Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі

Садвакасова Шынар Төлеуқызы
№44 қазақ орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Мектептің мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Мәди көшесі 1үй
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың негізгісін бөліп алу, қорытындылау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік : Оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой - өрісін дамытып, шығармашы-лыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, зертханалық құрал- жабдықтар.
Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты игерту.
Әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу
Сабақтың жоспары:
I. Теориялық сұрақтар:
1. Қайтымды, қайтымсыз реакциялар дегеніміз не?
2. Химиялық тепе-теңдік деген не?
3. Тепе-теңдік константасы, оның маңызы
4. Химиялық кинетика нені зерттейді?
5. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не?
6. Гомогенді және гетерогенді жүйелер деп қандай жүйелерді айтады?
7 . Гомогенді ортада жүретін реакциялардың жылдамдығын қалай анықтайды?
8. Гетерогенді ортада жүретін реакциялардың жылдамдығын қалай анықтайды?
ІІ. Есептер шығару:
№1. Химиялық реакция А + В = С теңдеуі бойынша жүреді. Тәжірибе нәтижелері мынадай:
А
В
С
2, 7 моль/л
2, 5 моль/л
0
2, 5 моль/л
?
?
Мына: а) кестеде сұрақ белгісі қойылған концентрацияларды, б) берілген уақыттағы реакцияның орташа жүру жылдамдығын есептеп табыңдар.
№2. . Әрбір қайтымды реакциялар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуін жазыңдар:
а) 2H 2 (г) + O 2 (г) ↔︎ 2H 2 O(г) ;
б) 2SO 2 (г) + O 2 (г) ↔︎ 2SO 3 (г) ;
в) С(к) + СO 2 (г) ↔︎ 2СO(г) ;
г) CaСO 3 (к) ↔︎ CaO(к) + СO 2 (г)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін маңызды факторларға: әрекеттесуші заттардың табиғаты, олардың концентрациясы, температура жатады. Гетерогенді реакцияның жылдамдығы реагенттердің жанасу бетіне тәуелді болады.
1. Әрекеттесуші заттар табиғатының әсері. Екі сынауық алып, біреуіне магний, екіншісіне темір ұнтақтарының бірдей мөлшерін саламыз. Екеуіне 10мл-ден тұз қышқылын құямыз. Магний құйылған сынауықта реакция шабытты, бірден жүреді. Ал, темір ұнтақтары салынған сынауықта реакция баяу жүреді. Магнийдің химиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, реакция тез, әрі шабытты жүреді.
Қорытынды: реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелді болады.
2. Концентрацияның әсері. А және В заттарының химиялық әрекеттесуі жүзеге асу үшін олар-дың молекулалары соқтығысуы керек. Соқтығысу неғұрлым көп болса, реакция соғұрлым тез жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соқтығысу саны көп болады. Осыған сай реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін анықтайтын кинетиканың негізгі заңы тұжырымдалған:
Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционал.
Жалпы А + В = С теңдеуі бойынша жүретін реакциялар үшін бұл заң мынадай теңдеумен өрнектеледі. :
ν = k С
А
С
В
Мұндағы С А және С В - А және В заттарының концентрациясы, моль/л, k - жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффицент. Бұл заңды көбінесе әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Бұл заңды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрелік.
Жұмыс барысы:
1-тәжірибе Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентра-циясына тәуелділігі.
а) 0, 1Н натрий тиосульфаты (Na 2 S 2 O 3 ) ерітіндісіне 0, 1H H 2 SO 4 ерітіндісін қосыңыздар. Натрий тиосульфатымен күкірт қышқылының әрекеттесуі салдарынан бос күкірттің бөлінуімен ерітінді лайланады:
Na 2 S 2 O 3 + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + H 2 O + S + SO 2
Реакцияның басталған кезінен ерітіндінің лайланғанына дейінгі уақыт реакцияның жылдамдығын көрсетеді.
ә) Үш үлкен нөмірленген пробиркаға сұйытылған натрий тиосульфаты (Na 2 S 2 O 3 , 1:200) ері-тіндісін: біріншісіне 5 мл, екіншісіне 10 мл, үшіншісіне 15мл құямыз. . Сосын бірінші сына-уыққа 10 мл су, екіншісіне 5 мл су қосамыз. Натрий тиосульфаты құйылған әрбір сынауыққа араластыра отырып, 5 мл дайындалған H 2 SO 4 қосамыз және қышқыл қосқан кезден ерітін-дінің лайланғанға дейінгі уақытын анықтаймыз.
Тәжірибелердің нәтижелерін келесі кестеге жазамыз:
Сынауық
нөмірі
Уақыты
сек
.
Тәжірибе бойынша алынған нәтижелерді пайдаланып, натрий тиосульфатының шартты концентрациясын абцисса осіне, шартты бірліктегі реакция жылдамдығын ордината осіне түсіріп, график тұрғызамыз.
Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігіне қорытын-ды жасаймыз.
2. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.
Жасалған тәжірибелер температураны көтергенде көптеген реакциялардың жылдамдығының артатынын көрсетті. Эксперименттік материалдарды қорытып, голландиялық ғалым Вант-Гофф реакция жылдамдығына температураның әсерін жуықтап бағалайтын ереже ұсынды. Вант-Гофф ережесіне сәйкес, гомогенді жүйелерде химиялық реакцияның жылдамдығы, температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады. Бұл санды химиялық реакцияның температуралық коэффиценті деп атайды, γ белгісімен белгілейді. Математикалық түрде оны былай жазуға болады:
ν Т2
- = Y T 2 - T 1 / 10
ν Т1
Тәжірибе үшін сұйытылған (Na 2 S 2 O 3 , 1:200) және (H 2 SO 4 , 1:200) ерітінділерін аламыз. Үш нөмірленген сынауыққа 10 мл-ден Na 2 S 2 O 3 ерітіндісін, басқа үш пробиркаға 10 мл-ден H 2 SO 4 ерітіндісін құйып, оларды натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылы бір- бір сынауықтан бо-латын етіп 3 жұпқа бөлеміз. . Лабораторияның температурасын белгілегеннен кейін бірінші жұптың ерітінділерін қосып, араластыра отырып қышқыл қосылған сәттен ерітіндінің лайлан-ғанына дейінгі уақытты анықтаймыз. Келесі екі сынауықты суы бар стаканға салып, бөлме температурасынан 10 градус-қа жоғары температураға дейін қыздырамыз. Суға батырылған термометрмен температураны бақылаймыз. Сынауықтың ішіндегі ерітінділерді бір-біріне құйып, шайқап ерітіндіні құйған уақыттан лай пайда болғанға дейінгі уақытты белгілейміз. Қалған екі сынауықты суы бар стақанға салып, бөлме температурасынан 20 градусқа жоға-ры температураға дейін қыздырып, тәжірибені қайталаймыз. Нәтижелерді келесі кестеге жазамыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz