Шығарманың бас кейіпкері Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ.
8-класс
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Мұхтар Әуезов
«Қараш-Қараш оқиғасы»
(хикаяттан үзінді)
Өткізген: Батырова Самал Тауфикқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
І санатты мұғалімі
2010 жыл
Мақсаты: Хикаят бойынша алған білімдерін қорыту, жинақтау, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту
Міндеттері.
Білімділігі : кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын таныту; Дамытушылығы: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуін дамыту, оқушы ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйрету;
Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Типі: қорытындылау
Түрі: проблемалық оқыту, жобалау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер : проблемалық сұрақтар, пікірталас, конструкторлық жобалау технологиясы элементтері
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты, түрі таныстырылады. Шығармамен танысқаннан кейін осы шығармада кездесетін оқиғаның қандай шығармамен ұқсас екені сұралады. (слайд №1)
ІІІ. Сұрақ-жауап
- Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
- Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
- Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
- Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
- Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
- Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
- Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
- Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
- Жарасбайды өлтіру қылмыс па? («Иә» десең де, «жоқ» десең де, ойыңды дәлелдеуге тырыс)
- Билер алдындағы «Не болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
- Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
- Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
- Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
- «Бәлем, осыныңды ұмытпа!» деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
- Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, . . . » деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
- Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
- «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
- Автордың бас кейіпкері Бақтығұлға деген сезімі, қарым-қатынасы қалай? (Мәтіннен үзінді оқи отырып дәлелдеу)
- Қазақ даласындағы партия, съезд, қақтығыс, күншілдік, бақталас, ырду-дырду шығармада қалай берілген? Олардың бас кейіпкер тағдырындағы орны бар ма?
ІV. Дамыту. Шығарманың бас кейіпкері Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Рысқұл екендігі айтылады. Сейіт - Тұрар Рысқұлов (слайд №2-3) . Осы тұста 1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілгені айтылады, осы фильмнен кинокадрлар көрсетіледі, прототиптері таныстырылады. (слайд № 4-11)
V. Конструкторлық жобалау. Сызбамен жұмыс (слайд №12)
Әр оқушының алдына осы сызба бір-бірден үлестіріледі. Оқушы осы сызбаны толтыру арқылы жоба жасап шығады.
VІ. Жобаны қорғау
2-3 оқушы жасаған жобаны қорғап шығады. (слайд 13)
VІІ. Қорытындылау.
1. Үйге тапсырма.
2. Оқушыларды бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz