Жәндік атауларының топтастырылуы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы:
Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны.
Секция: «Сөйлеші, тілім, жосылып»
Мектеп: №41 М. Шоқай атындағы орта мектеп
Сынып: 4 «А»
Орындаған: Пейішбек Агахан Нұрлыбекұлы
Жетекші: №41 М. Шоқай атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абылаева Гауһар Мұхамадалиқызы
Ғылыми жетекші: Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті филология факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тайманова С.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 2012 жыл
Мазмұны
Кіріспе8-бет
Негізгі бөлім.
Жәндік және жан-жануарлар атауларының зерттелінуі. 9-бет
Жәндік атауларының топтастырылуы. 10-бет
Зерттеу бөлімі
Жәндіктердің символдық мәні11-бет
Жәндік атауларының дүниетанымдық мәні. 15-бет
Жәндіктерге қатысты фразеологиялық тіркестер. 16-бет
Жәндіктерге байланысты мақал-мәтелдер мен теңеулер17-бет
Қорытынды 19-бет
Пайдаланылған әдебиеттер 21-бет
№41 М. Шоқай атындағы орта
мектептің 4 «А» сынып оқушысы Пейішбек Агаханның
«Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз»
Ғылыми жоба жарысына ұсынған
«Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа,
жәндік атауларының алатын орны. »
атты зерттеу жұмысына
Пікір
Пейішбек Агаханның жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобасына ұсынылған « Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны. » тақырыбындағы еңбегі ғылыми тұрғыдан көп қызығушылық тудырады. Агахан құрт-құмырсқа, жәндік атауларының әр түрлі морфологиялық ерекшеліктерде болатынын, олардың маңызын, табиғатта орналасатын орнын өз деңгейінде зерттеп меңгеру арқылы жәндік атауларының қазақ халқы үшін киелі, қасиетті деп саналатын жәндіктердің мәнін ашуға, халқымыздың мәдени жүйесін анықтауға өз үлесін шамасына қарай қосқан.
Агахан құрт-құмырсқа, жәндік биологиясына сипаттама беруде көптеген әдебиеттерді пайдаланған. Қазақ тілі сабақтарында көріп отырған ережелер мен жаттығулар орындауда өзінің байқағыштығын көреміз. « Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны. » тақырыбына жазылған Пейішбек Агаханның ғылыми жұмысын жоғары бағалап, «Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» Ғылыми жоба жарысында қорғауға ұсынамын. Агаханның болашақта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін.
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда Мемлекеттік Университеті филология факультетінің
доценті, филология ғылымдарының кандидаты: Тайманова С.
Аннотация
Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа, жәндік атауларының
алатын орнын а рнайы алып зерттеудің маңызы зор. Өйткені осы саланы ғылыми негізде қарастыру арқылы жәндік атауларының қазақ халқы үшін киелі, қасиетті деп саналатын жәндіктердің мәнін ашуға, халқымыздың мәдени жүйесін анықтауға және сандаған ғасырлар бойы бабалар жасаған мәдени мұраны танып, игеруге мүмкіндік туады.
Кітаптан, баспасөз материалдарынан, интернеттен қызықты да, танымды құндылықтарды білуге мүмкіндік болды.
Аннотация
Научное исследование посвященно названиям насекомых, являющихся частью природных явлений, существующих наряду с человечеством, встречающихся в языковой системе, в быту и в деятельности степных казахов, занимающихся животноводством, которые до сегодняшнего дня в языковом плане не были исследованы. Стоит заметить, что в нашем языке существует богатый фонд наименований насекомых, который может составить материал для формирования специального словаря названий насекомых. Он может служить объектом языкового исследования во всех отраслях языка. Данная исследовательская работа посвящена анализу названий насекомых в казахском языке и их использованию на уроках казахского языка.
Resume
The research is devoted to the names of insects in the Kazakh language which are the part of natural phoneme existing together with the humanity in the language system (as well as in the parameological, phraseological stock, in daily life and in the activities of the steppe Kazakhs on the farm including cattle breeding. The theme of the research has not been given analysis and consideration yet. It is worth mentioning that the Kazakh language is rich in the insects’ names which can build the material to compile a special dictionary of insects’ names. The research may also be the object of language studies.
Тақырыптың таңдалуы. Егемен ел болып, еңсемізді көтеріп, етек-жеңімізді жиған заманда өткенімізді ардақтап, бүгінгімізді бағамдауымыз, келешекті бағдарлауымызда мен таңдаған тақырыптың әрі қызықты, әрі танымдық мәні зор.
Жұмыстың мақсаты - қазақ елінің құрт-құмырсқа, жәндік атауларын зерттеп, жүйелеу, күнделікті тұрмыстағы, қазақ тілі пәні сабақтарында қолданысын түсіндіру.
Жұмыстың мақсатына жетуге қойылған міндеттер:
- Қазақ тіліндегі жәндік атауларын жинақтау, пайда болуы жөнінде мағлұмат жинау;
- Қазақ тілінде атауларының жасалуына қарай топтастыру, оларға түсінік беру;
- Құрт-құмырсқа мен жәндік атауларын қазақ тілі пәнімен байланыстыру.
Күтілетін нәтиже - ұлттық құндылықтарды қастерлеу, құрт-құмырсқа, жәндік атаулары жайындағы мағлұматтарды оқып, пайдалана білуге мүмкіндік туғызу.
КІРІСПЕ
Менің 3-4 сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында байқағаным
құрт-құмырсқа мен жәндіктердің атаулары жаттығуларда және ережелерді түсіндіруде көп кездеседі. Осы тақырып мені қызықтыра бастады, яғни жәндіктердің қазақ халқы үшін алатын орны және қазақ тілі пәнін оқу кезінде мысал ретінде неліктен көп қолданылады.
Мысалы, Қазақ тілі. 4 сынып «Дыбыс үндестігі» тақырыбындағы
4-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Атам жанқалтасынан құжаттарын алды. 2. Шырағым, дүниеқоңыз емес, ақпейіл, адал жан екенсің. 3. Бос жатқан дала құрт-құмырсқаға, қарақұрт пен өрмекшіге толып кетті. 4. Мектептегі табиғат мүйісінде тасбақа бар.
5. Қарағанды- ірі өнеркәсіпті қала.
Тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр .
Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі - мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де қорында да жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі - жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар. Кеңінен көрініс табатын тілдің зерттеу нысаны бола алады. Менің зерттеу жұмысым жәндік атауларын қазақ тіліндегі қолдануы.
Тілдік қорымыздың оннан бірін құрап отырған жәндік атауларын зерттеу нысаны етіп ала отырып, халықтың сол бір тіршілік иелері туралы таным-түсінігі, халықтың соларға берген сипаттамасын, теңеуін, өзге дүниені танытуда салыстыра қолдануын, адамның мінез-құлқы мен қимыл-қозғалысын әсірелеп танытуда әлгі жәндік атауларын зерттеу өзекті деп ойлаймын.
Негізгі бөлім
- Жәндік және жан-жануарлар атауларының зерттелінуі.
Қазақстанда мекендейтін жәндіктердің 20 мыңнан аса түрі кездеседі екен. Табиғат аясында өскен, әрі байқағыш, әрі сөз тапқыш қазақ халқы олардың бәріне атау беріп, айдар таққан.
Жәндіктердің атауларын жинақтап, тілдің әр қырынан қарастыруға тырыстық. Ол үшін жәндіктердің әр алуан түрлілігімен, адамға, айнала қоршаған ортаға пайдалы ықпалы мен зиянды әрекеттерімен ерекшеленген белгілері басым болғандықтан, арнайы зерттеу бағытын таңдап алуды дұрыс көрдік.
Жәндік атауларының түрлері, олардың халықтық атаулары, оларға қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты теңеулер, фразеологизмдер талданады.
Жәндік атауларының топтастырылуы.
- Бау-бақшаға, дәнді-дақылдарға, жемістерге зиян келтіретін жәндіктер;
- Жан-жануарларға зиян келтіретін жәндіктер;
- Адамда ауру тудыратын жәндіктер;
- Медицинада мен техникаға пайда келтіретін жәндіктер;
- Құм жәндіктері;
- Су жәндіктері;
- Түн жәндіктері
Әртүрлі халық бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі ұғым түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді.
Әр затты танып біліп, оны басқалардан ажыратқаннан кейін ғана оған ат қойылады. Мәселен, жәндікке берілген халықтық атаулары
біріншіден, сыртқы дене бітіміне, түр-түсіне байланысты болса,
екіншіден, жәндіктің жасайтын қимыл әрекетіне: жорғалау, секіру, өрмелеу, ирелеңдеу, бұралаңдау, бүкшиген, балпаңдаған, бүріскен, т. б.
