Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бағдаршам құрастыру

Технологиялық карта

Өтетін күні: 06.04.2012 жыл

Тәрбиеші: Мусина Л.

Білім беру саласы «Таным»

ҰОІӘ бойынша: Құрастыру

Тақырыбы: Бағдаршам.

Мақсаты: Балалардың құрастыруға деген ынталарын арыттырып жол белгілері
ережелерін есте сақтауға үйрету. Әр түрлі материалдарды пайдаланып
бұйымдар жасауға үйрету. Соның ішінде бос сіріңке киндер қорапшалары арқылы
бағдаршам жасауға балалардың шығармашылық ойларын дамытып, оны іс жүзіне
асыруға үйрету. Жұмыс барысында бір-біріне кедергі жасамауға, бастаған
істерін тиянақты аяқтауға үйрету.
|Іс-әрекет |Тәрбиешінің іс-әрекеті |Балалардың іс әрекеті |
|кезеңі | | |
| | Жылулық шеңбері. | Арайлап таң атты, |
|Ұ.О.І.Ә | |Алтын сәуле таратты. |
|дайындық | |Жарқырайды қаламыз! |
| | |Жайнай түсті даламыз! |
| | |Қайырлы таң қонақтар! |
| | |Қайырлы таң достарым! |
| | Есік қағылып пошташы ағай хат | |
|Ұ.О.І.Ә |әкеледі. |Балалар хаттың ішінен |
|өткізілуі |-Балалар бізге жыл атасы пошта |шыққан суретке қызығушылық|
| |арқылы хат жіберіпті. |танытты. |
| |-Хатта не бар екен,ішін ашып | |
| |қарайық?! | |
| |-Жыл атасы әр суреттің астына | |
| |сұрақтар,тапсырмалар жазыпты.Соны |Қызыл,дөңгелек |
| |орындаймыз ба? | |
| |-Олай болса мына суреттің | |
| |пішіні,түсі қандай? | |
| |-Жыл атасы қызыл дөңгелекке жұмбақ| |
| |жасырыпты. | |
| |I-тапсырма: | |
| |Бұлтты айдай желдеткен, |Көктем |
| |Нөсерлеткен селдеткен. | |
| |Шалшық кешіп ойнайтын | |
| |Бұл қай мезгіл деп ойлайсың? | |
| |ІІ-тапсырма: |Сары, дөңгелек |
| |Мына суреттің түсі, пішіні қандай?|Наурыз, сәуір, мамыр |
| |Көктем мезгілінің айларын ата? |Сәуір айы |
| |Қазір қай қай айы? | |
| |ІІІ-тапсырма: |Жасыл, дөңгелек |
| |Дөңгелектің түсі қандай? | |
| |Көкем мезгіліне байланысты тақпақ | |
| |білесіңдер ме? |Сұңқар, Ақмерей, Дана |
| |Көктем мезгіліне тақпақ айтқызу. | |
| |Тапсырмасын орындаған, пішіндерін | |
| |тақтаға құрастыру арқылы бағдаршам| |
| |бейнесі шығады. | |
| |Тосын сәт |Балалар топқа келген аюға |
| |Топқа басын ұстаған аю кіреді. |таңдана қарады. |
| |-Басым-ай, басым. | |
| |-Аюжан саған не болды, басыңа не | |
| |болған? | |
| |-Көшеде бал тиеген машинаны көріп,| |
| |соған жармасып едім,құлап,басымды | |
| |ауыртып алдым. | |
| |- Аюжан олай көшедегі машинаға | |
| |жармасуға болмайды. Жол ережесін | |
| |бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар| |
| |емес пе? | |
| |Аю: | |
| |-Мен жол ереже дегенді | |
| |білмеймін,бағдаршам деген не? | |
| |-Олай болса жол ережесі,бағдаршам | |
| |дегенді бізден,біздің | |
| |балаларымыздан үйрен.Қазір мен | |
| |саған жол ережесін түсіндіріейін. | |
| |Тақтағы сурет арқылы әңгімелеу. | |
| |-Бағдаршам жол ережесін | |
| |реттеуші,жол қиылысынан өтуге | |
| |көмектеседі.Жаяу жүргіншілерді жол| |
| |апатынан сақтайды.Біз жол ережесін| |
| |сақтай білуіміз керек.Бағдаршам | |
| |бар жерде адамдар өтетін ақ | |
| |жолақтар болады.Балалар жолдан | |
| |өткенде ата-аналарының немесе | |
| |үлкендердің көмегімен өтуі | |
| |тиіс.Көлік жүретін үлкен жолдың |-Бала жолдан дұрыс өтпеді.|
| |қапталында арнайы адамдар жүретін | |
| |тратуарлар болады. |-Оны машина қағып кетеді. |
| |Жол ережесіндегі суреттен |–Бағдаршамнан өту керек. |
| |дұрыс-дұрыс емес әрекеттерді | |
| |көрсетіп,сұрақтар қою. | |
| |-Балалар мына суретке мұқият | |
| |қарайықшы,не байқадыңдар? | |
| |-Бәрекелді,дұрыс айтасыңдар.Бізге | |
| |келеген аюдың да машинаға жармасуы| |
| |дұрыс әрекет емес,ол жол ережесін |-Бағдаршам жол ережесін |
| |бұзып тұр. |реттеуші. |
| |-Балалар бүгін біз аюға жол |- Үш көзі бар. |
| |ережесі, бағдаршам туралы өз |-Қызыл,сары,жасыл.Дөңгелек|
| |білгендерімізді айтайық.Ол өз |. |
| |қателігін түсініп жол ережелерін |-Әлинұр,Мөлдір,Назерке, |
| |үйренсін. |Сабыржан. |
| |-Сендер бағдаршамды көшеде |-Камаз,автобус,ұшақ,тік |
| |көрдіңдер ме? |ұшақ,зымыран,кеме. |
| |Бағдаршам қай жерде тұрады. | |
| |-Бағдаршамның неше көзі бар? | |
| |-Көздерінің түсі-пішіні қандай? |Иә, білеміз. |
| |-Жол ережесіне байланысты |Көлік жүргізушісі |
| |тақпақтар кім айтады. |телефонмен сөйлесуге |
| |-Балалар қандай көлік түрлерін |болмайды. |
| |білесіңдер. |Артқы есігінен |
| |Осы көліктердің ішінде қайсысы |мініп,алдыңғы есігінен |
| |бағдаршамның көмегімен жүреді? |түсу керектігін. |
| |Көлік ішіндегі тәртіп ережелерді |Ұшақ, тікұшақ, зымыран. |
| |білесіңдер ме? |Кеме, қайық, параход. |
| |Көлік ішінде не істеуге болмайды? | |
| |Үлкен автобусқа мінгенде не | |
| |істейміз? |Қажет. Ол бағдаршам |
| |Көлік туралы қандай тақпақ |көмегімен жүреді. |
| |білесіңдер? | |
| |Ауада ұшатын көліктерге қандай | |
| |көліктер жатады. | |
| |Ал суда жүретін көліктерді | |
| |білесіңдер ме? | |
| |Дұрыс айтасындар балалар! | |
| |Телеэкран арқылы жол ережелерін, | |
| |көлік түрлерін көрсету. | |
| |Машинаға бағдаршамның көмегі қажет| |
| |пе? | |
| |Д/о: «Қай көліктің даусы» | |
| |Құйрығым-ай, құйрығым деп мысық | |
| |келеді. | |
| |Мысығым-ау бүгін сендерге не | |
| |болды? Мен көшеде доп ойнап жүр | |
| |едім құйрығымды машина басып | |
| |кетті. | |
| |Мысық сенің оның дұрыс емес жол | |
| |ережесін білмейсің бе? Бағдаршам |Балалар берілген |
| |бар дегендей. |тапсырмаларды |
| |Мысық: |ұқыптылықпен, |
| |Жол ережесін білемін ғой. Бірақ |қызығушылықпен орындады. |
| |бұл балабақшаның көшесінде | |
| |бағдаршам жоқ қой қайдан білейін. | |
| |Олай болса біз саған көмектесейік.| |
| |Біздің балалар Аюға және саған | |
| |бағдаршам жасап берсін. Сол | |
| |бағдаршамға қарап жол ережесін | |
| |үйреніңдер. | |
| |Бағдаршам құрастыру. | |
| |Керексіз қалдық заттар сіріңкенің | |
| |қорабы мен киндер сюрприздің | |
| |қорабынан құрастыру. | |
| |Жұмыс барысы: | |
| |- Бағдаршамның бірінші бөлігі | |
| |сіріңе қорапшасы. | |
| |- Қорапшаға бағдаршамның көздерін | |
| |рет-ретімен орналастыру. | |
| |- Бағдаршам көздерін желімдеу. | |
| |- Киндер қорабынан бағдаршам | |
| |қондырғышын орналастыру. | |
| |Сергіту сәті. | |
| | | |
|Қорытынды |Жасаған жұмыстарына талдау жасау, |Макеттегі көше |
| |мадақтау. Балалар бүгін біз не |қиылыстарына жасаған |
| |туралы өттік. Қане құрастырған |бағдаршамдарын қойды. |
| |бағдаршамымызды мына жасалған |Балалар әнді |
| |макеттегі жол қиылыстарына қояиық.|қызығушылықпен айтты. |
| |Қалған бағдаршамды Аю мен Мысыққа |Аю мен мысықтан |
| |берейік. Ормандағы басқа да аңдар |сыйлықтарын алып қоштасты.|
| |бағдаршамға қарап жол ережесін | |
| |сақтап жүруді үйренсін. | |
| |Ән «Бағдаршам» | |
| |Аю мен мысық балаларға өз | |
| |сыйлықтарын беріп, ризашылықпен | |
| |рахметтерін айтып қоштасады. | |

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көлік түрлерін, көшеде жүру ережелерін.

Үйренеді: Әр түрлі материалдарды пайдаланып бағдаршам
жасауды.

Игереді: Жұмыстарын тиянақты аяқтауды, берілген сұрақтарға
нақты, толық жауап

беруді.


Ұқсас жұмыстар
Жолда жүру ережесін, Есте сақта қалайда
Жол және бала тәрбие сағаты
Жайлау күні 4 сынып
Бағдаршам және көше белгілерін таныстыру
Көше ережесі тарихынан
Жасыл топ
Оқушылар бүгінгі сабақтың Нәтиже сабақ екенін айтып
Жолың болсын, балақай!
Жол ережесін білу-бәріне міндет
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері .құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. 3 сынып
Пәндер