Төбе бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері:

а) жуандап өседі ә) ұзарып өседі б) гүлдейді в) жапырақ шығарады

5. Тік сабақты өсімдіктер:

а) қайың ә) жүзім б) бидай в) қауын

6. Шырмалған сабақты өсімдіктер:

а) жөке ә) шырмауық б) бақбақ в) құлмақ

7. Қысқарған сабақты өсімдіктер:

а) жолжелкен ә) пияз б) жүзім в) жүгері

8. Сабақты жуандатып өсіретін қабат:

а) камбий ә) сүрек б) қабық в) өзек

9. Органикалық заттар қорға жиналатын қабат:

а) сүрек ә) қабық б) өзек в) тін талшығы

10. Су мен минералды заттар қозғалатын қабат:

а) қабық ә) сүрек б) тоз жасушалары в) тін талшықтары

11. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:

а) өзек ә) камбий б) сүрек в) қабық

12. Сабақ тыныс алатын, жасымықша жасушалары орналасатын

қабат:

а) камбий ә) сүрек б) өзек в) тоз қабаты

13. Буын және буынаралығынан тұрады:

а) тамыр ә) тамырсабақ б) түйнек

14. Сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар:

а) түйнек ә) тамыр б) тамыр

Өркендер мен бүршіктер. Сабақ .

ІІ-нұсқа

1. Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік:

а) төбе ә) жанама б) қолтық в) қосалқы

2. Өсімдіктің төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік:

а) қосалқы ә) бұйыққан б) төбе в) қолтық

3. Гүл бүршігінің орналасқан орны:

а) қысқарған өркен ә) ұзарған өркен б) төбе бүршігінде в) қолтық бүршігінде

4. Өсу бүршігінің орналасқан орны:

а) қосалқы бүршік ә) қысқарған өркен б) қолтық бүршік в) ұзарған өркен

5. Жатаған сабақты өсімдіктер:

а) құлпынай ә) құлмақ б) пияз в) қияр

6. Өрмелегіш сабақты өсімдіктер:

а) тырбық аңдыз ә) қарағаш б) асбұршақ в) жүзім

7. Тін талшықтары орналасқан қабат:

а) камбий ә) қабық б) сүрек в) өзек

8. Қабық пен сүректің арасындағы қабат:

а) сүрек ә) камбий б) өзек в) қабық

9. Сабақтың органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:

а) өзек ә) камбий б) қабық в) тін талшығы

10. Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:

а) түйнек ә) тамырсабақ б) тамыр

11. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен:

а) тамырсабақ ә) пиязшық в) түйнек

12. Пиязшықты өсімдіктер:

а) сарымсақ ә) картоп б) лалагүл в) бетеге

13. Түйнекті өсімдіктер:

а) орамжапырақ ә) жер алмұрты б) картоп в) пияз

14. Тамырсабақты өсімдіктер:

а) бидайық ә) қызанақ б) бетеге в) қызғалдақ

Жапырақ

1. Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер:

а) қарағай ә) жүгері б) емен в) шырша

2. Бір ғана тақтасы бар жапырақ:

а) күрделі жапырақ ә) жай жапырақ

3. Бір сағақта бірнеше жапырақшалардың болуы:

а) күрделі жапырақ ә) жай жапырақ

4. Жүйкелердің жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:

а) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену ә) параллель жүйкелену б) доғалы жүйкелену в) саусақ салалы жүйкелену

5. Негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелердің теңдей таралуы:

а) параллель жүйкелену ә) доғалы жүйкелену б) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в) саусақ салалы жүйкелену

6. Орталық жүйкенің бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін салаланып таралуы:

а) саусақ салалы жүйкелену ә) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену б) параллель жүйкелену в) доғалы жүйкелену

7. Жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелердің иілуі:

а) параллель жүйкелеу ә) саусақ салалы жүйкелену б) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в) доғалы жүйкелену

8. Қоректік заттар қорға жиналатын жапырақ:

а) шырынды ә) тікенді б) мұртша в) қабыршақ

9. Өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін жапырақ:

а) қабыршақ ә) шырынды б) тікенді в) мұртша

10. Өсімдіктің жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ:

а) тікенді ә) мұртша б) қабыршақ в) шырынды

11. Бүршіктердің нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:

а) мұртша ә) тікенді б) шырынды в) қабыршақ

12. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:

а) қабыршақ ә) шырынды б) тікенді в) мұртша

13. Ылғалды үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:

а) қабыршақ ә) тікенді б) мұртша в) шырынды

14. Тікенді жапырақты өсімдіктер:

а) қарлыған ә) асбұршақ б) кәріқыз в) ақ қараған

15. Мұртшалы жапырақты өсімдіктер:

а) үрмебұршақ ә) жабайы бұршақ б) асбұршақ в) сарыаға

Гүл. Гүлшоғырлар.

І-нұсқа

1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан гүл бөлігі:

а) гүлтабан ә) аналық б) күлте в) аталық

2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы:

а) тостағанша ә) гүлсағақ б) күлте в) аналық

3. Тозаң ұясы бар гүл бөлігі:

а) аналық ә) күлте б) аталық в) гүлтабан

4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі :

а) аналық ә) аталық б) тостағанша в) күлте

5. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетілетін гүл бөлігі:

а) аналық ә) гүлсағақ б) күлте в) тостағанша

6. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы:

а) қос жынысты ә) дара жынысты

7. Аталық гүлдер мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:

а) екі немесе қос үйлі ә) бір үйлі

8. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі:

а) күлте ә) аналық б) тостағанша в) аталық

9. Аталықтың бөлімдері:

а) жіпше, аузы ә) тозаңқап, тостағанша б) мойны, жіпше в) жіпше, тозаңқап

10. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасқан гүлшоғыр:

а) жай масақ ә) жай шашақ б) собық в) күрделі шатыр

11. Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанып орналасқан гүлшоғыр:

а) күрделі қалқанша ә) күрделі шатыр б) күрделі масак в) күрделі шашақ

12. Собық гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) бидай ә) күнбағыс б) калла в) жүгері

13. Күрделі шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) кербезгүл ә) сәбіз б) көктерек в) аскөк

14. Жай масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) жолжелкен ә) тары б) сүйсін в) гүлшетен

15. Сырға гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) қарағаш ә) алмұрт б) қайың в) тал

Гүл. Гүлшоғыр.

ІІ-нұсқа

1. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін орын:

а) тостағанша ә) гүлсағақ б) күлте в) гүлтабан

2. Мойны бар гүл бөлігі:

а) күлте ә) аналық б) гүлтабан в) аталық

3. Жіпшеден және тозаңқаптан тұрады:

а ) гүлсағақ ә) күлте б) аталық в) аналық

4. Гүлсеріктің сыртқы бөлігі:

а) гүлтабан ә) тостағанша б) аналық в) күлте

5. Ұрықтану процесі жүретін орын:

а) аталық ә) гүлсағақ б) жатын в) күлте

6. Гүлде тек аталық немесе аналықтың болуы:

а) дара жынысты ә) қос жынысты

7. Аталық гүлдердің бір өсімдікте, аналық гүлдердің екінші өсімдікте болуы:

а) бір үйлі ә) екі немесе қос үйлі

8. Аталық тозаңдары жетілетін орын:

а) жіпше ә) жатын б) тозаңқап в) күлте

9. Аналықтың тозаң қабылдайтын бөлімі:

а) мойны ә) жатыны б) жіпше в) аузы

10. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасқан гүлшоғыр:

а) жай масақ ә) жай шашақ б) себет в) шоғырбас

11. Жай шатырдағы жеке гүл сағақтарына бірнеше гүлден топтанып шоғырланған гүлшоғыр:

а) күрделі шашақ ә) күрделі қалқанша б) күрделі шатыр в) күрделі масақ

12. Себет гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) жолжелкен ә) мойыл б) күнбағыс в) бақбақ

13. Күрделі масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) балдырған ә) орамжапырақ б) қарабидай в) бидайық

14. Жай шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) пияз ә) қайың б) адамтамыр в) інжугүл

15. Жай шашақ гүлшоғырлы өсімдіктер:

а) бақбақ ә) қарақат б) аскөк в) орамжапырақ

Тозаңдану. Жемістер.

Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.

І-нұсқа

1. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:

а) айқас тозаңдану ә) өздігінен тозаңдану

2. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:

а) өздігінен тозаңдану ә) айқас тозаңдану

3. Гүлдері өте ұсақ, реңсіз өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) жел арқылы ә) бунақденелілер арқылы б) өздігінен тозаңдану

4. Тозаңдары ірі өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) өздігінен тозаңдану ә) жел арқылы б) бунақденелілер арқылы

5. Бітеу гүлдің тозаңдану жолы:

а) бунақденелілер арқылы ә) өздігінен тозаңдану б) жел арқылы

6. Гүлдері ашық реңді, ірі өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) бунақденелілер арқылы ә) жел арқылы б) өздігінен тозаңдану

7 Аналығының аузы үлпек қауырсынды өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) жел арқылы ә) өздігінен тозаңдану б) бунақденелілер арқылы

8. Шырыны мол, жұмсақ жеміс:

а) құрғақ жеміс ә) шырынды жеміс

9. Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп жеміс:

а) жидек жеміс ә) жидек тәрізді б) сүйекті

10. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын жеміс:

а) қауашақ ә) бұршаққын б) бұршаққап в) тұқымша

11. Бір тұқымды, тұқымы жеміс серігімен тұтасып біріккен жеміс:

а) жаңғақ ә) тұқымша б) қауашақ в) дәнек

12. Сыртында су жұқпайтын түктері бар өсімдіктердің тұқымдарының таралу жолы:

а) бунақденелілер арқылы ә) су арқылы б) жел арқылы в) өздігінен

13. Сыртында ілмешектер, тікенектер, желімтек түктері бар тұқымдардың таралу жолдары:

а) жануар, бунақденелілер, адам арқылы ә) жел арқылы б) өздігінен в) су арқылы

14. Жел арқылы таралатын өсімдіктер:

а) қамыс, қияқ, жалбыз, қоға ә) шытырлақ, жауқазын, қараған, шегіргүл

б) қарағаш, бақбақ, үйеңкі, орхидея в) шоңайна, долана, бүлдірген, кәріқыз

15. Құстар арқылы таралатын өсімдіктер:

а) жауқазын, қараған, шытырлақ, бөрібұршақ ә) шие, таңқурай, бүлдірген, мойыл б) бөденешөп, қоға, түкті күреңот, қамыс в) қайың, тал, терек, үйеңкі

Тозаңдану. Жемістер .

Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары .

ІІ-нұсқа

1. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:

а) айқас тозаңдану ә) өздігінен тозаңдану

2. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:

а) айқас тозаңдану ә) өздігінен тозаңдану

3. Гүлдерінде шірнесі бар өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) бунақдене арқылы ә) өздігінен б) жел арқылы

4. Тозаңдары майда, жеңіл өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) өздігінен тозаңдану ә) бунақденелілер арқылы б) жел арқылы

5. Тозаңдануы бір гүлдің ішінде болатын өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) жел арқылы ә) өздігінен б) бунақдене арқылы

6. Аталық жіпшесі ұзын, тербеліп тұратын өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) өздігінен ә) бунақдене арқылы б) жел арқылы

7. Гүлдері аңқыған хош иісті өсімдіктердің тозаңдану жолы:

а) өздігінен ә) бунақдене арқылы б) бунақдене арқылы

8. Қабығы қатты, сүректенген жеміс:

а) шырынды жеміс ә) құрғақ жеміс

9. Сыртқы қабығы жұмсақ, жұқа, ішкі бөлімі сүйектенген жеміс:

а) жидек тәрізді ә) жидек б) сүйекті

10. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар жеміс:

а) бұршаққап ә) бұршаққын б) қауашақ в) дәнек

11. Жеміс серігі тұқымымен бірікпеген жеміс:


Ұқсас жұмыстар
6-сынып: Көп жасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі (омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі)
6-сынып биологиясы: Өсімдіктер - тамыр және сабақ тақырыптары бойынша тест тапсырмалары
6-сынып биологиясы: өсімдіктер сабақтарының түрлері мен құрылысы
7-сыныпқа арналған Өсімдіктер әлемі қорытынды тест тапсырмалары (2013-2014 оқу жылы, 9-нұсқа)
Өсімдіктер әлемі: 7-сыныпқа арналған қорытынды тест тапсырмалары (2013-2014 оқу жылы, 7-нұсқа)
7-сынып биологиясы: Өсімдіктер әлемі - қорытынды тест тапсырмалары (1-нұсқа)
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің биологиядан көпнұсқалы тест тапсырмалары (І-IV нұсқа)
Бастауыш сынып тренинг-сабағы: Жануарлардың қысқы тіршілігі мен мекені
Абиотикалық факторлар: температура мен ылғалдың өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық топтарына әсері
9-сыныпқа арналған география пәнінің деңгейлік тест тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz