4-сынып Ана тілі: Шәкәрім Құдайбердиевтің Еріншек өлеңін оқытуға арналған сабақ жоспары

Талғар ауданы

Бірлік ауылы

№35 орта мектеп - гимназиясы

(Ана тілі)

4 класс

Бастауыш сынып мұғалімі: Рысқұлова Н. А.

2010-2011 оқу жылы

Ана тілі 4 класс

Сабақтың тақырыбы: «Еріншек» Шәкәрім Құдайбердиев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: «Еріншек» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып тақырыптың мәнін ашу, ойларын жүйелеу.

Дамытушылық мақсаты: «Нан туралы өлең» тақырыбындағы негізгі ойды және мақсаты мен мазмұнын жан - жақты дамыту, ойларын тиянақтап қорыту.

Тәрбиелік мақсаты: жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге, нанды қастерлеуге, есте сақтауға, жақсы әдетті білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: көрме, слайд (нан, дәнді дақылдар, авторлар суреті, топ атаулары, ойындар, кітапшалар) .

Қолдану әдістері: әңгімелеу, салыстыру, байланыстыру, талдау - жинақтаау, ойын, көрнекілік, топпен жұмыс істеу.

Пән аралық байланыс: Еңбекке баулу, дүниетану.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың өтілу барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшіні сөйлету, түгендеу. Бүгінгі сабақты хабарлау. Бес топқа бөлу, топ жетекшілерімен таныстыру. Қонақтар келіп отырады. Бүгінгі сабақтың сәтті өтуіне сәттілік тілейміз.

Топ атаулары: талап, еібек, терең ой, қанағат, рақым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Нан туралы өлең» мәнерлеп оқыту, түсінігін айтқызу, 2 оқушыдан бөліп оқыту.

ІІІ. Білімдерін тексеру, тиянақтау:

«Нан» тақырыбын әр топ өзінше қорғайды. Мысалы:

1топ: өлең, тыйым сөз.

2 топ: Мысал «бидай қаңбақ»

3 топ: Ертегі: «Егінші қасқыр»

4 топ: Көрмені таныстыру

5 топ. Өлеңдерді жатқа айту.

Проблемалық сұрақ: Жаздық, күздік бидай.

Қорытынды ой: «Нансыз тіршілік жоқ», «Нанды қастерлеу керек».

Сергіту сәті: жаттығу жасату.

ІV. Мақсат қою. «Еріншек» Шәкірім Құдайбердиев. Автордың өмірбаянына тоқталу. Суретіне, кітаптарына, тағдырына тоқталу. 1931-1932 жылдардағы қиын жағдай. «Еріншек» деген сөздің мағнасы қандай?

V. Материалды тұсіндіру кезеңі:

Жоспар

  1. 2 оқушыға мәнерлетіп оқыту.
  2. Тізбектей, топқа оқытып, мазмұнын айтқызу.
  3. Дәптермен жұмыс. Сөздікті таныстыру, 2 жолды көшіріп жазу, түсіндіру.
  4. Абай өлеңін «Ғылымтаппай мақтанба» талдау. 5 асыл іс, 5 дұшпан. (жазу) тақтаға.

А) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Ә) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

Абайдың қарасөздерінен үзінділер:

  1. Қор қылатын3 нәрсе бар.
  2. Баланың 2 түрлі дүниеге келі.
  3. Бірін - бірі жеңе алмайтын 8 батыр. (күн, түн, тақ - жұп, қыс - жаз, жақсылық - жамандық) .

Кейіпкер (көрініс) Салақ оқушы келеді, оны тәрбиелеу жолы.

Ойын: «Жұбын тап! » 6 оқушы шығару олар келіп қарсы мәндес сөздерді табады. (арам- адал, таза - лас, т. б. )

VII Бекіту кезеңі: «Кім жылдам? Ойыны. Жағымды жағымсыз қасиеттерді тізіп жазу»

Жағымды және жағымсыз қасиетерді тізіп шығу, есептеу, қорыту.

Топтың атына байланысты мақал - мәтел, қанатты сөздер айту.

VIII. Қорытынды ой: Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен! Адамның мінезі арқалай?

ІХ Бағалау.

Х. Үйге тапсырма өздеріңе ұнаған өлеңді жаттау. Еріншекке байланысты мақал - мәтелдер жинақтау .


Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердиевтің Еріншек өлеңіне арналған ана тілі сабағының жоспары
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
8-сынып Қазақ әдебиеті: Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еріншек өлеңі бойынша сабақ жоспары: мақсаттар, мазмұн және әдістемелік ұсынымдар
Ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін оқытуға арналған ашық сабақ
Абай Құнанбаевтың Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңін талдау арқылы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған сабақ жоспары
3-сынып ана тілі сабағы: Көжек ертегісін оқытуға арналған сабақ жоспары
4-сынып: Ғ. Қайырбековтың Ана тілі өлеңі бойынша сабақ жоспары
Ахмет Байтұрсынұлының Қара бұлт мысал өлеңін оқытуға арналған сабақ жоспары
4-сынып ана тілі сабағы: Баубек Бұлқышев туралы мәтінді талдау және ана тақырыбына арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz