5-сынып: қазақ тілі бойынша I-IV тоқсандық бақылау диктанттары және бағалау критерийлері

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

1 тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Зат есімнің сұрақтары
  • Көптік жалғаулары
  • Буын түрлері
  • Септік жалғаулар
  • Фонетика
  • Сөздік қорын анықтау
  • Есте сақтау

Асхана.

Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар. Асханада ауыл адамдары тамақ ішеді. Асханадағы аспаз тамақты өте дәмді пісіреді. Асханада әрдайым ыстық тамақ, салаттар жеуге болады. Асхананың іші жарық, кең және таза.

Біз мұғаліммен асханаға келдік. Барлығымыз орындықтарға отырып тамақ іштік. Тамақ өте дәмді болды. Барлығымызға асханада өте ұнады. Біз аспазға алғыс айттық. (51 сөз)

Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: асхана, мұғалім.
  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.
  3. Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой: Аспаз, ауыл.
  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.
  3. Буынға бөліп, буын түрлерін анықта.

Тамақ өте дәмді болды.

ІІ деңгей.

І нұсқа

1. Дыбыстық талдау жаса: Жарық

2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Біздің, тамақты, асханада.

ІІ нұсқа

  1. 1. Дыбыстық талдау жаса: Аспаз.
  2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Мұғаліммен, ауыл, аспазға.

І деңгей

І нұсқа

1. Отбасы туралы әңгіме құра.

2. Білім туралы 2 мақал-мәтел жаз.

ІІ нұсқа

  1. Мектеп туралы әңгіме құра.
  2. Отбасы туралы 2 мақал-мәтел жаз.

Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

ІІ тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Сын есімнің сұрақтары
  • Көптік жалғаулары
  • Буын түрлері
  • Септік жалғаулар
  • Фонетика
  • Сөздік қорын анықтау
  • Есте сақтау

Пайдалы кеңес

Қазақ халқының «Ас адамның арқауы » деген мақалы бар. Бұл тауып айтқан мақал. Адамның ауырмауы дұрыс тамақтануға байланысты. Адам күніне төрт рет уақытында тамақтануға тиіс. Тамақтану алдында қолды сабынмен жуу керек. Тамақты жақсы шайнап жүту керек. Адам өзіңе пайдалы тағамдарды жеу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек. Сонда адамның асқазаны ауырмайды. Ішкен тамақ бойына ісінеді. (54 сөз)

Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге сын есімнің сұрағын қой: пайдалы.
  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.
  3. Бір буынды сөздерді теріп жаз.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Мына сөздерге сын есімнің сұрағын қой: жақсы.
  2. Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз.
  3. Бір буынды сөздерді теріп жаз

ІІ деңгей.

І нұсқа

1. Дыбыстық талдау жаса: тамақ

2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Адамның, тамақтануға, тамақты.

ІІ нұсқа

  1. 1. Дыбыстық талдау жаса: жидек.
  2. Мына сөздердің септік жалғауларын тап. Қолды, адам, сабынмен.

І деңгей

І нұсқа

1. Мектеп асханасы туралы әңгіме құра.

2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз.

ІІ нұсқа

  1. Сүйікті тағамың туралы әңгіме құра.
  2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз.

Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

ІІІ тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.

  • Етістік
  • Көптік жалғаулары
  • Буын түрлері
  • Септік жалғаулар
  • Фонетика
  • Сөздік қорын анықтау
  • Есте сақтау

Астана

Біздің Республикамыз - тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстанның жері - кең, байтақ. Еліміз Азияда орналасқан.

Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Қазақстан еліміздегі ең әдемі қала. Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған. Астана Есіл өзеңінің бойында орналасқан. Қала халқы жылдан жылға өсуде. Қалада көп ұлттар тұрады. Көптеген жаңа әдемі ғимараттар, биік үйлер салынды. Қала көшелерінде көптеген тарихи ескерткіштер бар. Астана - болашағы үлкен қала. (59 сөз)

Тапсырмалар.

І нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Етістіктерді теріп жаз .
  2. Мына сөзді септе: қала.
  3. Ашық буынды сөздерді теріп жаз.

ІІ нұсқа

ІІІ деңгей

  1. Етістіктерді теріп жаз.
  2. Мына сөзді септе: Астана
  3. Ашық буынды сөздерді теріп жаз

ІІ деңгей.

І нұсқа

1. Сөз құрамына қарай талда: көшесінде,

2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:

ІІ нұсқа

  1. Сөз құрамына қарай талда: Астананың
  2. Мәтіннен көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз:

І деңгей

І нұсқа

1. Қазақстан туралы диалог құрастыр

2. Отан туралы мақал жаз

ІІ нұсқа

  1. Ауыл туралы диалог құрастыр.
  2. Отан туралы мақал жаз

Грамматикалық тапсрымаларды бағалау:

Бірініші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса - «3» (75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса - «5» (100 %)

Қазақ тілінен бақылау диктанты

5 сынып

ІV тоқсанның қорытындысы

Мақсаты: білім стандарттарына сай алған білімдеріне бақылау жасау, сауаттылықтарын тексеру.

Міндеттер: Грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп, қаншалықты деңгейде меңгергендерін тексеру.


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған IV тоқсандық қазақ тілі бақылау жұмысы: тапсырмалар құрылымы және бағалау критерийлері
8-сынып қазақ тілі пәнінің III тоқсандық бақылау жұмысы: тапсырмалар мен бағалау критерийлері
8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің II тоқсандық бақылау жұмысы: Табиғат - алтын бесік тақырыбы және бағалау критерийлері
7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық қазақ тілі бақылау жұмысы: Салауатты өмір салты тақырыбы - тапсырмалар мен бағалау критерийлері
3-сынып математика пәні: бақылау жұмыстары мен өзіндік жұмыстардың жоспары және бағалау критерийлері
Информатиканы оқыту әдістемесі: бақылау түрлері мен бағалау критерийлері
9-сынып химиясы: Электролиттік диссоциация, Маңызды бейметалдар, Маңызды металдар, Органикалық қосылыстар - I-IV тараулар бойынша бақылау тапсырмалары (I және II нұсқалар)
9-сынып қазақ тілі пәнінің жылдық оқу жоспары мен бағалау критерийлері
5-11 сыныптарға арналған математика: тоқсандық және жылдық бақылау жұмыстары жинағы
11-сынып Қазақ тілі: Қазіргі қоғам - миграция және зияткерлік миграция (шешендік сөздер) бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары мен бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz