Қос сөздер тақырыбы бойынша 4-сыныпқа арналған сабақ жоспары

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен» ММ

Тақырыбы: «Қос сөздер»

Бастауыш сынып мұғалімі:

Нугуспанова Шынар Төленқызы

4 «А» сынып

Семей қаласы

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Мақсаты:

1 . Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.

2 . Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін және сөздік қорларын дамыту.

3. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Әдістері : Әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу, тест, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер : Сюжетті суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар.

Сабақ барысы:

І. Үйымдастыру бөлімін өткізу.

1. Кіріспе бөлім.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың барысын алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік мерекесіне арнап, « Тәуелсіздік тарланы » атты ойын желісімен өткіземіз.

Ойын шарты: Алдымызда басқыш тұр.

Әр басқыштың өз тапсырмасы бар. Оны өз деңгейінде орындаған топ ұпай жинап сабағымыздағы « Білімді топ » болып, « Тәуелсіздік тарланы » атағын алады.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Және оны сыйлап ешкім бермеді.

Желтоқсанда қаза болған ұл- қыздың

Еңбегі мен бейнетінің шыңы еді- дей отырып, Тәуелсіздік күніне арналған сабағымызды мына жоспармен бастаймыз.

1. Үй тапсырмасы. Тест жұмысы

2. 2- жаттығу. “Қай топ тез орындай алады?”

3. 4- жаттығу. “Өндірушілер мен тұтынушылар” ойыны

4. Бекіту. Терме диктант

5. Шығармашылық тапсырма

ІІ. 1- басқыш. Тапсырманың мақсаты: ережені еске түсіріп, тест бойынша үй тапсырмасын бекіту.

Күрделі сөздер

  • Біріккен сөздер (жолбарыс, Сарыағаш т. б. )
  • Қос сөздер (ата -ана, дүркін -дүркін т. б. )
  • Қысқарған сөздер (кг, БҰҰ т. б. )
  • Тіркесті сөздер (Боз торғай, үш жүз т. б. )

Тест

1 . Күрделі сөз дегеніміз не ?

А) Екі немесе одан да коп түбірден жасалған сөз.

Ә) Бір түбірден жасалған сөз.

2. Күрделі сөзді табыңыз

А) Көшенің шамы жанып тұр.

Ә) Ақбөкен - қызыл кітапқа енген жануар .

Б) Түн мөлшерін біле алмады.

3 . Біріккен сөздер дегеніміз не?

А) Қаратпа сөз.

Ә) Екі түбірден жасалған сөз.

Б) Бір түбірден жасалған сөз.

4. Біріккен сөздерді тап.

А) Темір

Ә) Ақсақал

Б) Ағаш

5 . Біріккен сөзді тап

А) Айша

Ә) Жұмыс

Б) Сарыағаш

Кілті

1. А

2. Ә

3. Ә

4. Ә

5. Б

Бағалау.

“5” - 0 қате

“4” - 1, 2 қате

“3 ” - 3, 4 қате

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Оқулықпен жұмыс.

2 - басқыш. 49-жаттығу. « Қай топ тез орындай алады ?» Тапсырманың мақсаты: Өлеңді оқып, қос сөздерді теріп жазу. Қос сөздің біріккен сөзден қандай айырмашылығы бар екенін айту.

Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр.

Түйе-түйе жүн жатыр,

Ауыл-ауыл ел жатыр.

3- басқыш . 50- жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазады, қос сөздерді тауып, астын сызады.

Көре-көре көсем боларсың,

Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

4- басқыш . 51-жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазады.

Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-санда, қарқ-қарқ, жап-жасыл.

ІV. Бекіту.

5-басқыш. 52-жаттығу. Шарты : Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

V. Қорытынды.

6- басқыш . Шығармашылық тапсырма.

- Балалар, манадан бергі айтылып жатқандарды ескеріп, әр топ өзіне берілген сурет бойынша сөйлемдер құрастырады. Ішінде қос сөздер болу керек, ұнаған сөйлемді тақтада жазып, қалғандары көшіріп жазады.

VІ Үйге: 1 . 53- жаттығуды түсіндіріп беру. 82-бет.

2. Ережені жаттау .

VІІ. Жеңімпаз топты анықтау. Білімдерін бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып қазақ тілі: Қос сөздер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Қос сөздер тақырыбы бойынша сабақ жоспары және әдістемелік нұсқаулық
6-сынып: Қос сөздер және қайталама қос сөздер бойынша сабақ жоспары
Сөйлемдегі қос сөздер: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Қос сөздер мен қайталама қос сөздер: қазақ тілінен сабақ жоспары
6-сынып: Күрделі сөздер мен қосарлама қос сөздер бойынша сабақ жоспары
Ашық сабақ: 4-сынып, Қазақ тілі - Қос сөздер
4-сынып қазақ тілінен Біріккен сөздер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған Қос сөздер тақырыбындағы қазақ тілі сабақ жоспары
3-4 сыныптарға арналған ана тілі бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарлары: Қамқорлық және қайталама қос сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz