Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көбейту кестесі, сызғыш

Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:
А) 6 санымен көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру
Ә) Көбейту кестесін құрастыруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана
білуге үйрету.
Б) Өзбетімен жұмыс жасауға үйрету
Көрнекілігі: Көбейту кестесі, сызғыш
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық.
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
2 Тірек білімдерін белсендіру
1000 көлеміндегі есептеу дағдыларын бекіту мақсатында ауызша есептеуге №6
және №7 тапсырмалар беріледі
3 Жаңа сабақ
Математикалық диктант
5*5-1:4+2*4-2:5*0
7*4-1:9*5+3:2*1+0
1) Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, тақтаға қарайықшы. Мұнда 6- ға көбейту кестесі жазылған.
- Неге бестен басталып тұр? (2•5, 3•5, 4•5, 5•5 өткенбіз)

- Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
(қосу амалы арқылы табылған)
Яғни, 5-ті 6-ға көбейту дегеніміз6-ны өз-өзіне 6 рет қосу.
- Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай айырмашылық бар?
(теңдіктің сол жағында 6-ға көбейту кестесі, ал оң жағында сол
көбейтулердің қосу амалдары арқылы берілген)
3) – Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің
мәнінен 6-ға артық?
6•5=6+6+6+6+6
6•6=6+6+6+6+6+6
6•7=6+6+6+6+6+6+6
6•8=6+6+6+6+6+6+6+6
6•9=6+6+6+6+6+6+6+6+6
6 санын көбейту және бөлу кестесін енгізу үшін сергіту сәті ретінде
төмендегідей жаттығу орындауға болады.
-Оқушылар тұрады және еңкейген сайын 6-дан қосып отырады.6,12,18 т.б
1 мысал
6 санын көбейту және бөлу кестесін құру алдыңғы сабақтарға ұқсас
жүргізіледі
2 есеп
6*8 48 54:6=9 42 :6=7 9*6+50=104
3 мысал (ауызша)
4 мысал (өзбетімен )
Қорытынды
- Бүгінгі сабақтан не білдік? Сабақ не туралы болды?
- Сабақтағы қиын болған тапсырмалар қандай болды? Неліктен?
Оқушылардың танымдық қабілеттерін байқау мақсатында логикалық
тапсырмаларды ауызша есептеу.
Қанша?
5.   Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол
жанұяда қанша бала бар?
6.   Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша
жұмыртқа салады?
7.   Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек.
Қанша рет аралап кесу керек?
8.   Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі
басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын

Үйге тапсырма: 5 мысал

Ұқсас жұмыстар
5 ке көбейту және бөлу жайлы ақпарат
Ыбырай ауылы
Сабақтың мақсаттары. Сабақтың түрі
Сабақ соңы
Санды 7-ге көбейту және бөлу
Тақырып 7-ге көбейту және бөлу кестесі
5-ке көбейту және бөлу кестесі
Қосындыны санға бөлу. 3-сынып
Жұмбақтар әлемінде жұмбақтар шешу
7 - ге көбейту және бөлу.Санды есе арттыру, артық ұғымдары жөнінде теңдеу құра білуге үйрету
Пәндер