Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ғани Мұратбаевтің мұражайы
Күні:
Тақырыбы: Шығыстың жарқыраған шолпанындай!
Мақсаты: Қазақтың жарық жұлдыздарының бірі, Ғани Мұратбаевтың өмірі мен
жарқын істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Ғани Мұратбаевтың өмір тарихын
зерттей отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.Ғанидың өмір тарихын зерттей
отырып оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық зерттеу сабағы
Көрнекілігі: Буклеттер, көрме, техникалық құралдар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар! Шығыстың жарық жұлдызы атанған
Ғани Мұратбаев ХХ ғасырда қазақ жастар арасынан шыққан ұлтымыздың ұлы
тұлғасы жиырма үш-ақ жас өмір сүріп осынша қысқа мезгілде кеңес одағы
кезеңінде жастардың жалынды жетекшісі атанған ұлы тұлға Ғани Мұратбаевтың
110 жылдық мерей тойына арналған Шығыстың жарқыраған шолпанындай атты
танымдық сабағымызға қош келдіңіздер.
І. Жүргізуші:
Армысыздар қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәрбие сағатымызда. шығыстың жарық
жұлдызы атанған жалынды жастар жетекшісі, ХХ ғасырда қазақ жастары арасынан
шыққан ұлтымыздың ұлы тұлғасы, еліміздің мақтанышы, киелі Қазалы
топырағының перзенті Ғани Мұратбаев жайында сыр шертеміз.
ІІ. Жүргізуші:
Олай болса, жиырма үш-ақ жыл өмір сүріп, осынша қысқа мезгілде өзін халыққа
танытып үлгірген талантты перзент жайлы бүгін біз не біле аламыз?
І. Жүргізуші:
Таңда туған шолпандай қазақтың көгіне із тастай ағып өткен қыршын жас,
қайраткер тұлға, даңқты болмыс, аты Орта Азия мен Қазақстанға және Ресейге
танымал жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаевтың 110жылдық мерей тойын
кең көлемде тойлалы отырмыз. Ғани өскелең ұрпақ үшін алыстаған сайын
жақындап, жақындаған сайын асқақтай түсер ерекше бітім.Сондықтан Ғани рухын
құрметтеу- бүгінгі ұрпақтың парызы. Міне сол асыл арманның көгіне дәріс
болып, жол салар бүгінгі сабағымызда тағылымы мол Ғани жайлы сыр шертеміз.
І.Жүргізуші:
Халықтың қадірлі ұлы Ғани еді,
Анадан адал туған алып еді
Шығыстың жарқыраған шолпанындай
Жігерлі лаулап жанған жалын еді.
ІІ.Жүргізуші: Ғани есімін оның өнегелі істерін үлгі тұту, біздің үлесімізде
Ғани Мұратбаев адамзат баласының сан ғасырлық сілкіністермен саяси
дүрбелеңге толы кезең – жырақта 20 ғасырдың басында дүниеге келген арманшыл
көкірегіне жанған отты алаулата жақты, неткен қайраткер тұлға, даңқты
болмыс.
І. Жүргізуші:
Өмірге іңкәр көңілдің құрдасы деп
Рухыңмен өзінің сырласып ек
Достарымның үні мен жүрегіне
Саған ұқсар барма деп бір қасиет.
ІІ. Жүргізуші:
Жанарың жүр бірінде жарқылдаған
Дауысың жүр бірінде саңқылдаған
Жігерің жүр бірінде жасымаған
Ғұмырың жүр біздерде сарқылмаған.
(Оқушылар)
Мен Ғанимын - Ұлымын Қазалының,
Ел-жұртыма жетеді азалы үнім.
Қыршын кеттім өмірден жазамын деп,
Қасіретін қырсыққан қазағымның.
Мен Ғанимын - Жалынмын лапылдаған,
Қалды артымда таңдарым атырмаған.
Халқым үшін қаңтарда мұз жамылдым,
Мәселе жоқ басымды қатырмаған.
Мен Ғанимын - Мертіккен арыстанмын,
Қас жауымен халқымның алысқанмын.
Жеткізем деп бақытқа ұрпағымды,
Заманыммен жармасып, жарысқанмын.
Мен Ғанимын - Шығыстың шынарымын,
Ұлы істерге бастаған Ұларымын.
Арман-мұңын халқымның іліп алып,
Шарықтаған қияда қыранымын.
Мен Ғанимын - Шын сөздің ұстасымын,
Әлихан, Міржақыптың тұстасымын.
Мағжан мен Ахметтің бауырымын,
Жалын жүрек жастардың ұстазымын.
І.Жүргізуші:
Халықтың күн туғанда бастарына,
Сөзімнің құлақ қойдым астарына.
Ғани ағам жетекші боп шыққан жоқпа,
Қазақстан Орта Азия жастарына.
Ғани кім болған, Не үшін ел есімінде аты қалған, Ол елі үшін нестеді? деген
орынды сұрақтарға біздің кластың оқушылары ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Міне сол жұмыстарынан қысқаша баяндаса, оқушылардың Ғани жайлы ізденіс
жұмыстары: (3 оқушы)
1. «Ғанидың өмір жолы»
2. «Ғани тағылымы»
3. «Ғани есімі-мәңгілік есте» (музейі жайында)
1. «Күн көсем» орнатқан заманда қазақтың басына үйірілген бұлтты сейілтуге
бар күш-жігерін жұмсаған, ұлтын сүйген арда туған азаматтар болды. Солардың
бірі – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдасты-рушылардың
біріне айналған Ғани Мұратбаев еді.
Тағдыр-талайына бар-жоғы 23 жас жазылған Ғанидың жастық жігеріне ол кезде
тең келер ешкім бола қойған жоқ еді. Қазалыдағы қазіргі №16 мектепті
бітіргеннен соң бар уақытын білім алуға жұмсады. 17 жасында Коммунистік
жастар ұйымына мүшелікке қабылданғаннан кейінгі өмірі комсомолға қызмет
етуге арнады. Жан-жақты, сол қоғамның тынысын дөп басып сезген жас Ғани
өзге қазақ балаларын оқуға тартуда, жетім балаларды интернатқа
орналастырып, қанатының астына алуда аянбай еңбек етті. Қызыл империяның
қылышынан қан тамып тұрған заманда қазақ балаларының сауаттануына ден
қойғаны өз алдына енді қазақ халқының орнаған жаңа қоғамға сай көзін ашу
үшін 1921 жылы 19 жасында «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, алғашқы нөмірін
жарыққа шығарды.
2. Иә, Ғани Мұратбаев қазақ халқының маңдайына біткен дара туған тұлға
болып қалды. Ол Кеңес дәуірінде туып, сол заман орнатқан комсомолға қызмет
ете жүріп, өз халқының бақыты, болашағы үшін бар уақытын сарқа жұмсады.
Керек десеңіз, сол кезеңде НКВД ізінен түсіп, сыртынан «халық жауы» деген
құжаттар жинағаны кейіннен белгілі болды. Бірақ кеңестік кезең құрсауына
іле алмады. Кеңес дәуірі аяғына тұра бастағанда-ақ бойын дендеген аурудан
ажал құшты.
Ол дүниеден озса да, артында тағылымды жолы, ізгілікті ізі, өзін
қадірлейтін халқы қалды. Ол оқыған мектеп бір жарым ғасырлық тарихты
арқалап, бүгінде тәуелсіз мемлекеттің білім ордасына айналған. Қызылорда
облысындағы ең көне мектептердің бірі саналатын оның іргетасы 1860 жылы
қаланған. Орыс көпшілік мектебі есебінде ашылған қара шаңырақ 1872 жылы
қалалық училище, ал 1878 жылы екі сыныпты кәсіптік училище болып қайта
құрылған. Ал 1912 жылы №16 мектеп болып құрылып, жаңа ғимаратқа көшірілген.
Бұл мектепте 1910-1917 жылдары Ғани Мұратбаев білім алған. Мектепте қазір
ол отырған парта мен сынып бөлмесі сақтаулы тұр. Бүгінде бұл мектеп
ғимараты жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарында.
3. Қонақтаған ғаламаты ғасырдың,
Асқақтаған мәртебесі асылдың.
Халқымыздың қазынасын сақтаған,
Сыр сандығым қасиетіңе бас идім.
Көзіндейсің бабамның,
Шежіресі даламның.
Ұлылықты іздесем,
Тек өзіңнен табармын.
Ғани Мұратбаевтің мұражайы
Ағымдағы жылы Ғани музейінің ашылғанына 40 жыл толып, торқалы
тойы болып өтті. Осы жылдар шеңберінде музейдің керегесі кеңейіп, шаңырағы
биіктеп барады. Кезінде музейдегі жәдігерлер саны бары - жоғы 200 болса,
бүгінде 5500ге жетіп отырғанын айтып берді. Әрбір жыл сайын музеймен
танысып, Ғани рухына тағзым етушілер саны 17 мыңға жуықтайтын көрінеді.
Ғанидың жұмыс бөлмесі, қолданған заттары
Шығыс шамшырағының музейін материалдық техникалық жарақтандыру мақсатында
жыл сайын мемлекет қаржысы бөлініп, бірнеше рет реэкспозициялық жұмыстар
жүргізіледі екен.
Үш тілді қатар меңгерген, білімнің қашанда ізденбесе аздық ететін, еңбек
сүйгіштігімен, батырлығымен, өткер тілімен өз заманында оқ бойлы озық
тұлғасы бола білген біздің мақтанышымыз Ғани қашанда үлгі өнеге кілті.
І. Жүргізуші:
Тарих беттерінен сыр шертер елдің өткенін бүгінгідей сақтап келген қазына
қоры кітапханадан алған шырын сөздің шебері Қарасақал Ерімбет бабамыз жайлы
терең мағлұмат берген «Ұлағат сөзім Ұрпаққа» атты кітапбын оқып
отырғанымызда мына мән жайға қанық болдық.
Ғани мектепке қалай барды?
/көрініс/
/Ауыл адамдары жиналып әңгіме дүкен құрып тұрады/
Ерімбет:
Мұсылманша оқудың қадір қасиеті болмай бара жатыр. Балаларды орысша оқыту
керек. Жастарды заманынан кейін қалдырмауымыз керек.
Ауыл адамдары:
Дұрыс айтасың, жастар біздің болашағымыз ғой, Оларды оқытуымыз керек
Қойш, балаларға мұсылманша оқудың өзі де жетіп жатыр.
Мұратбай:
Дұрыс айтасың Ерімбет, Мен Ғаниымды қайда оқытсам деп жүр едім, Менің
ойымнан дөп түстің.
Ауыл адамдыры: Ғанидың көзінде от ұшқыны бар,оны оқыту керек.
Мұратбай: (Үйге қарап дауыстап) Ғани, Балам, бері кел
Ғани: Шақырдыңызба әке?
Мұратбай:
Балам мен сенің болашағыңды ойлаймын, сондықтан сені қалаға орысша оқуға
сені Ерімбет ағанның қасына қосып жібермекшімін. Ағаң сені Құлахметтің оқып
жүрген мектебіне апарады. Құлахметпен бірге оқитын боласың, балам.
Ғани: /қуанып/
Мақұл әке, мен сеніміңді ақтаймын. Білім алып, елім үшін қызмет етемін.
Мұратбай: Ал балам. Ақ жол, Құдай зейініңді ашсын.
Ерімбет: Ғани балам. Күн жарықта жолға шығайық.
/деп сахнадан шығып кетеді./
ІІ. Жүргізуші:
Ғанидың оқып білім алған мектебі қаламыздағы іргелі №16 мектеп болатын.
Ерімбет Ғаниды осы мектепке қабылдатып, баласы Құлахметтің жанына
отырғызған екен.
І. Жүргізуші:
Ал Ғани жары Бақытжан апай мен қайда танысқан екен?
ІІ. Жүргізуші:
Қазалы өңіріндегі «Құмшөл» деген жерде жастар басқосуы болып, сонда
танысқан екен. Ғанидың жанында сол жолы Бейімбет, Зақыш, Махамбетжан деген
жолдастары болыпты.
І. Жүргізуші:
Олай болса, Бақытжан апай туралы кім ізденіп келді? Оқушы:
Мен елден ерекше көрікті болған жоқ, Оның үстіне білім алыпта жарытпаған
кезім, Бар жоғы он алты жаста едім, Шамасы, жастар жиналған жерде өткір
пікір айтып, көзге түссем керек. Мәжілістен соң өзі келді. Әңгімеміз бірден
жарасты, Ұзамай бірлесіп отау құрсақ деген ниетін аңғартты. Содан кейін,
Ғани екеуміз Мәскеуге келіп, комсомол қызметкерлеріне арналған үйдің аядай
бір бөлмесіне қоныстандық. Маған бәрі таңсық Ғани жұмыстан қолы қалт
еткенде Мәскеу көшелерін аралататын.
Ғани ажарлы, онымен әңгімелескенде бетіне қарай бергің келетін еді. Жай
сөйлетін.
Біздің қуанышымыз, бақытты күндеріміз ұзаққа созылмады-ғой, 1925 жылы 15
сәуірде 23 жасында «Биік тау» санаториінде ұзақ науқастанып, сол науқастан
көз жұмды. Мәскеудегі Ваганьков зиратына жерленді. Ғаниды ақтық сапарға
аттандыруға арналған қаралы митингі жасалынды оған 15мың адам жиналғанды.
І.Жүргізуші:
Жиырма бес жасап та үлгермедің,
Арзан қызық қуумен сенделмедің.
Білім қудың, жастардың аштың көзін,
«Жастар – ұлы болашақ – сендер» – дедің. «Ғани ағамен сырласу « Көркем сөз.
Оқитын:
Ғани аға, маржан сөз жаза білдің,
Топырағынан нәр алып Қазалымның.
Өзі Ғани, игі ісі ғанибет жан,
Маңдайына сыймады –ау, қазағымның.
Сені үлгі етіп барлық жас жалындасын,
Ой-санасы уланып, тарылмасын.
Мен тудым, Сіз туған ұлы жерден,
Болам енді ізбасар қарындасың.
Тұлғасын ел сйылаған анық дарын,
Көгінде Азияның шарықтадың.
Өзіңе ұқсап, сүйемін мен де ұлтымды,
Мақсатым – ойлап өту халық қамын.
1 –оқушы:
Сен бүгін арамыздан кеттің алыс,
Артыңда қалды сенен басталған іс.
Бар істі сенен қалған апарамыз,
Болаттай күресшіл жас, ұйықта тыныш.
2 – оқушы:
Қош, Ғани мәңгі үйіңде деміңді ал,
Ісіңді орындайтын біз жастар бар.
Орныңды неше мыңмен толтырамыз,
Серт бердік, қабіріңде, сертімізді ал!
І.Жүргізуші:
Жастардың басын біріктіріп, халықты сауат ашуға шақырған, қашанда ізденіс
үстінде жүретін Ғанидың 110 жылдық мерей тойы тәуелсіздіктің 20 жылдық
торқалы тойымен қатар келіп, Тәуелсіздікті аңсап өткен Ғани атамызды
орнынан бір аунатқан болар. Тіпті Ғани атамыз бізге рух, күшжігер бергендей
болды. Олай болса, видеороликке назар аударсақ.(видеоролик көрсетіледі)
ІІ. Жүргізуші:
Сонымен біз бүгін арқау еткен Ғани кім?
(Оқушылар)
Ғани- жастардың жетекшісі
Ғани- Орта Азия мен Қазақстан жастарының рухани көсемі
Ғани- шебер ұйымдастырушы
Ғани- Саяси қоғамдық жұмыстың кеменгері
Ғани- «Жас Алаш» газетінің редакторы
Ғани- білімдар, іскер, өз заманының озық туған қоғам қайраткері
Ғани- Табанды, жігерлі, шыншыл, өткір мінезді ор тұлға
Ғани- жетім жесірге пана, жылағанды жұбатып, құлағанға демеу болған жанашыр
жан
Ғани- жас та болса, бас болған, абырой атақ, данқ пен шенге құмар болмаған
ғазаз жан
Ғани- қаламы қарымды аудармашы, Карл Макстің «Капиталын» аударған
Ғани- ақын, ірі әнші
Ғани- сегіз қырлы, бір сырлы дарын
Ғани- Сырдың сырбаз ұлы, қазалының перзенті
Ғани- Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жарқын істердің ұйытқысы
Ғани- Ұлт бостандығы мен татулығын ту еткен патриод
Ғани- Шығыстың шамшырағы, тәуелсіз қазақ елінің мәңгіге сөнбес жарық
жұлдызы.
ІІ. Жүргізуші:
Ғанидың аз өсиеті барда,
Қашанда Ғани ортамызда, Ғани әрқашан жұмыр жүрегіміздің төрінде болады.
Ғанидың жастарға өсиеті
- Қиын деп қынжылма, тау екен деп тартынба
- Болашақ сендердің қолдарыңда, сол өмірді орнатуға бүгінен бастап әрқайсың
белсене араласуларың керек.
- Біз жұртшылықтың ұйытқысы, заманның қожасы, тірегіміз. Алдымызда асқар
таудай ауыр істер тұр. Соған әзір болуға тиістіміз.
- Оқу, білім сендерге аса қажет. Келешектің шамшырағы сендерсіңдер!
І. Жүргізуші:
От боп жанып, лаулады, лапылдады
Шығыстың шырағы боп жарқырады
Жұлдыздай ағып өткен жұлдыз –ғұмыр
Жарығын сыйлап жатыр бізге әлі!
Мұғалім:
Биыл Ғани Мұратбаев атамыздың туғанына 110 жыл толып отыр бұл
елдің тойы.Ол кісі жастардың бетке ұстар беделді тұлғасы болды. Қазалы
өңірі тарихи тұлғалар мен қайраткерлерге бай өлке.Сондықтанда осы отырған
жастар өз өлкелеріңді мақтан тұтып, тарихымызды танытып асқақтатуларың
керек. біз Шығыс шамшырағы болған Ғанидың ұрпағымыз, жерлесіміз.
Жастардың жалынды жетекшісі Ғани ағамыздың құрметіне арналған
сабағымызға қатысқан қонақтарымызға алғысымызды білдіре отырып, тәуелсіз
Қазақстанның бүгінгі ұрпағы, сендерге, Ғани өмірі мен тағылымынан өнеге
алып өсе беріңдер демекпін.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz