Қазақ тілін оқыту технологиясы

Біздің ана тіліміз - өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. ХІХ-ХХ ғасырларда қазақ тілін ғылыми тұрғыда зерттеген Еуропа, Ресей ғалымдарының өзі: «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады . . . » (Радлов) , « Қазақ тілі - түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл . . . » (Мелиоранский) деп тамсана таңырқаған. Қазақ тілі түркілік саф тазалығын сақтап келгенін ерте заманғы Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі тасқа қашалып қалған жазулар -ақ анық аңғартады.

«Тіл - ұлттың жаны» деген ұлы адамдар. Бүгінгі күні, үшінші мыңжылдық есігін ашып, табалдырығынан аттап кірген шақта тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің де тағдыр-талайына тікелей байланысты екенін бәріміз жан-жүрегімізбен түсініп, сезінеміз. Ал, тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімінің ұлы қаруы, алтын арқауы саналатындықтан, қазақ тілінің келешек көкжиектері біздің білім беру ұйымдарымыздағы қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Соған орай ана тіліміз бен әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілдің туын өзіне лайықты шыңына қондыруға үлес қосып келеміз. Бұл - туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы, шәкірт алдындағы перзенттік әрі азаматтық парызымыз.

Тіл кез келген танымдық іс - әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін танып біледі.

- теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын

пайымдауға үйрететін білімдік қызметін;

- жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл

арқылы меңгеруге болатынын, өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану

мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін

танымдық қызметін;

- алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін

жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін.

Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі - тілдік материалды әдебиетпен сабақтастырып, пәнаралық байланыстың негізінде ғылым мен білімді өзара тоғыстыра отырып, жеке тұлғаның рухани әлемін байыту, баланың өзіне тән көзқарасы мен пікірін қалыптастыру. Ашық әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, әдебиет қағидаларын қазақ тілі сабағында пайдалана білу, кейіпкерлердің әдемі қасиеттерін оқушы бойына сіңіріп, оны өмірмен ұштастыра алу, дүниені, ортаны, адамды жан-жақты зерттеп тани білу, тілдік материалдар арқылы сыртқы қоршаған ортаны оқушы өз ой-санасымен зерделей отырып, тілдік қатынасқа түсу - барлығы оқыту жүйесін жаңаландырып, білім беру үрдісін тереңдете түседі. Қазақ тілі сабағында сөз бен сөйлемді, тұрақты тіркес пен мәтінді меңгерту үшін оқушыға ой салу, ойланту, өз пайымын тіл арқылы дәл, нақты, шешен жеткізе білуге жетелеу көп ізденісті қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде ұстаз Қанипа Бітібаеваның «Ой салу-ұстаз тарпынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту- ұстаз тарапынан, шешімге келу- оқушы тарапынан болу керек» деген пікірдің психологиялық жағынан дұрыс тұжырым екендігін атай кеткен жөн. Өйткені таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді.

Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тілдік

қағидаларды басшылыққа ала отырып, сабақтың білімдік мақсатымен

қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл оқушыны

адам жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді.

  1. Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, есте сақтау қабілетін, жадысын, кез келген ақпаратты қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру тілдік материалды дамыта оқытумен байланысты. Берілген тақырып ішінен ең қажетті, ең пайдалы нәрсені сұрыптап, таңдай білу оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді.
  2. Сабақтағы материал сынып шеңберінен шығып, табиғи ортамен тығыз байланысты бола келіп, бала өсіп жетілетін, әсер алатын күнделікті қоғамдық өмірмен астасып, ұштасып жатса, теориялық білім практикамен жалғасып, баланың ой-өрісін, сана- сезімін кеңейтеді.
  3. Тілдік және қатысымдық бірліктердің мағыналық ерекшіліктерін нақты мысалдармен түсіндіріп, әр сөздің мағыналық реңкін тіркес пен сөйлем құрамында қолдана отырып ойды түрлендіруге болатын мүмкіндіктер жасау, сөзді әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізуге үйрету оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады.

Танымдық белсенділік деп оқушылардың жеке және жас

ерекшеліктерін есепке ала отырып ұйымдастырылған таным үдерісінде пайда болатын, бекітілетін, дамитын жеке тұлғалық қасиетті тануға болады.

Танымдық белсенділік пен оқушының дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз. Оқушының таным белсенділігі оның білімге деген қабілетін сипаттайды. Ал басқа қабілет-қасиеттері іс-әрекет барысында айқындалып дамиды. Тиісті жағдай, мүмкіндік болмаса белсенділік те өркен жая алмайды. Сондықтан да белсенділікті арттыратын әдістерді мейілінше дамыту тәжірибелік іс-әрекеттің өркендеуіне, ақыл-ойға қозғау салады. Мұның өзі білім сапасын көтерумен қатар оны өмірде пайдаланудың жолын кеңейтеді. Танымдық белсенділік көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі жатады.

Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, құзырлылығы жетілген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

Қазақ тілін сапалы оқыту ізденістері - бүгінгі пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Оқушыға ана тілін өз деңгейінде меңгерту оған көп тілді үйренуіне мүмкіндік тудырады. Ана тілінің қыр - сырын терең игерген баланың ұлттық дүниетаным арқылы азамттық көзқарасы мен тұлғалық ұстанымы қалыптасады. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушыға білім мен тәрбие бере отырып алынған білімді қажеттілігіне жарат білу, шығармашылық ізденіс көздерін ашуына бағдар бере білу керек. Қазақ тілі пәнін оқытуда оқушының жан - жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .

Қазақ тілі сабағы баланың ой - өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екенін сезіндіру қажет. Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне, сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуелді Осы орайда қазақ тілі пәнін оқытудың жан - жақты міндеттері айқындалады. Қазақ тілін оқытудың мақсатын орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі-тұман» деп М. Дулатов айтқанындай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Сондықтан өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісін тиімді жүргізу - әрбір ұстаздың міндеті. Осы орайда елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені бар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

ХХІ ғасырдың жан - жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.

Білім - теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны - мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру - табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден - бір жолы - жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

Қазақ тілі және әдебиеті сабағындағы жаңа технологиялар

Технология дегеніміз - белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, білгілі бір мақсатқа жұмылдырылған алдын - ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.

Педагогикалық технологиялар - оқу - тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі - жаңа технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Қазіргі кезде заман талабына сай білім беру үрдісіне 50 - ден астам жаңа технология қолданылады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:

Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзін өзгертуші субъекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы - қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту үшін тиімді болып табылады. Деңгейлеп оқыту - әрбір оқушы өзінің деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді және әр баланың танымдық белсенділігін арттырады.

1. Әр оқушыға өз мүмкіндігін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.

2. Балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Оқушының жеке ерекшкліктеріне, өз эмоциясын басқара білуіне назар аударады.

6-сыныпта «Еліктеу сөз» тақырыбындағы сабағымды өткізу барысында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып көрдім.

Деңгейлік тапсырмалар

1. Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеу сөздердің тиістісін қой.


Ұқсас жұмыстар
Орыс сыныбындағы қазақ тілін оқыту мәселелері
Жаң оқыту технологиялар
Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
М.м.жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту
Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі
Инновациялық технологиялар
Кәсіби қазақ тілі сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
Бастауыш сыныпта оқыту
Әлеуметтік мектеп технологиясы - әлеуметтік технологиялар
Күнтізбелік жоспар. Жаратылыстану- математикалық бағыт жайлы ақпарат. 10 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz