Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жеңіс келді алақай
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ҚАРАТАЛ АУДАНЫ
№97 балабақша
Ертеңгілік
«Қоңырау» тобы
Үштөбе қаласы
2011 жыл
Зал мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген.Көңілді әуенмен
қолдарына әдемі гүл шоқтарын,әсем шарларын ұстаған балалар
көтеріңкі көңіл-күймен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар
және де біздің кішкентай ұландар!
Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 66 жылдық мерей тойымен
және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,
бірлік,береке тілейміз.
Жеңіс күні,Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы
Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.
Назерке: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.
Әмір: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.
Айдана: Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әкпеміз деп жүреді.
Нұрасыл: Даламыздың даңқысыз,
Балауса гүл,балғын қыз.
Жанын қиып,халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Шолпан: Мәншүк апай батырқыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн.
Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия
мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момыш-
ұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміз-
дің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері еш-
қашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың құрметіне
ән орындаймыз.
Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз».
І-шумақ: От жалыннан жаралған,
Отан – біздің анамыз.
Жауды жеңіп оралған,
Ортамызда – ағамыз.
Қайырмасы:
Ерлігіне бар адам
Таңдана қағар тамсана
Омырауға қадаған
Ордендері қаншама!!!
ІІ-шумақ: Айтқан сайын жақсы аға,
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшада,
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жүргізуші: Бүгін біз өте қуаныштымыз,бізге бүгін қонаққа аталар,
әкелер келіп отыр.бәріңіз кешегі күнде әскери борыштарыңызды
өтеп келіп,бүгінде Отанымызды қорғайтын азамат болып қаласыздар. Сіздердің
сол кездеріңізді еске түсірейік. Мейрамдарыңыз құтты болсын Отан
қорғаушылар!
Бірнеше спорттық жаттығулар жасалынады.
(осы кезде сап түзеген ұландар шығып тақпақтарын айтады)
Арман: Арыстан батыр – атымыз,
Қыран құс құмай – затымыз.
Жауынгер жалын жасақтың,
Арқалы азаматымыз.
Досжан: Асу бермес шын,құздармыз,
Жауларға қаһар,ызғармыз.
Қатер кеп төнсе халқыма,
Қалқаны болар біз бармыз.
Марат: Отаным,кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың,шаттықтың мекені
Қолдаймын,қорғаймын ордамды.
Ерасыл: Нұр шашады алтын күн
Отанымда мереке!
Қона берсін еліме,
Бақыт,шаттық береке!
Диас: Қызмет етіп Отанға
Бола білсең нағыз ер.
Мақтан тұтар ерлерді,
Туған елің,туған жер.
Мадияр: Отаным анамдай көремін.
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.
Санжар: Отан -біздің үйіміз
Отан біздің жырымыз,
Отан біздің бақшамыз,
Құлпыртатын гүліміз.
Миша: Отан – көкшіл туымыз.
Отан біздің еліміз,
Отанды қорғап жүреміз
Туып өскен жеріміз.
Барлығы: Біз Отанның ұланымыз,
Біз Отанның қыранымыз.
Ән: «Армиямыз айбынды» балалардың орындауында.
І-шумақ: Аспанды бұлт жаппасын,
Бүркемесін Ай,Күнді.
Жаулар оғын атпасын-
Армиямыз айбынды.
ІІ-шумақ: Аққу,қаздар тойлауда,
Мекен етіп айдынды.
Тыныштықты қорғауда-
Армиямыз айбынды.
Жүргізуші: Мерекемізді ары қарай жалғастырамыз.Енді біздің
сіздерге арналған «Жарайсың,әкелер» атты сайысымызды бастау-
ға рұқсат етіңіздер.
(сайыстың әділқазылар алқасын сайлау,сайыс 4 кезеңнен тұрады).
І-ші сайыстың аты: «Картопты тазала» (6 адам қатысады)
Жүргізуші: Суда жүзіп өсеміз,
Қырда жүзіп өсеміз,
Біз балдырған баламыз,
Жұлдыздай болып жанамыз,-деп ортаға
кішкентай моряктартарымызды шақырамыз.
Би: «Моряктар биі» ұлдардың орындауында.
ІІ-ші сайыстың аты: «Штабқа хабарлама жеткізу» (6 адам)
Жүргізуші: Барлығы орындарына жайғасады.Енді кішкене дем
ала тұрыңыздар.Біздің қыздар бағанадан босқа отырған жоқ,сіздер-
ге арнап әкелген өз тақпақ,өлең,билері де бар.
Бағжан: Қаһарман халық – қазақпыз,
Құлдықтан мүлде азатпыз.
Ерікті өскен ен жайлап,
Армансыз және азапсыз.
Жанель: Бізді өсірген аялап,
Отан-қамқор,сая бақ.
Отан-ортақ үйіміз.
Көңілді ән мен күйіміз.
Ділдә: Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-Ана,Отан-үлкен,
Қазақстан туған ел.
Ажар: Туған жер-алтын таң,
Кең далам,таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
Жүргізуші: Табаны жерге тимейді,
Біздің қыздар ғажап билейді.
Би сұлулық,әсемдік
Сымбаттылық бұл дейді,- дей отырып енді кезекті
биге береміз.
Би: «Ақ көгершіндер» қыздардың орындауында.
Ән: «Отан» қыздардың орындауында.
І-шумақ: Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Біздің ата-бабамыз.
Қайырмасы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер,
Отан-Ана,Отан-үлкен
Қазақстан туған жер.
ІІ-шумақ: Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап,
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
ІІІ-ші сайыстың аты: «Кім жылдам» (6 адам қатысады)
Жүргізуші: Қазір көктем мезгілі,көктем мезгілінде даланың бәрі
әсем,әдемі гүлге толы,ағаштардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт
өзгеріп,адамдардың көңіл-күйіде жайнай түседі.
Би: «Гүлдер вальсі» балалардың орындауында.
Ойын: «Күш сынаспақ»
ІV-ші сайыстың аты: «Күлкілі эстафета» (6 адам қатысады)
Жүргізуші:Сайысқа қатысушыларға көп рахмет! Ал енді әділқазы-
лар алқасы өз қорытындыларын шығарғанша мен жедел сұрақтар
қоямын.
Викториналық сұрақтар:
(балаларға арналған)
1. Біздің әскер күшті ме? (Күшті)
2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)
3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)
4. Қыздарды өздерімен бірге ала ма? (Жоқ)
5. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)
6. Ұшқыш шекарада тұрама? (Жоқ)
7. Ол құстан биік ұшама? (Иә)
8. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)
9. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)
10.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме? (Иә)
(Ата-аналарға арналған)
1. Ардагер дегеніміз кім?
2. Майордың шені үлкен бе,әлде капитанның ба?
3. Госиталь дегеніміз не?
4. «Катюша» деген ол қыздың аты ма?
5. Каска кімнің бас киімі? (сарбаздың)
6. Шлем кімнің бас киімі? (танкист)
7. Генерал көзін жұмғанда не көреді? (Түс)
8. Әскери адамдар неге етікпен жүреді? (Жермен)
9. Қалталы артилерия деген не? (Граната)
Жүргізуші: Асқақ ән көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар,
Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күні және
Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
(сыйлық беру,мақтау қағаздарымен мараппаттау)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz