Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі

Тақырыбы: «Тілдің мерейі - елдің мерей»

Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған
жеріне құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты
жүзеге асыру,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.
Түрі: саяхат,кездесу.
Өткізілген орны: Қалалық балалар кітапханасы
Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі-
ұлт тілі» және кітапхана ішіндегі көрнекіліктер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып жетекші, Садыкова Айсұлу Госмановна: Балалар, біздің мектепте қандай
апталық өтіп жатыр? Дұрыс айтасыңдар, сол тіл апталығына байланысты :
«Тілдің мерейі- елдің мерей» атты сынып сағатын, әдейі осы кітапханаға
,сынып сағатымызды саяхат түрінде өткізуге сендерді арнайы ертіп әкелдім
.Сынып сабағымыздың мақсаты: сендердің тіл туралы білімдеріңді жетілдіру,
өз тіліңе, туған жеріңе құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен
ынтымақтастықты жүзеге асыру. ,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға
тарту. Сендердің кітапқа,білімге деген қызығушылықтарыңды дамыту. Міне,
енді, сөзді осы кітапхана қызметкерлеріне берейік.
Абдиманова Гүлнара Арғыновна: Біріншіден , балалар сендердің бүгінгі
қадамдарың мені қуантып отыр.Сынып сағатын арнайы осы кітапханаға
келіп,бізбен кездесу жасап өткізіп жатқандарың сендердің кітапқа, білімге
деген құштарлықтарыңды көрсетеді. Сендерге осындай мүмкіндікті жасап
жатқан, сынып жетекшілерің, Айсұлу Ғосмановнаға алғыс білдіреміз, бұл бір
жақсы бастама екен,басқа да сынып жетекшілері осындай кездесулерді жиі
ұйымдастырса,жақсы болар еді.
Енді, мен сендерді кітапханамен таныстырайын. Кітапханада барлығы 28 000
кітап қоры бар. Қала басындағы 3 мектеп оқушылары да бізбен байланыста.
Барлығы 1500 дей оқырманымыз бар. Мына отырған зал оқу залы деп
аталады,бұдан басқа залдар,абономент залдары бар. Мұнда өздеріңді
қызықтыратын қандай сала болса да ,кітаптар табуға болады. Мына оқу
залында отырып пайдалануға немесе үйге жаздырып алуға болады. Кітап
–сендердің тілдеріңді дамытуға өте жақсы құрал. «Тіл-қарым-қатынас құралы»
-деп бекер айтпаған. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние
жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар.Ана тілі дегеніміз-
ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен
қастерлі,аяулы асыл жан.
Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,

Сол тілммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,
Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

Беспаева Төлеубике Ғабдулловна: Керемет өлең емес пе? Ал, сендерге
Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
Өссе тілім-мен де бірге өсмін,
Өшсе тілім мен бірге өшемін.

Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам,не білем?
Тілім барда ғанамынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар,қадіріне жетіңдер,
Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!

Бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп
қалады.Олар туралы не айтар едіңдер? ( Оқушылар өз ойларын білдірді)

Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт
жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.

Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан
адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар
ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық,
балалар!
Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі
емес,мемлекеттік тіл .
1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде
«Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының
Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазылды.
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет
пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны
жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де
үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.
Мұғалімнің сөзі
Балалар, тіл туралы пікірталас,әңгіме жүргізіп жатырмыз. Ал мен сендерге
тіл туралы түсінік бере кетейін. Дүние жүзінде халық та, тіл де
көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де
басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.
Сұрақ:
-Қандай тілдерді білесіңдер?
-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол
қандай тілдер? Қазақ,орыс,ағылшын.
-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді
құрметте».
Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов,
Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.Барлық мемлекеттердің
президенттері негізгі 7 тілде бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: Орыс ,
ағылшын ,араб,қытай ,француз ,япон,испан тілі.
Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды
сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген
ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың
өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді
қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.
Ал,енді, мен сендерге тіл туралы біліп келіңдер дп тапсырмалар берген
болатынмын,қане,кім тіл туралы қандай өлең,мақал-мәтел біледі?
1-оқушы: Тілім менің-тірлігім мол мұрамсың,
Ата рухын жаныма қондырасың
Өзіңменен таныдым тарихымды,

Кемелденген өзіңмен толды жасым.

Тілім менің сарқылмас қазынасың
Бір сенімен болмыстың назы басым.
Көне тарих сөйлейді өзің болып,
Жыр-ғұмырбоп бүгінде жазыласың.

2-оқушы: Отан-тарих,
Отан-тіл.
Жасаған елім,ер халқым,
Отан-өлең,Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

3-оқушы: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте .
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
4-оқушы: Ананың тілі туралу ән де бар,оны барлығы біледі.
Мұғалім: Ендеше,барлығымыз бірігіп, осы әнді орындайық.
Ән орындалады: «Анамның тілі-аяулы үн»
Мұғалім:
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол- дей отырып, балалар бүгінгі тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз. Біздің ұсынысымызды қабыл алып,сынып сағатымыздың
қызықты өтуіне ат салысқан ,кітапхана қызметкерлеріне рахмет айтамыз.
Кімнің кітапқа деген қызығушылығы оянды,кім осы кітапханаға жазылғысы
келеді,ата- аналарыңмен,
тәрбиешілеріңмен келісіп, өтініш жазып,келіп,оқырман болуларыңа
болады.Келесі сынып сағатына дейін аман-есен болайық.!


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Зат есім туралы түсінік
Ана тілім. несіпбек айтов
Тіл – елдігіміздің іргетасы атты бүкілмектептік сап
Тіл - мемлекет тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу
Туған тілім өлеңін жаттау
Тіл байлығы - ел байлығы
Аяулы абыройлы ана тілім
Анамның тілі - алтыным менің
Пәндер