қозғалыстарына байланысты болады.
Үшіншіден , оның өзіне тән қызметі мен өмір сүру тіршілігіне, қоршаған ортаға тигізер пайдасы мен зиянына байланысты да атау беріледі.
Төртіншіден, жәндіктердің мекендейтін орнына, тіршілік ететін ұясына сәйкес ат қойылады. Мысалы,
мылтықшы - дәуіт жәндігінің халықтық атауы.
Дәуіт айбат шеккенде артқы ұзын екі аяғын жоғары көтеріп, алдыңғы аяқтарына тіреп, ұзақ уақыт бойы діттеген дүниесін көздеп тұрған, қолына мылтық алған мергендей қозғалмастан тапшылмай тұрып қалады. Осы сыртқы бітім-болмысын мылтықшыға ұқсату негізінде дәуіт халық арасында «мылтықшы» атанған. Ауызекі сөйленісте « мылтықшы жыланның көзін ойып ала береді» деп қолданады .
Молдабас - кесірткенің қосымша атауы.
Оның сыртқы келбеті, әсіресе басы сәлде ораған молданың басына ұқсайтын болғандықтан, теңеу негізінде «молдабас» атауы халық арасына кең таралып, қолданымдық аясы да кеңейе түскен. Бұл атау сыртқы бітімін ұқсату, теңестіруден туындаған.
Жәндік атауларының дүниетанымдық мәні.
Жәндіктердің адам танымында, ырым-тыйымдарында, наным-сенімінде ерекше орын алатыны, тіпті жыл мезгілдерінің өзгеру құбылыстарын сол жәндіктердің әрекетіне, қызметі мен қимыл-қозғалыстарына қарап болжауы,
табиғат апаттарын сездіртетін жәндіктердің қасиеттерін қастерлеуі адам мен табиғаттың осы бір кішкене бөлшегінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты, біте қайнасқан өмірді, тіршілік етер орны мен жұтар ауасы ортақ екенін байқатады.
4 сынып. Қазақ тілі. «Жіктеу есімдіктері»
2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Есімдіктерді ата.
Олжас пен Айбек қармақ салуға бармақшы болды.
-Сен жемге не алдың ?-деп сұрады Олжас.
-Мен шегіртке алдым, - деді Айбек.
Жәндіктердің символдық мәні.
Адамдар дүниетанымындағы жәндіктерді де символ ретінде пайдаланады.
Қазақ халқы үшін
жылан арбаушы күш-құдіреттің символы, қазыналы байлықтың қорғаушысы,
құмырсқа - еңбекқорлықтың символы,
шегіртке - ойсыздық, жалқаулықтың символы,
көбелек - жеңілтекті, ақкөңілділіктің символы.
4 сынып. Қазақ тілі. Атау септік. 2- жаттығу
Бір құмырсқа өзенннің жағасына келеді. Өзеннің суына еңкейе бергенде, толқын соғып, суға кетіп қала жаздайды. Мұны көрген көгершін аузындағы тістеген бұтағын суға тастайды. Құмырсқа бұтаққа жабысып, аман-есен калады. Осы кезде бір мерген тормен көгершінді ұстамақ болады. Мұны көрген құмырсқа мергенге жабысып, оның аяғын шағып алады. Мерген «Не болды?»-деп торын тастай бергенде, көгершін ұшып кетеді.
Тапсырма. Ертегіні қалай атар едің. Құмырсқа мен көгершіннің іс-әрекеті туралы қандай мақал айтуға болады.
Үндістанда жылан - өмірді жалғастырушы, мәңгіліктің, жанның байлығы және кей жағдайда жасырын жатқан байлықтың символы деп есептейді. Сонымен қатар, кобра жыланы - қорғаушының символы деп есептелінеді.
Қытайда жылан - қулықтың және қауіптің символы.
Қазіргі кезде жылан - медицинаның басты символы - тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген.
Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.
Жылан уының емдік қасиеті бар.
Жәндік атауларының ішінде халықтың дүниетанымында кең, ауқымды орын алған, өзіндік күш-құдіреті мен адамға деген қатынасы негізінде тілдік қорда әртүрлі мағыналарға, сыни, бағалауыштық мәндерге ие болған, мифологиялық, діни тұрғыдан бейнесі ерекше сомдалған ЖЫЛАН атауы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz