Балалар сендердің аттарың кім

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар сыры.
Сабақтың мақсаты: Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекіліктері: түрлі ойыншықтар, үнтаспа,
күн сәулесі бейнесі.
Сабақ барысы :
Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Қонақтармен амандасу.
Бізге келген қонақтар қандай балалар.
Балалар: Сұлу, әдемі, әсем т. б
Тәрбиеші: Өте жақсы, олай болса келген қонақтарға өлең айтып берейік:
Жүрісіңнен жаңылма,
Топ топ, топ топ, топ топ.
Жылдамырақ адымда,
Топ топ, топ топ, топ топ.
Шапалақта алақан, »
Тақ тақ, тақ тақ, тақ тақ.
Тездет енді балақай.
Тақ тақ, тақ тақ, тақ тақ.
Осы кезде әдемі әуенмен күлдірген кіреді.
Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе күлдірген.
Күлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?
Балалар аттарын айтады.
Күлдірген: Сенің жасың нешеде?
Балалардың жауабы: үште.
Күлдірген:Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір керемет көрсетіп берейін бе?
Тәрбиеші: балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?
Балалар: иә, көрейікші.
Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.
(жерде беті жабулы түрлі-түсті қалташалары бар, қалташаларға әдемі ойыншықтар салынған күн сәулесі бейнесі жатады) .
Күлдірген сиқырлы сөздерін айтып жапқышты ашып қалады.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы қандай әсем, әдемі қалташалары бар күн сәулесі бейнесі бізге нұрын шашып жатыр. Күлдірген сен неткен керемет сиқыршысың. Ал балалар қалташаларды ашып көрейікші.
Балалар әрқайсысы өз қалташаларына отырады.
- Аю шығады.
Саяра: мынау аю. Ол жұмсақ, түсі қоңыр. Қорбаң, қорбаң етіп
жүреді. Тақпағын айтады.
- Сиыр шығады.
Әдемі: Ол мө-мө-ө-ө дейді \ 2 рет қайталау\. Сиыр сүт береді, ет
береді. Тақпағын айтады.
- Қоян шығады:
Гулім: мынау қоян. Мен қоянды ұнатамын. Қоянның құлағы ұзын, ол сәбіз жақсы
көреді. Мен қоян туралы тақпақ білемін айтып берейінші. Тақпақ айтады.
- Қой алып шығады.
Камила: түсі ақ, бә - бә - ә дейді. Жүнінен киім тоқиды. Тақпағын айтады.
- Түлкі шығады.
Балжан: мынау түлкі, ол өте қу және айлакер. Ол көп ертегілердің кейіпкері. Ол
бұлғаң -бұлғаң етіп жүреді. \көрсетеді\.
- Ит шығады .
Асылжан: ит адамның досы. Үй күзетеді. Ит аф- аф - аф, р - р- р- р дейді
\қайталау\.
- Түйе шығады.
Құдайберген: мынау түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. Ол бө -бө - ө - ө дейді.
Тақпақ айтады.
8. Жылқы шығады.
Ол Ио - ио - ио дейді. Мен жылқының төлі құлын туралы тақпақ білемін.
Тақпақ айтады.
9. Тышқан шығарады.
Нұрай: тышқан пи - пи - пи дейді \қайталау\ түсі сұр болады.
Өзі кіп кішкентай болады. Ол мысықтан қорқады. Тақпақ айтады.
10. Мысық шығады.
Жұлдыз: Мен мысықты жақсы көремін. Оның түсі ақ, мысық сүт ішеді. Мен мысық
туралы тақпақ білемін. Тақпақ айтады.
Тәрбиеші: Балалар өте жақсы, жануарлар жайлы көп нәрселерді біледі екенсіңдер.
Күлдірген :Ал балалар мен сендермен қош айтысайын деп тұрмын. Мені сендер сияқты басқада балақайлар күтіп отыр. Оларға да барып таңғажайып заттарымды көрсетүім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше балалар.
Балалар: Сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтысыңдар ғой. Кішкене серігіп алайық. Кәне жақындаңдар.
Сергіту сәт:
Жел уледі у - у - у.
Боран соқты зу - зу - зу.
Қатты қатты жел соқты гу- гу - гу.
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах- ах- ах деді.
Билеп кетті қалтырап тоқ - тоқ .
Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл - күйімізді көтеріп алдық. Ал енді балалар сабағымызды жалғастырайық. Осы сабағымызға орай бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар?
Балалар : Иә.
Қ\о « мысық пен тышқандар»
Тәрбиеші: Кәне балалар ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар. Ойыншықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыншықтар әні.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма? өте қызық болды. Балалар жануарлардың дыбысын тағы бір қайталап өтейік. Сиыр мө - мө - мө дейді. Қозы бә- бә - бә дейді. Ит аф - аф - аф, р- р - р- р дейді. Түйе бө- бө - бө дейді. Жылқы ио - ио -ио - ио дейді. Тышқан пи - пи - пи дейді. Мысық мияу - мияу мияу - мияу дейді. Өте жақсы балалар. Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп көп рахмет. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен кош айтысайық.
Балалар: сау болыңыздар, келесі кездескенше.
Алматы облысы
Қаратал ауданы
№97 балабақша
Сабақтың тақырыбы:
Тәрбиеші: Мусалиева А. М.
Үштөбе қаласы
2011 жыл.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz