Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Есептегіш машина
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
Ш.Уәлиханов атындағы гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Медеубек Гүлдар Сапарбекқызы
Қызықты математика
4- сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептегіш машина. Қозғалысқа берілген есептер.
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: оқушыларды компьютер арқылы қозғалысқа
берілген құрама есептерді шығара білуге дағдыландыру, жылдам калькулятор
арқылы есептеуге үйрету, қарама-қарсы жылдамдықтағы жақындау және алыстау
жылдамдықтары мен бір бағыттағы ратта қалу жылдамдықтарын меңгерту;;
ә) дамытушылық: байқампаздық қабілеті мен математикалық ой-өрісін,
логикалық математикалық тілін дамыту;
б) тәрбиелік: оқытудың өмірмен байланысын, математиканы оқып
үйренуге қызығушылығын арттыру, алғырлыққа, тапқырлыққа, дербестікке ден
қоюшылыққа, шыдамдылыққа баулу;
Сабақтың типі: білім мен білікті қалыптастыру және жетілдіру сабағы;
Сабақтың түрі: мультимедиалық сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-тапсырма, топтау, талдау-жинақтау,
көрнекілік, проблемалық, салыстыру, компьютермен жұмыс тәсілі т.б.
Көрнекілігі: компьютер, үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар, ойын
элементтері;
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Кім жылдам!» ойыны.
Оқушылар алдында компьютерден әр түрлі қозғалыстағы денелер беріледі.
Тасбақа, жаяу адам, атты адам, велосипедші, мотоциклші, жүк машинасы, жеңіл
машина, пойыз, ұшақ, ғарыш кемесі. Осы денелердің қозғалыс жылдамдығын табу
керек.(1 слайд)
Тасбақа – 3м/мин; Жаяу жүргінші – 4 км/ сағ
Велосипедші – 20 км/сағ мотоциклші – 36 км/сағ
Жүк машинасы- -60 км/сағ жеңіл машина – 80 км/сағ
Жолаушы пойызы – 70 км/сағ жүрдек пойызы – 90 км/сағ
Ұшақ – 600 км/сағ зымыран – 9 км/сек
ІІ. Жаңа сабақты өткен сабақпен ұштастыру:
Оқушыларды сабаққа назарын аударып алғаннан кейін, сабақтың
мақсатымен таныстыру. Бүгін біздің сабақ ерекше өткелі отыр. Біз ғарышқа
саяхатқа шығамыз. Сендер болашақты қалай елестетесіңдер? Дұрыс, болашақта
әр облыста, ауданда, тіптен үйде ғарыш кемесі болып, ғарышқа еркін саяхат
жасауымыз мүмкін. Олай болса, біздің сабақта қазір әр облыс аймақтарында
ғарыш космодромы бар деп елестетіп, саяхатқа шығамыз.
Осы сәтте бағалау сайды болады. Онда оқушы өзінің дұрыс жауаьын аспан
әлеміне жұлдыз қосу арқылы толықтырып отырады. Сабақтың соңында кім қанша
жұлдыз қосқанын есептейді.
ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру:
Ол үшін алдымен аэродромға жетіп алуымыз керек. Оған әр топ өз жеңіл
машинасымен жетеді. (2 слайд) Әр топ өз машинасының жылдамдығын
белгілейді. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Сұрақ: екі қаланың
арақашықтығын тап.
Шешуі: (Ү1+ Ү2 )*3= S (жақындау) Осы сәттен бастап, әр топ өздерінің
жүрген жолдарын есептеп немесе түртіп алып отырады.
Енді аэродромнан ұшаққа мініп, бір –бірімізден қарама-қарсы бағытта
ұшамыз. . Ол үшін тағы әр топ өз жылдамдықтарын белгілейді. Мұндағы мақсат
оқушы әр дененің мүмкіндік жылдамдығын дұрыс белгілеп отыруы керек.
Ғарыш космодромына жеткеннен кейін, әр топ бір-бірінен неше км алыстап
кеткенін табады. Сұрағы: 2 сағаттан кейін ұшақтар бір-бірінен неше км ара
қашықтықта болды?
Шешуі: (Ү1+ Ү2 )*2= S(алыстау)
Ой тұжырымдау: Ережені еске түсіру. Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы
жақындау жылдамдықтары, олардың жылдамдықтарының қосындысына тең.
Бір- бірінен қарама-қарсы бағыттағы алыстау жылдамдықтары жылдамдықтардың
қосындысына тең..
Сергіту сәті: «Баспа машинкасы» ойыны
Тақтада: Талаптың мініп тұлпарын,
Алға ұмтыл, ұрпағым!- мақалын баспа машинкасында теру керек. Ол үшін
алдарына әріптер таратып беремін. Әр әріпті көрсеткенде сол әрпі бар
оқушылар орындарынан тұрады. Әр сөзден кейін бір шапалақ, үтірге аяқпен
бір рет жерге ұру. Нүктеге екі рет шапалақ ұрады. Леп белгісіне қол
көтереді.
Жаппай жұмыс: Міне, ғарышқа да жеттік. Ғарыш сендер ойлағандай ма екен?
Әлде сендер, ғарышты басқашы елестеткен бе едіңдер? Бізді ғарыш әлемінің
тұрғыны қарсы алды. Өз ойларын айтады.
Мүмкін жауап: Мұнда да біздегідей жасыл желек, зәулім үйлер көп екен деп
ойлап едім, ал ол керісінше екен. Иә, мұнда біздің әлемнің табиғаты секілді
емес. Ауа жоқ. Тірі табиғатқа қажеттінің бәрі аз. Сонда да тіршілік бар
екен.
- Бұл ғаламның тұрғындарының бізге әзірлеген математикалық фокус есептері
бар екен. Қане, оқып, жаппай баршамыз есептеп көрелік «Есептегіш машина»
ойыны. Тапсырмалары:
1. Жыл ішіндегі бір айдың реттік нөмерін еске түсір, оны келесі ретпен
есептеп шығар, нәтижесін айтсақ ол біздің ойлаған айымызды тауып береді
екен.
Х+17-18+27-23 =?, Егер мен наурыз айын ойласам, ол реттік нөмері бойынша 3-
ай, оны 3+17-18+27-23=6:3= 3(наурыз)
2. Аптаның кез-келген күнінің реттік нөмерін ойла, оны келесі ретпен
есептеп шығар.
Х*2+9-8=?, егер мен сейсенбі күнін ойласам, ол 2-күн, демек 2*2+9-8=(5-
1):2= 2(сейсенбі)
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Дербес жұмыс:
Сендер бұл ғаламның адамдарының сұрақтарына жауап бердіңдер, енді сендерге
осы жердің тұрғыны деп санап, қалуға рұқсат берді. Қаласыңдар ма, әлде өз
туған жерімізге қайтамыз ба?
Қайтар жолда екі ғарыш кемесіне бір бағытта мінеміз. Қане, әр топ өз
жылдамдықтарын белгілеп алыңдар. 20 секундтан кейін олардың ара қашықтығы
неше км болады?
Берілгені: Y1 = 12 км / сек: ? км/сек
Y2 = 10 км / сек:
20 сек= ?км
Міне, «Өз үйім-өлең төсегім» дегендей ауылға келдік. Енді әр топ
оқушысы осы саяхаттан алған әсері туралы өз ойын эссе түрінде немесе өлең
шығарса болады. Үлгермесе ауызша айтады.(Эссе жазу)
Ү. Бағалау тақташасы:
Оқушылар өздерінің жинаған жұлдыздарын санап шығады. «Ең үзік математик»,
«Алғыр оқушы», «Керемет, жарайсың!», т.б. номинациялар беріліп, бағаланады.
(ауызша)
ҮІ. Үйге тапсырма: Қозғалыс жылдамдығының жақындау және алыстау
бағыттарына есеп құрастырып, шығарып келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz