Жіктеу есімдігінің септелуі: 4-сынып ашық сабағы (ЖББ №65, Қарағанды, 2011)

ЖББ №65 орта мектебі

Ашық сабақ:

Жіктеу есімдігінің септелуі.

Өткізген: Нурбекова. С. К.

4 «Г» сыныбы

Қарағанды 2011

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің септелуі.

  • Білімділік:Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуін зат есімнің септелуімен салыстыра отырып меңгерту, жіктеу есімдігінің тілде атқаратын қызметін байқату, оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.
  • Дамытушылық:Оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерді есімдіктермен алмастырып қолдануға дағдыландыру, ой-өрісін, тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге, шығармашылыққа баулу.
  • Тәрбиелік:Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптасуына ықпал ету.
  • Сабақ түрі:Жарыс сабақ.
  • Әдісі:Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
  • Көрнекілігі:Суреттер, карточкалар, интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, сабақты бастамас бұрын өлкеміздің жаңашыл педагогы марқұм Ш Әленовтың тәлім сөзімен бастайық:

- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпекші, әр қатар атсалысып, білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
  2. Жіктеу есімдігін үш жақта жекеше түрде жікте.
  3. Жіктеу есімдігін үш жақта көпше түрде жікте.
  4. 498-жаттығу
  5. Карточкамен жұмыс.

Өткенді пысықтау:

ІІІ. Жаңа сабақ: Жіктеу есімдігінің септелуі.

Жіктеу есімдіктері жекеше, көпше түрде жіктелуін үйрендік, енді бүгін сабақта жіктеу есімдігінің септелуін үйренеміз. Тақтаға назар аударайық.

491-жаттығу.

Жалбыз наурыз айының аяғында өсе бастайды. Ол дымқыл, шалғынды жерлерде көп кездеседі. Оның дәрілік маңызы зор. Оны бүйрек ауруына, суық тигенде ем үшін қолданады.

Мен ауырғанда оның тұнбасын іштім. Жалбыз маған ұнайды.

ІV. Тақтамен жұмыс.

492-жаттығу

Оқы. Зат есім мен есімдіктің септелуін салыстыр. Олардың септелуінде қандай өзгешелік бар?

Септіктер:

Септіктер

Сұрақтары:

Сұрақтары

З. Е. септелуі:

З. Е. септелуі

Есімдіктің септелуі:

Есімдіктің септелуі

Септіктер:

А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Сұрақтары:

кім?

кімнің?

кімге?

кімді?

кімде?

кімнен?

кіммен?

З. Е. септелуі:

Сәуле

Сәуленің

Сәулеге

Сәулені

Сәуледе

Сәуледен

Сәулемен

онымен

Есімдіктің септелуі:

ол

оның

оған

оны

онда

одан

V. Сергіту сәті:

Біздер тату баламыз,

Гүлдей жайнап, жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Жоғары қолды созамыз,

Аяқ ұшында тұрамыз.

1, 2, 3, 4.

VІ. Тақтамен жұмыс.

493-жаттығу

Мен, сен, біз есімдіктерін септеп жаз, септік жалғауларын ата.

Үш қатардың оқушылары осы есімдіктерді тақтада септеп жазады.

VІІ. Шығармашылық жұмыс.

494-жаттығу.

Нан ардақты, адал ас,

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастарқан үстінде

Қол жумай оны ұстамас.

(Ө. Тұрманжанов)

А) Тапсырмалар:

1-қатар: Өлеңнің мазмұнын сөйлеп береді.

2-қатар: Өлеңнен есімдіктерді табады, қай септікте тұрғанын сұрақ қою арқылы анық

3-Қатар: «Ас атасы-нан» тақырыбында шағын шығарма жазу

Ә) Нанға байланысты тыйым сөздерді оқушылар тақтаға жазады.

VІІІ. Ойлан тап!

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қою, қай септікте тұрғанын анықтау.

496-жаттығу.

. . . мектепке де бірге бардық. Ол - бір үйдің еркесі. . . . атасы мен әжесі бар. . . . . апам ғана бар. Әкем әскерге кеткен. Апам жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Ол кез қиын уақыт еді.

ІХ. Қорытынды:

  • Есімдік дегеніміз не?
  • Есімдіктің қандай түрлері бар?
  • Жіктеу есімдіктерін айт.
  • Менжіктеу есімдігін септеп бер.
  • Бізесімдігін жатыс септігінде айт.

Х. Үйге тапсырма:

496 - жаттығу.

“Қобыз” атты мәтінді көшіріп жазу, есімдіктердің қай септікте тұрғанын айт. Септеліп тұрған есімдіктің атау септіктегі түбірін ата.

ХІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып қазақ тілі сабағы: Зат есімнің септелуі
Өздік есімдігінің түрленуі: 7-сынып қазақ тілі сабағы
ЖББ №65 2 Д сыныптың сабақ жоспарлары: ұялы телефон туралы дебат, Мағжан Жұмабаев мәтіні бойынша қазақ тілі сабағы және жіп туралы еңбек сабағы
Қазақ тілі (4-сынып): Зат есімнің септелуі - қысқа мерзімді сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Сұрау есімдігінің түрленуі тақырыбындағы сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар: Қазақ тілі - 2-сынып: Зат есім; 4-сынып: Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі
4-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Етістіктің жіктелуі
8-сынып қазақ тілі сабағы: Қарағанды қаласының тарихы мен өнеркәсіптік әлеуеті
4-сынып ана тілі сабағы: Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі және шығармашылығы (Жеңістің 65 жылдығы мен батырдың 100 жылдығына арналған)
4-сынып математикасы: Білімді тиянақтау - ашық ойын сабағы Жұлдызды сәт, Ермекбаева К.К., №39 жалпы орта мектеп, Семей, 2011-2012 оқу жылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz