Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бәйтерек мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«Бәйтерек» мектепке дейінгі
балалар мекемесінің тәрбиешісі
Сәбиева Жайнагүл Қуандыққызы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй
құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке,
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: - Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-
бірімізге жылуымызды білдірейік.
Тиіспе, балапан, тауыққа,
Тентектікті қойыңдар.
Араздық жоқ араңда,
Тату-тәтті болыңдар.
Тәрбиеші: - Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше,
қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де - сіз,
Кішіге де – сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір
жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі
Тәрбиеші: - Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?
Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Тәрбиеші: - Ендеше, күз туралы кім тақпақ біледі?
Ердияс: Сарғаяды жапырақтар,
Күз де келіп қалыпты.
Қатаяды топырақтар,
Жаз да бітіп қалыпты.
Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан
тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ
екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана
қарайды)
Тәрбиеші: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын
білесіңдер ме?
Балалар: - Балапан шығады
Тәрбиеші: - Балапан шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп тұр?
Балалар: - Жылап тұр.
Тәрбиеші: - Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы
балапан.
Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма,
балалар?
Тәрбиеші: - Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз. Балалар, бәріміз
балапанның мамасын шақырайықшы.
Балалар: Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!
Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге
көп рахмет.
Тәрбиеші: - Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны
ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан
міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.
Тауық: - Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер
балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.
Тәрбиеші: - Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды
орындасаң ғана беремін.
Тауық: - Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.
Балалар: Жарайды, көмектесейік.
1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
Басында айдары бар,
Иегінде сақалы бар.
(Әтеш)
2 – тапсырма: Жаңылтпаш.
Үйір - үйір балапан,
Үйірге кім үйретті?
Үйір - үйір балапан,
Үйірге өзім үйреттім.
3 – тапсырма: Балапан туралы кім өлең біледі? («Әнші балапан»)
4 – тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?
(қаз, тауық, әтеш, үйрек)
5 – тапсырма: Әтеш туралы кім жаңылтпаш біледі?
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Тауық: - Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен
сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп қалады)
Тәрбиеші: - Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
Дидактикалық ойын: «Анасын тап»
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп
беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.
Тәрбиеші: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?
Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте
пайдалы.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар, аулада тауықтар мен
әтештер жайылып жүр екен, олардың балапандары қайда екен? Қане,
балапандарды жем жеуге шақырайық. (Топтық жұмыс. Балапандарды жапсыру)
Би: «Шөжелерім»

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz