4 а сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Адам және табиғат

Талғар ауданы

Бірлік ауылы

№35 орта мектеп - гимназиясы

(Тәрбие сағаты)

4 а класс

Бастауыш сынып мұғалімі: Рысқұлова Н. А.

2010-2011 оқу жылы

Ашық тәрбие сағаты 4 а класс

Тақырыбы: «Адам және табиғат»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Адам және табиғат арасындағы байланысты, жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі күн, су, ауа, жер, ай түсінік беріп, олардың өзіндік ерекшеліктері жайлы білімдерін нығайту.

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыту, өлі және тірі табиғатты салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты сүюге, қорғауға, бақылауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слайд, жұмбақтар, дидактикалық ойындар, суреттер, газеттер, сызбалар, топ аттары.

Өтілу барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Тақырыппен, масатымен таныстырып өту. Бес топқа бөлу және топ жетекшілерімен таныстыру. Әділқазылар алқасын белгілеп алу.

ІІ. Ойын жарыстың кезеңдері мен таныстру.

  1. Топтың аты, ұраны, әні, газетін қорғау (3мин интерактивті тақтада) .
  2. Реферат жазу (өзіндік жұмыс) .
  3. Топты қорғау. (4 мин жұмбақтар, мақал - мәтелдер, өлеңдер, анықтамалар, ерекшелігі. ) .
  4. Өлең шығару сурет салу 8 мин әр топтан екі оқушы шығады да интерактивті тақтаға суреттерін салады.
  5. Көрініс көрсету 3 мин.
  6. Зиянды жері. (ластануы слайд жасап, сол бойынша көрсету. ) .

Әділ қазылар алқасына 5 баллдық жүйемен есептеу.

ІІІ. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.

Сұрақтарға жауап береді.

1 топ: «Күн»

Ұраны: «Күн жарық пен жылудың көзі»

Әні: «Әр қашан күн сөнбесін».

2 топ : «Ай»

Ұраны: «Айым тусын оңынан, жұлдызың тусын соңыңнан!»

Әні: «Желсіз тұнде жарық ай»

3 топ: «Жер»

Ұраны: «Жер тіршілік анасы»

Әні: « Туған жер».

4 топ: «Ауа»

Ұраны: «Ауа көрінбейтін жұмақ»

Әні: «Талғардың таза ауасы -ай».

5 топ: « Су»

Ұраны : «Су анасы - бұлақ»

Әні: «Сұлу қыз су іздеген»

ІV. Көңілді ойындар:

  1. «Орын тап!»9 планетаның орналасу ретін көрсет.
  1. Доппен «Жер, су, ауа»
  2. «Ойлан тап!» (жұмбақтар) .

V. Қосымша сұрақтар беру.

  1. Қазақстандағы қорықтарды атап беру.
  2. Қазақстандағы ірі суларды атап бер және картадан көрсет.
  3. Не себепті жердің беті бірдей ысымайды? Экватор сызығы деген не?
  4. Басқа планетаның адамдары дегенді қалай түсінесің? Барма?
  5. 9 планетаны ретімен атап бер.
  6. Тірі табиғат не үшін өлі табиғатқа бағынады?
  7. Табиғат апаты деген не?

VI. Қорытынды сөз: Сызба бойынша әңгмелеу.

Адам табиғатқа тәуелді.

Сондықтан да табиғатты қорғайық, аялайық!


Ұқсас жұмыстар
4 А сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Мінез - адам көрсеткіші
Табиғат - адам өмірінің негізі: 7-сыныпқа арналған тәрбие сағаты
6-сыныпқа арналған Абайдың табиғат лирикасы тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты
Татулық - достық кілті: 5 А сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты
Табиғат - алтын бесік: қоршаған ортаны қорғауға арналған ашық тәрбие сағаты
4-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Астана тарихы, дамуы және патриоттық тәрбие
Имандылық - ізгілік негізі: 10 А сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты
Табиғат - әсемдік әлемі: 3-сынып үшін ашық тәрбие сағаты
4-сынып оқушыларына арналған ашық тәрбие сағаты: Әдептілікке тәрбиелеу
3-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Табиғатты аялайық - экологиялық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz