3-сыныпқа арналған Заттың қимылын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Сабақтарды дайындаған: Мырзахметова Ақсұлу Төлегеновна

БҚО. Орал қаласы. №42 « Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

Қазақ тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы : Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: а/Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қоя

білуге, сөз ішінен таба білуге үйрету;

ә/Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін

дамыту;

б/Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, өлең, жұмбақтар.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

а/Қимылды білдіретін сөздерді ата, оларға сұрақ қой.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Заттың қимылын білдіретін сөздерді ата.

Қыз секірді , мысық мияулады , ұшақ ұшты.

Суретпен жұмыс

Берілген суреттерге қарап отырып, заттың қимылын білдіретін сөйлем ойлап айту. Мысалы: Айжан теннис ойнады.

\[{\mathcal{C}}{\mathcal{P}}^{\mathcal{J}}\models\]

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қандай сөз қоюға болады

Кішкентай балалар . . .

Кішкентай . . . жүгірді.

. . . балалар жүгірді.

Дәптермен жұмыс.

2-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Сөз табына талдау.

3-жаттығу. Сөздерді оқып, оларға сұрақ қойып сөз табын анықтау. Сөз таптарына қарай топтап жазу.

Сергіту сәті.

Ормандарға аю, қонжық
Ұялардан бал іздейді.
Мойындарын оңға бұрды
Мойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрді
Қуанғаннан билей берді.
Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап

4-жаттығу. Суреттегі заттардың атын жаз. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жаз.

Ыстық үтік. Тәтті торт.

Терме диктант
Болады, секіріп жүреді, қорғанады, қоректенеді.

«Сәйкестендіру» ойыны Адасқан сөздерді сәйкестендір.
Арыстан . . . боздайды
Түйе . . . ақырады
Аю . . . мөңірейді
Жылқы . . . маңырайды
Қой . . . кісінейді
Сиыр . . . бақырады

Өздік диктант
1. Күз . . . 2. Күн . . . 3. Қар . . . 4. Жер . . . 5. Құстар туған жерге . . .
6. Ағаштар бүршік . . .
Сабақты бекітеміз: - Қандай тақырып өттік?
Ережені қорытындылау. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Сұрақтары қалай ?

Ү. Үйге тапсырма. Ережені қайталап келу.

ҮІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Заттың қимылын білдіретін сөздер
1-сынып ашық сабағы: Баланың тапқырлығы - заттың қимылын білдіретін сөздер
1-сынып Ана тілі сабағы: Бәйшешек және заттың қимылын білдіретін сөздер
Қайдан келдің бауырсақ? Өлеңі: заттың қимылын білдіретін сөздер және нан өндірісінің кезеңдері
9-сыныпқа арналған сан есім (заттың санын білдіретін сөздер) бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта өткізілетін ертегілік сабақ: Заттың қимылын білдіретін сөздер және қазақша жыл атаулары (Наурыз - жыл басы)
Ана тілі: Кел, балалар, оқылық өлеңі арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді оқытуға арналған ашық сабақ
Заттың сынын білдіретін сөздер: Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңі негізінде
1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: заттың атын білдіретін сөздер - бәйшешек және жауқазын
Заттың атын білдіретін сөздер: 82-84 жаттығулар, Көктем және Жазғытұрым өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz