Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойын кезеңдері

Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ойындар арқылы игерту.

Пірманова
Күлжамила Әлзаққызы
Қызылорда
облысы,Қазалы ауданы,Басықара ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да

жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын

дүниге қарай ашылған үлкен жарық терезесі

іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі

жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған

дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құштарлық

пен еліктеудің маздап жанар оты. »

А.С.Сухомлинский
Мақсаты:
- Қызықты ойындармен тапсырмаларды орындауда, пәнге деген қызығушылықты
арттыру;
- Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетелеу;
- Оқушылардың зейінін ойлау қабілетін дамыту;
- Қиялын ұштау, шығармашылық дарындылығын дамыту

Міндеті:
- Оқушылардың дыбыс түрлерін ажырата білу, іскерліктерін қалыптастыру.
Ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету.
- Түрлі тапсырмаларды орындау барысында білім, білік дағдыларын
қалыптастыру.
- Оқушылардың сөздік қорын дамытып, сөйлеу шеберлігін шыңдау.

Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы да, тәрбиелі
азаматтарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады.
Сол үшін де мектептерде, соның ішінде білім негізі қаланатын бастауыш
сыныптарда оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес.
Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың
ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін,
тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар
жүргізілуде.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда оқушылардың шалағай меңгеруін
жою, оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру
мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екендігі сөзсіз.
К.Д.Ушинский: «Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі, белсенділігін
оята білуі мұғалімнің көрсеткіші,» - деді.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық
пайдалану және оларды оқу үрдісіне үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында
алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда
ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі
бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін
қалыптастырады.
Бала ойыны үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар
айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі
мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін
түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.
Сондықтан ұстаздар мен ата – аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сай
ұйымдастырып отырулары қажет.
Ойын арқылы балалардың достық сезімі оянып, бір – біріне қамқорлығы ұжымдық
бірлігі нығайа түседі. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал
екіншісі ойлау қабілетін, үшінші бір ойын есте сақтау қабілетін
жетілдіреді. Жалпы ойын түрлерін тиімді пайдаланудың бала тілін дамытуда
көптеген септігі тиері анық.Сонымен қатар әрбір ойында ойланғыштық,
ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына
көмектеседі. Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың
оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып,
түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.Олай болса осы ойын түрлері ойын
оқушылардың фонетиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол
мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады.
- Оқушылар бастауыш мектепте: «Дыбыс және әріп», «Дауысты дыбыс», оның жуан
және жіңішке түрлері. Дауыссыз дыбыс. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстар,
олардың үндесуі және емлесі. Буын және буын үндестігі. Тасымал. Қазақ
алфавиті сынды сөздің фонетикалық құрамымен танысады.
Осы кезеңде ойын түрлерін тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай
сабақта болмасын талапқа сай дайындалған көрнекіліктер мен қоса жұмбақ,
ребус және де ойын түрлерін баланың жас ерекшелігін ескере отырып,
пайдалануға болады. Енді осындай ойын түрлерінің 1 – ші, 2 – ші сыныптарда
қазақ тілі сабағында қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
1. «Қай әріпті жоғалттым ?» ойыны.
Бірінші сыныпта қазақ тілінен дыбыс пен әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар,
жуан және жіңішке дыбыстар тақырыптарын өткенде ал екінші сыныпта У
дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуі ы, і,и,я,ю
әріптерінің жазылуына байланысты тақырыпты өткен кезде, үшінші сыныпта
э,ц,в,ф,ч,щ,х,һ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері туралы тақырыптарды
өткен кезде пайдалануға болады.
Ойынның мақсаты: оқушылар дауысты, дауыссыз жуан, жіңішке дыбыс түрлерін
ажыратуға дағдыланады.
Ойынның ережесі: Сөз ішінде бір әріп қалдырылып кеткен бірнеше парақшалар
жасалынады. Жоғалған әріптер парақшаларын жасағанда сөздердің басында,
ортасында немесе соңынан әріптер қалдырылады.
Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде бала жаттыққанға дейін сөздің жеңіл түрлері
алынады. Одан әрі қарай күрделендіріп отыруға болады.
Алдымен мұғалім ойын ережесін түсіндіреді. Одан әрі қарай жұмысты оқушы
өзі жасайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушы сөздерді дұрыс құруға, қатесіз жазуға, сөз
мағынасын ажырата білуге қалыптасады.
2. «Бұл қалай өзгерген»ойыны.
Бұл ойын бірінші сыныпта әліппені үйрету кезеңінде д – т, ұ – ү, б – п, о –
е және а – е әріптерін салыстыру сабақтарында қазақ тілінен дыбыс пен әріп
дауыссыз, дауысты дыбыстар. А- ә, ұ – ү, о - ө әріптері бар сөздер
тақырыптарын өткенде екінші сыныпта жуан және жіңішке дауыстылар ы – і
әріптерінің жазылуы дауыссыз дыбыстар тақырыптарын өткенде пайдаланылады.
Ойынның мақсаты: Ойын барысында оқушылар сөз ішіндегі дыбыстардың дұрыс
жазылуына (егер сөздің бір дыбысы дұрыс жазылмаса), сөздің мағынасының
өзгергенін анықтайтын деңгейге жетеді.
Ойынның ережесі: Берілген дыбыстарға қатысты бірнеше сөз беріледі. Және сол
сөздердің жазылуы мен айтылуна баса назар аударылады.
Ойынның кезеңдері: Мұғалім ойын ережесі мен таныстырады одан әрі ойынды
оқушы өзі жалғастырады.
Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар сөз мағынасын дұрыс жазылмаған
жағдайда өзгеретінін жете түсінеді, жуан, жіңішке дыбыстардың жазылуын
ажыратуға дағдыланады.
Ойынның тиімділігі: Сол сияқты жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс
жазылуына көңіл бөлінеді.
3. «Қай буыны жоғалттым» ойыны.
Ойын бірінші сыныпта кісі аттарын бас әріппен жазылуы бақырыбын өткенде
қолданылады.
Ойынның мақсаты: Оқушылар буындардың бір – біріне сай келетіндігін іздеп
табады. Және кісі аттарының бас әріппен жазылатыны есте сақтайды.
Ойын ережесі: Әрбір партаға буындар салынған олардың біреуі бас әріппен,
екіншісі кіші әріппен жазылған қалталар таратылады.
Ойынның кезеңдері: Мұғалім ойын ережесімен таныстырады. Оқушылар одан әрі
жұптасып жұмыс жасайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушы жұптасып жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа
тәрбиеленеді. Кісі аттарының бас әріппен жазылатынын жете түсінеді.
4. «Ойлан тап» ойыны
Бұл ойында балалар буын арқылы жаңа сөз жасауы керек. Мұғалім қима қағазға
сөздің бірінші буынын жазып қояды, ал екінші буынды оқушы өзі іздеп табады.
Мысалы: Кар – топ, дәп – тер, көр– пе, пар – та, тақ – та.
Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға
дағдыланады.
Ойынның ережесі: Бірнеше буындар жазылған қима қағаздар таратылады. Сол
буындарға сәйкес буындар тауып жаңа сөз құрайды.
Ойынның кезеңдері: Мұғалім ойын шартын түсіндіреді, одан әрі оқушы жұмысты
өзі жасайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, қатесіз жазуға
дағдыланады.
5. «Сөзді тап» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін
ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін
жетілдіру.
Ойынның ережесі: Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте тақтаға
ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы және соңғы дыбыстарын бірдей
әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден оқыса да, оңынан оқыса да бірдей
сөздер ойлап табады.
Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп
тақтаға кесте іледі. Екінші кезеңде оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс құруға,
сөздердің мағыналарын жете түсінуге дағдыланады.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін
нығайтады. Олардың ізденімпаздығын қабілетін жетілдіреді.

|Қ | | | |Қ |
|Қ | | | |Қ |
|Қ | | | |Қ |
|Қ | | | |Қ |
|К | | | |К |
|К | | | |К |
|К | | | |К |
|К | | | |К |

(Жауабы: қызық, қазық, қалақ, қырық, кесек, кезек, кебек,)
Оқушылар жоғарыдағы сөздерді дұрыс табу арқылы өздеріне таныс сөздермен де,
мағыналары түсініксіз сөздермен де танысалы. Бұл ойын оқушының дауыссыз
дыбыстардың ерекшелігін тез түсіну, дыбыстардан сөздерді дұрыс құрай білу
дағдысын қалыптастырады. Тапсырмадағы жасырылған сөздер оқушыларға таныс
болмаса, мұғалім ол сөздердің мағыналарын түсіндіріп өтеді. Мұндай ойындар
оқушылардың сөздік қорын байытуға, үйренуге, сөздерді дұрыс қолдануға
көмектеседі.
6. «Өлең шумағын дұрыс оқы» ойыны.
Ойында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім
ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың
басқа да білетін өлеңдерін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай
Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтеді. Және содан кейін
тақтаға таңдалған өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау
дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу
жолдарын үйрету.
Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс
тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен
айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.
Ойын кезеңдері: Ойын үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде балалар жасырылған өлең шумағын дыбыстарды тіркестіре
отырып табады. Бұл шәкірттің сөздерді дұрыс құрау біліктерін
қалыптастырады.
Екінші кезеңде өлең шумағын өз сөздерімен айтып түсіндіреді. Бұл олардың
сөздік қорын жетілдіріп, өз ойын ашық жүйелі түрде айтуға дағдыландырады.
Үшінші кезеңде: Олар өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстарға талдау
жасайды. Оқушылар өтілген материалды қайталайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіреді. Олардың сөздік
қоры молайып, дұрыс сөйлеуге дағдыланады.

|А |Т |І |К |С |Л |Л |О |
|П |Н |Р |Р |А |О |М |Б |
|Т |І |П |І |Ң |Б |А |З |
|А |Г |І |Б |А |З |Ә |А |
|Б |І |Ш |Е |Р |А |Р |П |
|А |Т |Д |Д |Қ |П |Н |М |
|Р |Е |Ү |Н |А |Р |Е |Е |
|Қ |К |Н |Е |Л |Е |Г |С |
|А |Е |И |С |А |Н |Е |Ә |
|Л |Д |Е |. |Н |Ө |, |Д |
|А |Н |Г |С |П |М |Ң |Ө |

Жауабы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та арқалан.
Бұл ойын оқушылардың қазақ тілі дыбыстарын дұрыс игеру дағдыларын
жетілдірумен қатар, олардың сөздік қорын дамытады, логикалық ойлауға
үйретеді. Оқушылар жасырылған өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік
мәнін жете түсінеді.
7. «Қадам бас» ойыны.
Оқушылардың тапқырлығын дамытуға У дыбысының өзіндік ерекшелігін терең
түсінуге негізделеді. Бұл ойын қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын меңгеріп
болғаннан кейін, білімдерін бекіту мақсатында қолданылады.
Ойынның мақсаты: Оқушылар баспалдақ күйінде берілген тор көздегі сөздерді
дұрыс табуы қажет. Тор көздің санына қарай табылған сөз толық мағыналы
болуы шарт.
Ойынның кезеңдері: Ойынның алғашқы кезеңінде мұғалім оқушыларға ойын
ережесін түсіндіріп, У дыбысының өзіндік белгілерін атауды тапсырады.
Келесі кезеңде оқушылар тапсырманы орындайды.
Ойынның тиімділігі: Оқушылардың фонетикалық дағдыларын жетілдіреді.

| | | | | | | |У | | | | | | | | | |У | | | | | | | | | |У | | | | | | | |
| |У | | | | | | | | | |У | | | | | | | | | |У | | | | | | | | | |У | | | |
| | | | | |У | | | | | | | | | |У | |
Жауабы: У,ау, тау, ауру, жырау, Атырау, қоңырау, Көкшетау, Маңғыстау.
Ойын барысында оқушылардың фонетикалық дағдылары жетіліп, сөздік қоры
дамиды.
Қазақ тілімен қоса ана тілі сабақтарында оқушылардың ой - өрісін дамытумен
бірге сөздік қорын байыту, тілін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Осындай
мақсатта
«Дыбыс таңдау» ойынын пайдалануға болады.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік
қорын дамыту.
Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем
құрайды.
Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен
таныстырады.
Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды;
Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды.
Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой - өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі
артады.
Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады:
Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.
Бақыт бүгін бақшаға барды.
Осындай көптеген ойындар арқылы оқушылар дыбыстардың түрлерін олардың
негізгі ерекшеліктерін жете ұғынады.
Жалпы бастауыш сыныптарда қандай пәнді болсын оқыту барысында ойын түрлерін
пайдалану маңызды рөл атқарады. «Тамызығын тапса таста жанады» деп халық
даналары айтқанда, әрбір ойынды тиімді пайдалану арқылы кез келген сабақты
жандырып өтуге, бала бойындағы шығармашылық қабілетін жандандыруға
мүмкіндік зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бастауыш мектеп 2005жыл, № 4
2. Дидактикалық ойындар
3. Қазақ тілі: лексика, фонетика, синтаксис, морфология. Ш.К.Бектұров
2006ж
«Ата мұра»
4. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі С.Мырзабеков, 1999 жыл. «Алматы»

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
М.төрежанов, еркіннің еңбегі. әдебиеттік оқу, 2 сынып
Доп ойыншылардың біреуінің қолында
Бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың презентациясы
Сабақ мақсаттары. Сабақтың басы
Әрқайсысының қолында доп
Топ басшының бағалау парағы арқылы бағалауы
Дене мүшелері Дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетулері керек
Кірпілер
Пәндер