Таңертеңгі жаттығулар: дене шынықтыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу сабақ жоспары

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған

гимназия-интернаты

Таңертеңгі жаттығулар

Сабитова А. С.

Петропавл қаласы

Тақырыбы: Таңертеңгі жаттығулар

Мақсаты: 1. Таңертеңгі жаттығулардың маңыздылығын білу. Таңғы жаттығуға уақыт арнаса, уақыт үнемдейтінін ұғыну.

2. Таңертеңгі жаттығуларды жасауға дағдылану.

3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, «Қара жорға» биінің музыкасы, ақ қағаздар, түсті қарындаштар, фотолар, спорттық аяқ киім.

Сабақ барысы

І . Қызығушылығын ояту

Сабақты таңертеңгі жаттығумен бастау

  • Таңғы жаттығуға уақыт бөлсең, бір күн бойы шаршамай, өзіңе күш жинайсың. Сондықтан көбірек еңбектенуге мүмкіндік аласың.

ІІ. Мағынаны ашу

  1. Жұппен жұмыс ( дайындыққа 1 минут уақыт беру)

Әр жұпқа түрлі жануарлардың суреттерін тарату. Тапсырма: Берілген жануардың қимылын қайталап көрсету. Екі оқушы қимылды бірдей жасауға тырысу.

Қорытынды: адамдар әрдайым қоршаған ортадан үйренеді

2. Минутқа киіну. Тапсырма: Оқушылар аяқ киімдерін ауыстырып киеді. Тез және дұрыс кию. Ауыстырған аяқ киімін жинап қою. (музыка үнімен үнсіз орындайды, музыка әуені біткенде тоқтатады)

Қорытынды: тез және ұқыпты киінуге жаттығу

3. Мамандықтардың атауларын не суреттерін тарату. Тапсырма: дененің қай бөлігі шаршайтынын анықтау және дәлелдеу

4. «Мен айналысатын спорт жайында. » Оқушылар өздері айналысып жүрген спорт түрі жайлы әңгімелеп береді. Фото не сурет көрсетеді.

5. «Қара жорға» биінің қимылдарын үйрену. Музыка әуенімен билеу.

ІІІ. Ой толғау

Сурет салу және көрме ұйымдастыру. «Мен және спорт»

  • Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік?
  • Таңғы жаттығу не үшін қажет?
  • Жаттығуға уақыт жете ме?
  • Қазақтардың қай биі дене жаттығуына арналған?
  • Көрмедегі суреттер жайында үзілісте бір-біріңе айтып беріңдер.

Ұқсас жұмыстар
Көңілді эстафеталар: дене шынықтыру сабағы - салауатты өмір салтына тәрбиелеу және ептілік пен ұйымшылдықты дамыту
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу: темекі, ішімдік және есірткі зияндылығы
Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру: дене шынықтыру және зиянды әдеттерден қорғау
Жас ұрпақты ішімдік, темекі және есірткіден қорғау арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Азиада 2011 қарсаңында: жасөспірімдерді спортқа, салауатты өмір салтына және ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Ас - адамның арқауы: дәрумендер, тамақтану гигиенасы және салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Арқалық политехникалық колледжінің студенттерінің дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына көзқарастары, кедергілері және ұсыныстары (2014-2015 оқу жылы)
Дене шынықтыру пәнінде инновациялық әдістерді енгізу арқылы колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және білім сапасын арттыру
Дене шынықтыру сабақтарының топтамасы: ұлттық ойындар, гимнастика және тактикалық жаттығулар
Балабақшада өзін-өзі тану: Табиғат Ана тақырыбы - табиғатты қадірлеуге және салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz