Гүл формуласы

Ашық сабақ

Сабақ жоспары

Мерзімі:

Сыныбы: 7 «А»

Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: §28. Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге

жалпы шолу.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін

қорытындылап, нақтылау мақсатында тапсырмалар

мен тест жұмыстарын алу арқылы қосжарнақты

өсімдіктер (көкнәр, алабота, орамжапырақ, асқабақ,

раушангүлділер, бұршақ тұқымдастар,

құлқайыргүлділер, күрделігүлділер және алқа)

тұқымдастарының тіршілігімен танысып, қоршаған

ортадағы маңыздылығы жайында білім

деңгейлерін анықтау.

2. Дамытушылық мақсаты: Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктер

түрлерін оқушылар білім сапаларына сәйкес

ерекшеліктерін, гүлдерінің формуласы мен

диаграммасы, жемістері, тұқымдары,

гүлшоғырларының орналасуы, олардың бір-

бірімен салыстыра айтуына байланысты пәнге

деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау

қабілеттері мен білімдерін дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен

жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабақ

Сабақтың әдісі: репродуктивті, түсіндірмелі - иллюстративті,

проблемалық оқыту, интерактивті тақтамен жұмыс,

сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс, қорытынды шығару,

интерактивті, көз елес, сәйкестік тест, салыстыру кестесі,

тест жұмысы.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, макет (алма, алмұрт), шикі картоп, стакан, су, тұз, тағамдық мак (көкнәр), «Биология» плакаттар.

Пән аралық байланыс: география, экология, химия

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ кезеңдері:

І. Ой толғау

ІІ. Өзіндік жұмыс

ІІІ. Жеке оқушыларға бағытталған сұрақтар (проблемалық, логикалық)

ІY. Интерактивті тактадағы тапсырмаларды орындау

Y. Тест тапсырмасы

І. Ой толғау.

1. Оқушылардың дүниетанымдарын ашу үшін нақты ой тастау. (флипчарт 1)

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла - қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос - сол шарасы.

(Шәкәрім Құдайбердиев)

Бұл адамның жеке ерекшелігі. Өсімдіктердің табиғаттағы (ғаламшардағы) орны мен маңызы.

ІІ. Өзіндік жұмыс

Таратпа материалдар (1-4 тапсырма) (флипчарт 5-8)

Оқушылардың жалпы алған білімдерін анықтау. (Тексеріліп бағасы журналға қойылады. )

1. Төменде берілген белгіге сәйкес, өсімдіктің әр түріне сандық және әріптік белгілеуді қолданып, кестені толтырыңыз (флипчарт-5)

Өсімдік түрі
тұқымдасы
Гүл формуласы
жемісі
өмірлік қалпы
Шаруашылық маңызы
Өсімдік түрі: итмұрын
тұқымдасы: R
Гүл формуласы: 7
жемісі: 8
өмірлік қалпы: A
Шаруашылық маңызы: J
Өсімдік түрі: Бұршақ тұқымдас
тұқымдасы: Т
Гүл формуласы: 8
жемісі: 6
өмірлік қалпы: Д
Шаруашылық маңызы: D. N. Ж, Н
Өсімдік түрі: мақта
тұқымдасы: S
Гүл формуласы: 6
жемісі: 2
өмірлік қалпы: A, Д
Шаруашылық маңызы: H
Өсімдік түрі: Асқабақ
тұқымдасы: L
Гүл формуласы: 3
жемісі: 4
өмірлік қалпы: A
Шаруашылық маңызы: D. N. Ж, Н
Өсімдік түрі: Жабайы шомыр
тұқымдасы: W
Гүл формуласы: 1
жемісі: 1
өмірлік қалпы: A
Шаруашылық маңызы: Z
Өсімдік түрі: Жабайы көкнәр
тұқымдасы: P
Гүл формуласы: 2
жемісі: 2
өмірлік қалпы: А
Шаруашылық маңызы: U
Өсімдік түрі: алхоры
тұқымдасы: R
Гүл формуласы: 5
жемісі: 7
өмірлік қалпы: С
Шаруашылық маңызы: Н
Өсімдік түрі: Ақ алабота
тұқымдасы: F
Гүл формуласы: 4
жемісі: 5
өмірлік қалпы: А
Шаруашылық маңызы: J
Өсімдік түрі: Қызанақ
тұқымдасы: И
Гүл формуласы: 10
жемісі: 10
өмірлік қалпы: А
Шаруашылық маңызы: Н
Өсімдік түрі: Сәлбен
тұқымдасы: С
Гүл формуласы: 9
жемісі: 11
өмірлік қалпы: А
Шаруашылық маңызы: И, Ж
Өсімдік түрі: Бақбақ
тұқымдасы: А
Гүл формуласы: 11
жемісі: 9
өмірлік қалпы: А
Шаруашылық маңызы:

Белгілері:

І. Тұқымдастары: ІІ. Гүл формуласы ІІІ. Жемісі

R - раушангүлділер 1. Т 2+2 К 4 А 2+4 Ж (2) 1. бұршаққын

F - алабота 2. Т 2 К 2+2 А∞Ж∞. 2. қауашақ

W - шаршыгүлділер 3. Т (5) К (5) А (2) +(2) +1 Ж 0 3. дәнек

P - көкнәр 4. Т 4 А 4 Ж 1 4. қабақ

L - асқабақ 5. Т (5) К 5 А 20 Ж 1 5. құрғақ

T - Бұршақтұқымдастар 6. Т 3+(5) К 5 А ( ) Ж ( ) 6. бұршаққап

S - құлқайыргүлділер 7. Т (5) К 5 А ∞Ж∞ 7. жидек

И- алқа тұқымдастар 8. Т (5) К 3+(2) А (9) +1 Ж 1 8. көп жаңғақшалы

С - ерінгүлділер 9. Т (5) К (2+3) А 2 Ж (2) 9. айдарлы, айдарсыз тұқымша

А - күрделігүлділер 10. Т (5) К (5) А 5 Ж (2) 10. жидек

11. Т 0 К (5) А (5) Ж (2) 11. жаңғақша

ІY. Өмірлік қалпы Y. Шаруашылық маңызы

А - шөптер Z - көкөністік

В - бұталар D - мал азықтық

С - ағаштар J - арамшөп

Д - шала бұталы H - азықтық

Е - N - сәндік

Ж - дәрілік

U - улы

2. Гүлдің диаграммасын талдап, формуласын жазыңдар. (флипчарт-6)

3. Төмендегі берілген гүлдердің формуласын жазыңдар. (флипчарт-7)

1. Мақта гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты тостағанша жапырақшасы 8 оның 3 бірікпеген, ал 5 біріккен екі шеңбер құрып орналасады, күлте жапырақшасы 5, аталығы шексіз біріккен, аналығы шексіз біріккен.

2. Картоп гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5 біріккен, аталығы 5, аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.

3. Итмұрын гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5, аталық пен аналығы көп (шексіз)

4. Төменде берілген қосжарнақты өсімдіктің:

Бірнеше өсімдік түрлері беріледі. (флипчарт-8)

- тұқымдасы

- түрі

- жемісі

- формуласы

ІІІ.

1. Жеке оқушыларға бағытталған сұрақтар (проблемалық, логикалық)

Алдын ала жеке үлестірме карточкалар беріледі.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау. (флипчарт 10-11)

1. Картоп түйнегінен екі цилиндр кесіп алынды (Ц 1 және Ц 2 ) . Бір сағатқа бірінші цилиндрді (Ц 1 ) дистильденген суға, екінші цилиндрді (Ц 2 ) картоп шырынының концентрациясына сәйкес келетін тұзды суға батырып қойды. Бір сағат өткеннен кейін цилиндрлердің көлемі бастапқы мөлшеріне сәйкес келе ме?

А) Ц 1 - сәйкес келмейді, Ц 2 - сәйкес келеді;

Ә) Ц 1 - сәйкес келмейді, Ц 2 - сәйкес келмейді;

Б) Ц 1 - сәйкес келеді, Ц 2 - сәйкес келеді;

В) Ц 1 - сәйкес келеді, Ц 2 - сәйкес келмейді;

2. Неліктен қылқан жапырақтыларға (ашық тұқымдылар) қарағанда жалпақ жапырақты ағаштарды (әлсіреген немесе зиянкестер зақымдаған) паразит-саңырауқұлақтар жиі қоныстайды?


Ұқсас жұмыстар
Гүл құрылысы
Күріштің гүлшоғыры
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Раушангүл тұқымдасына жататыны
Өсімдіктің тұқымдасы
Мақта тұқымынан
Орамжапырақгүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы
Пияз тұқымдастар
Раушангүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдастар
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz