Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жануарлардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар топтарымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар
Сабақтың мақсаты:
• Жануарлардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар
топтарымен таныстыру;
• Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойларын
дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру;
• Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып, табиғаттың
әсемділігін, сұлулығын түсіне білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын дүниетану сабағына аудару.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
- Балалар бүгінгі дүниетану сабағы ерекше өтпек. Бізге бүгін
қонақтар келіп отыр, қонақтар сендердің сабақтағы белсенділіктерің
мен тәртіптеріңе назар аударады. Сол үшін өздерің айтқандай әдепті
болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар сендермен өткен сабақтарда нелер туралы айтып едік.
Қане, есімізге түсірейікші.
Сендермен «Жануарлар» деген жаңа тарауды бастағанбыз.
Жануарлардың қандай топтарымен таныстық? (Жабайы аңдар және үй
жануарлары).
а) Жабайы аңдар туралы әңгіме айтайықшы.
ә) Үй жануарлары туралы әңгіме айтайықшы.
б) Осы екі жануарлардың топтарының қандай ұқсастығы бар?
в) Ал енді қандай айырмашылығы бар?
Тағы да балалар жануарлардың тобына жататын нелермен таныстық?
(Жабайы құстар және үй құстары).
а) Енді, үй құстары туралы әңгіме айтайықшы.
ә) Жабайы құстар туралы әңгіме айтайықшы.
Б) Құстардың екі тобы туралы әңгіме айттық, енді олардың
қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін сендермен жануарлардың басқа топтарымен
танысамыз. Олар: «Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар».
Балықтар.
Балықтар туралы оқушылардың ойын сұрақ – жауап арқылы білу.
Оқушылардың ойларын дұрыс екендігін қоштап, оны толықтыру.
Сергіту сәті.
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ.
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ.
Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
Бақа, бақа, балпақ,
Бұтың неден талтақ.
Су ішінде көп жүзіп,
Болдым содан жалпақ.
Қосмекенділер.
Оқушыларға сұрақ қойып, олардың «қосмекенді» деген сөзді қалай
түсінетіндерін анықтау. Содан соң, оларға мысал келтіру арқылы
қосмекенділер туралы түсінік беру.
Жорғалаушылар.
Жорғалаушылар туралы да оқушыларға сұрақ қойып, олардың танымдық
белсенділіктерін анықтап барып, жалпы түсінік беріп,ойларын кеңейту.
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға мәтінді кезек-кезек оқыту. Әр бөлім бойынша берілген
мәтіннің мағынасын ашу.
ІV. Қорытынды.
Балалар сендермен бүгін біз жануарлардың және де басқа топтарымен
таныстық. Ол қандай топтар екен қайталап жіберейікші.
Жануарлардың топтарын анықтаған соң оқушыларға тапсырма беріледі. Ол
тапсырма интерактивті тақтада және әр оқушының алдында парақта
болады. Тапсырмада оқушылар жаңа сабақ бойынша, берілген
жануарлардың екінші жарысын тауып, оны сызық арқылы қосулары тиіс
және де оның атын атаулары керек.

V. Бағалау.
Оқущылардың белсенділігіне қарай мадақтау және алдағы уақытта
сәттілік үшін «Алтын балық» сыйлау.
VІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Тақырып бойынша әңгімелеу.
VІІ. Таңғажайып жаңалықтар. «Ең, ең, ең...» Слайд шоу.
-----------------------

Құстар

Қосме-
кенді-
лер

Жорға-
лаушы-
лар

Балық-
тар

Аңдар мен үй жануар-
лары

Жануар
лар

Ұқсас жұмыстар
Жанауарлар қалай өсіп өнеді
Бауырмен жорғалаушылар
Сүтқоректілер балықтар қосмекенділер жорғалаушылар бунақденелер құстар
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Құстар Жануарлар Жорғалаушылар топтары
Сұраққа жауап. Сабақтың тақырыбы
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Өсімдік топтары нешеу
Бауырмен жорғалаушылар.сүтқоректілер. 3 сынып
Сабақтың өтілу барысы
Пәндер