Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған өлең жолдарынан үзінділер
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің
негізін қалаушы .
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған
,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын
,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан
Назарбаев-тұңғыш президент»
Мұғалім:
Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола ма?
Азаппен , арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма?
Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма?
Қадірі жоқ нәрсе қолға ұзақ тұра ма?
Н.Назарбаев
(Тәуелсіздік шежіресі видео көрсету )
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты»
дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген
абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық
шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел
алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер
жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы
білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен
жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз
Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол
халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала
береді, сонымен қатар ол бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының
бірі екені сөзсіз.
Нурсултан Назарбаев: Біле білсек, осы он жылдағы еңбегіміздің ең басты
қорытындысы — ел болғанымыз. Ел бола алғанымыз. Біз мемлекет құрдық.
Құрғанда да, аты бар да заты жоқ мемлекет емес,бүкіл адамзат танитын, танып
қана қоймаған,мойындайтын,құрметтейтін мемлекет құра алдық.
Оқушы :
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
1. 1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.
2. 1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
3. 1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.
4. 1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
5. 1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
6. 1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.
Ән :Көк тудың желбірегені. Орындайтын : Жаңабаев М
Оқушы:
7. 1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске
алу жылы.
8. 1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
9. 1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
10.2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.
11.2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
12.2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы
жарияланды.
Оқушы:
13.2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында» атты жолдау жарық көрді.
14.2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі
жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
15.2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-
Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы
қарқында дами бастады
Оқушы:
«Елім» дейтін ер қайдан болсын? ! «Ерім» дейтін ел болмаса,
Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы
керек. Нұрсұлтан Назарбаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол
адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент.
Оқушы:
Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының
Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар.
өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере
отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда.
Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді.
Оқушы:
Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болдық.
Оқушы:
Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны,
тұңғыш төл теңгеміздің шығуы.
Оқушы:
Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де елбасының тікелей араласуымен
болған.
Оқушы:
Ел ордасы болып Астана бой көтерді.
Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және
мәдени
ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр.
Мұнда
тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”,
"Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді
көптеген
ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың
жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор
Оқушы:
1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама
тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды.
1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек
емес. Президентіміздің тапсырысымен көптеген қазақ азаматтары өзінің
ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп,
өмір сүрулеріне мүмкіндік алды.
Оқушы:
2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда VII Қысқы Азиада ойындары
болып өтті. Бұл шара біздің елдің тарихындағы халықаралық деңгейдегі ең
маңызды және ірі спорттық оқиғаға айналды.
Оқушы:
Президентіміз белгіленген «Қазақстан2030» бағдарламасы және жыл сайынға
Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз
Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен
сенім білдірді
Мұғалім:
Жолдау жүктеген міндеттер қандай?
• .Аймақтардың дамуы – елдің дамуы
• Білім беру .
• Денсаулық сақтау саласы
• Әлеуметтік қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту .
• Ардагерлерге қамқорлық туралы
• Тұрғын үй - коммуналдық сектордағы саясат
✓ Сыртқы саясат
✓ халықты жұмыспен қамту
✓ Бұқаралық спортты дамыту
✓ мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
✓ сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту
Кеме ұшырып Ғарышқа жол ашқалы,
Одан, сірә, басшының жоқ асқаны.
Биігінен көрінсе тұғырлы Елім,
Биік болса Алаштың көк аспаны!-
Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған өлең жолдарынан үзінділер.
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңдекөнермей әлі өткен де кеткен жылдаржыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Жесірге пана,қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
5-оқушы:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
6-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
7-оқушы.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
• Мұғалім: Әлем бізді бұл жолы тағы мойындады.
Қазақстанда 100-ден астам мемлекет қатысатын дүниежүзілік ЭКСПО-2017
көрмесі өтетін болады. Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру
үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды.
• ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада
алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме
жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін.
Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын
болады.
Н.Назарбаев
Ән: Қазақтай ел қайда?
• Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
• Әлемде егемен Қазақстан бар.
• Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
• Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.
• Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
• Сол күнге берік сенім бар!
Деп. Н.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz