Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баланың әрекеті

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлерімен таныстыру

Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды қазақтың ұлттық әртүрлі өрнектерімен сәндей
білуге үйрету.Оюларды бір-бірімен салыстыра отырып,берілген сұрақтарға
нақты жауап беріп,олардың ойлау қабілетін дамыту;
Дамытушылығы: Өздігінен жұмыс істеуге үйрету,байқампаздығын,оқу-
тәрбие ісіне қызығушылығын арттыру.Ұжымдық жұмысты ұқыпты жасай
білуге,істеген жұмыстарын түсіне білуге үйрету,ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Ою-өрнектерді ажырата білуге үйрету.Әр түрлі ойындар
арқылы баланың байланыстырып сөйлеу мәнерін анықтауға,алғырлыққа
тәрбиелеу.Тіл байлығын дамыту;
Көрнекі құралдарым: Қазақтың ұлттық киім суреттері,бұйымдар және
ыдыстар.

|Әрекет |Тәрбиешінің әрекеті |Баланың әрекеті |
|Мотивациялық |Балаларды қатармен топ бөлмесіне | |
|қозғаушы |кіргізу,төрде отырған апайлармен | |
| |амандасу.Жарты шеңбер етіп отырғызу.| |
| | | |
| |Психологиялық дайындық | |
| | | |
| |Шуақ шаша,алтын таңда | |
| |Мөлдір таза ауада. | |
| |Табиғатта бәрі оянды | |
| |Оян сенде бар бала! | |
| |Арайлап таң атты, | |
| |Алтын сәуле таратты. | |
| |Жадырайды жүздерің | |
| |Жарқырайды тобымыз | |
| |Сәлеметсіңдер ме? балалар! |Үлкендермен амандасады |
| | | |
|Іздену-ұйымдас|Олай болса бүгін бізге келген қонақ | |
|-ы |апайларымызға жылы лебізімізді | |
| |білдірейік |Күннің көзі ашылып, |
| | |көктем шуақ шашылып. |
| | |Құтты қонақ келіпті, |
| | |Ал,кәнекей бәріміз |
| | |Сәлем беріп үлкенге, |
| | |Сәлеметсіздерме апайлар! |
| | | |
| | | |
| |Енді барлығымыз терең дем алып, | |
| |«Уф» деп үрлеп демімізді сыртқа | |
| |шығарайық. | |
| |Балалар таңертең көзімізді ашып | |
| |оянғанда терезеге қарасақ біз ең | |
| |алдымен нені көреміз? | |
| |Олай болса,бәріміз бірігіп жаңа |Күнді көреміз |
| |күнді қарсы алып,алдымен | |
| |алақанымызды бір-бірімен түйістіріп | |
| |көрейікші. | |
| |Не сезіп тұрсыңдар? | |
| |Осы алақан жылулары арқылы |Жылылық. |
| |бір-бірімізге игі тілектер жылы | |
| |лебіздер айтып амандасайықшы. | |
| | |Армысың,қасиетті аспан ата |
| |-Күніміз жарқын болсын! |Армысың,шұғылалы нұрлы күн |
| |-Аспанымыз ашық болсын! |Армысың,қасиетті Жер-ана! |
| |-Деніміз сау болсын! |Армысыздар апайлар, |
| | |Армысыңдар менің достарым. |
| |Балалар қыс мезгілі біткен соң | |
| |жылдың қай мезгілі келеді? | |
| |Онда қандай мерекелер бар? |Көктем |
| |Олай болса наурыз мерекесіне Аяулым |Аналар мерекесі және наурыз |
| |мен Аружан қазақы киімдерін киіп | |
| |келіпті.Кәне кім маған айтып | |
| |береді?Бас кйімі қалай аталады? | |
| | | |
| | |Сәукеле және тақия |
| | | |
| | |Әрине ою-өрнектері жоқ. |
| | | |
| | | |
| |Көйлегі қандай әдемі,көйлегі сәнді | |
| |ме?Оған не жетіспейді? |«Қошқар мүйіз», «Гүл», |
| |Кәзір бәріміз осы көйлекті «Қошқар |«Көбелек», «Тарақ» т.б |
| |мүйіз» оюымен сәндейміз. | |
| |Сендер қандай оюлар түрлерін |Шебердің қолы алтын, |
| |білесіңдер? |Шешеннің сөзі алтын. |
| |Өнер туралы қандай мақал-мәтел |«Адамды өнер танытады» |
| |білесіңдер? |«Бөрік адамға-көрік» |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Ендеше балалар осы ұлттық киімдер | |
| |туралы тақпақ өлеңдер айтып көрейік.| |
| |Камзол кием қынай бел, |Гүл өсірсең терлеп, |
| |Толған ою-өрнекке. |Мұның аты-еңбек. |
| |Билесін деп сұрайды ел, |Кесте тіксең зерлеп, |
| |Өнерімді көрмекке. |Мұның аты-еңбек. |
| | |Сабағыңды жөндеп |
| |Көйлек киіп әдемі, |Әзірлесең еңбек. |
| |Тамсандырам елімді. |Қиындықтың бәрін, |
| |Түрлі-түсті сән көйлек, |Еңбек қана жеңбек. |
| |Көз тартады не керек. | |
| | | |
| |Кәне балалар көп тақпақтар мен. | |
| |өлеңдер біледі екенсіңдер,енді мына | |
| |екі қыз тосып қалды олардың | |
| |қамзолына «қошқармүйіз» оюын | |
| |жапсырып берейік. | |
| | | |
| |Маған арнап жекелеп, | |
| |Әжем басты текемет. | |
| |Бір топ адам аяқпен, | |
| |Теуіп берді төпелеп. | |
| |Басу қызық текемет, | |
| |Үсті-үстіне төпелеп. | |
| |Алда біреу жіппен, | |
| |Саумалдайды жетелеп. | |
| |Әрі біраз аунаттық, | |
| |Бері біраз аунаттық. | |
| |Қабат шидің сыртынан, | |
|Сергіту сәті |Қайнақ суды саулатып. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Рахмет балалар біз қамзолды әдемі | |
| |етіп әшекейлеп бердік,ендеше бәріміз| |
| |Мерейханның «Еңбек» туралы | |
| |тақпағымен аяқтаймыз. | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| |Еңбек еткен бала бәрін де жеңеді | |
| |екен,олай болса тек еңбек етейік. | |

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Ою-өрнек түрлерімен танысып,қайда кездесетіні туралы мәлімет
алды.
Меңгеруі: Ою-өрнектері суретке қарап ажырата алады.

Ұқсас жұмыстар
Киім дүкені
Тәрбиеші балаларға тапсырма
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Ұлттық ойындар туралы ақпарат
МЕКТЕП тәрбиесі
Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту
Ойын-ой өсіреді
Тақырып О дыбысы және әрпі
Пәндер