И. Крыловтың Шегіртке мен құмырсқа мысалы (Абай аудармасы) бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа»

Сабақтың мақсаты: І. Білімділік:

Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жаңа

білімді меңгерту, ойын жүйелі айтуға үйрету.

ІІ. Дамытушылық:

Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелілік:

Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, Венн диаграмма, ассоциация, бес жолды өлең, рөлге бөліп оқу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, автор суреті, өмірбаяны.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

1. Жұмбақ суретті табу.

1. Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа)

2. Бірі құяды, бірі жұтады. (Жаңбыр мен жер)

3. Өзі қара шелкілдеп, секіреді селкілдеп. (Шегіртке)

  • Ал, енді, балалар, ненің суреті шықты? (балалардың жауабы)
  • Ендеше, біз бүгін, И. Крыловтан Абайдың аудармасы «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық:

Крылов Иван Андрейвич

1. Аудармашы, ақын А. Құнанбаев туралы .

Хронологиялық кестемен жұмыс.

ІІ. Мағынаны тану.

  1. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын мәнерлеп оқу.
  2. Сұрақтармен жұмыс. Мысал не туралы айтылған?Жаздыгүні шегірткенің жағдайы қандай болды, жаз мезгілін қалай өткізді?Ол құмырсқаға неге келді?Құмырсқа шегірткеге не деді?Шегіртке қандай сылтау айтты?

3. Өлеңді оқушыға оқыту.

4. Рөльге бөліп оқыту. (Шегіртке, құмырсқа, автор)

5. Мазмұнын толық бір оқушыға айтқызу.

ІІІ. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа

Допты қойдым алдына,

Оңжағына қарады

Сол жағына қарады,

Тау екендеп ойлады.

ІY. Ой толғаныс.

  1. Топпен жұмыс.

І топ. «Шегіртке мен құмырсқаға» венн диаграмма әдісін құру.

ШЕГІРТКЕ ҚҰМЫРСҚА

І топ. . Шегірткеге ассоциация әдісін құру.

ІІІ топ. Құмырсқаға бес жолды өлең жазу.

1. Құмырсқа.

2. Кішкентай, қызыл.

3. Еңбектенеді, қозғалады, жүреді . . .

4. Құмырсқа шегірткені илеуіне кіргізбеді.

5. Жәндік.

2 . Абай атаның «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақалымен қорытындылау.

Y. Бағалау.

YІІ. Үйге тапсырма.

Мысалды жаттау, суретін салу.


Ұқсас жұмыстар
Абай аудармасындағы И. Крыловтың Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу: И. Крыловтың (Абай Құнанбаев аудармасы) Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша сабақ жоспары
3-сынып: Шегіртке мен құмырсқа мысалы бойынша әдебиеттік оқу сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу сабағы: Шегіртке мен құмырсқа мысалы арқылы адамгершілік пен аналитикалық дағдыларды қалыптастыру
Ахмет Байтұрсынов аудармасындағы И. А. Крыловтың аққу, шортан һәм шаян мысалы: 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ахмет Байтұрсынұлының Өгіз бен бақа мысалы мен Абай аудармасының салыстырмалы талдауы
3-сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынов аудармасындағы Аққу, шортан һәм шаян мысалы бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары: И.А. Крылов мысалдарының Абай Құнанбаев және Ахмет Байтұрсынов аудармалары
1-сынып Ана тілі бойынша Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш мәтініне арналған ашық сабақ жоспары
С. Көбеевтің Түлкі мен қырғауыл мысалы бойынша бастауыш сынып сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz