Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіл мерекесіне арналған тәрбиелік шара

Тіл мерекесіне арналған тәрбиелік шара.

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілі - ардағым».

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұлттық қасиетті
сақтауға, туған тілді қадірлеуге үйрету.
Сөздік қорын байыту, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақиық ақын С.Торайғыров жырлағандай
бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Ана тілі- ардағым» атты тәрбиелік
шарамызды бастаймыз.

Сабақ түрі: Жарыс.

Құрал- жабдықтар,көрнекті құралдар: Плакат,кеспе қағаздар,т.б.

Сабақтың әдісі: Тілді меңгерту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

Үй тапсырмасын тексергеннен кейін, тәрбиелік шараны одан әрі
жалғастырамыз.Бүгінгі тәрбиелік шарамызда сыныпты екі топқа бөліп
жарыстырамыз.Ең алдымен әділқазы алқаларын сайлап аламыз,содан соң
сайысымызды бастаймыз.

I – кезең.Таныстыру.

1-топ. Біздің топ: «Жасұлан».
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар».

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

2 – топ. Біздің топ: «Өркен».
Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді – қазақ тілін».
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Шарты: Екі топтың басшысы өздерінің топтарын таныстырып өтеді.

II – кезең. «Шытырман сұрақтар».

Шарты: Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады.Әр оқушы берілген сұрақтарға
берілген әріптен бастап жауап беру керек.

Сұрақтар:

1. Есіміңіз кім?
2. Қайдан келдіңіз?
3. Қандай тағамды ұнатасыз?
4. Қай жерде дүниеге келдіңіз?
5. Қандай түсті жақсы көресіз?
6. Алға қойған мақсатыңыз қандай?
7. Қандай мамандық иесі болғанды қалайсыз?
8. Құстар қалай ұшады?
9. Анаңыз сізді қалай еркелетеді?
10. Сыныбыңыз қандай?
11. Қай пәнді жақсы көресіз?
12. Тұрған жеріңіздің ауа-райы қандай?

III – кезең. «Кім жылдам?»

Шарты: «Тәжірибе»сөзі беріледі.Екі топ белгіленген уақыт ішінде берілген
сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек(тәж,ит,
тәрбие,ер,рет,жер,әтір,бір,әже,жетә,т.б.).

IV – кезең. «Адасқан өлең жолдары».

Шарты: Орындары ауыстырылған өлең жолдарын қалпына келтіру.
Берілгені: 1 – топ.
Сен жақсы біл бұл тілді,
Ана тілің – ар намысың,
Қатарыңнан қалмау үшін,
Анашыңдай сүйкімді.
2 – топ.
Соған берем ойымның алтын кенін,
Бақытым бар үшінші – Отан деген.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Кім мықты десе Отан дер ем!
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

V – кезең. «Керемет жетілік».

Шарты: Ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап беру.
1. Жеті қазына (ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,қыран бүркіт,берен
мылтық,жүйрік ат,құмай тазы).
2. Жеті ата (ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
3. Жеті күн (бүгін,ертең,бүрсүгүні,арғы күн,ауыр күн,соңғы күн,азына)
4. Жеті жұт (құрғақшылық,жұт(мал қырылу),өрт,оба(ауру),соғыс,топан
су,зілзала(жер сілкіну)).
5. Жеті жоқ(жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ,
тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт
жоқ).

VI – кезең. Мақал – мәтелдерді жалғастыр.

Шарты: Берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табу.
1 – топ.
1. Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ ............................
2. Жақсы сөз .....................
3. Сөз тапқанға .....................
4. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ...........................
5.Тіл қаруы – сөз,
Сөз қаруы - .....................
2 – топ.
1. Ана тілім - .......................
2. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің ..............................
3. Туған ел – тұғырың,
Туған тіл - ...............................
4. Бас кеспек болса да,
Тіл ......................................
6.Жүздің көркі - сақал,
Сөздің көркі - ...........................

VII – кезең. Тіл туралы мәнерлеп өлең оқу.

1 – топ.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
2 – топ.
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – далам тілі - өз тілім,
Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып–ақ алыңдар.

1 – топ.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана.
Демеп жүрер,жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы,айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.
Жан байлығы,салт–дәстүрі – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы.

2 – топ.
Тілім менің!
Ұлы Абай,Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым,рухани жан азығым,
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.
Ана тілім,туған тілім,бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

1 – топ.
Қазақ тілім - өз тілім,анам тілім!
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болшағым, бақытым, дара тілім.
Мұғалім: Сонымен «Ана тілі - ардағым» атты тәрбиелік шарамыз өз мәресіне
жетті.
«Өз тіліңді оқы» - деді мектепте,
Селтең қағып жүрме,балам,бос текке.
Өзге тілге қанша құмар болсаңда,
Өз тіліңді шамаң келсе шеттет пе.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма.

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Тіл мерекесіне арналған тәрбиелік шара.

«Ана тілі - ардағым».

Қазақ тілі пән мұғалімі: Сагидихова Г.С

Ұқсас жұмыстар
Бесінші кезең
Орыс мектебінде қазақ тілінен ұбт сынағына дайындау жолдары
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
Менің ұстазым
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі
Топ старостасы
Ана тілім, ана тілім жүрегім
Мұғалімдер күні
Тәрбие жоспары. 9 сынып
Тәрбие сағаттарын бекіту
Пәндер