Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар жинағы

1

Тұрмыстық заттар туралы

Жайлаған дүниені бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды.

(Орындық)

Ә, керемет, бір ит бар,

Үй бағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Темір тықсаң сөйлейді.

Тілін адам білмейді.

Рұқсатсыз ол иттен, Адам үйге кірмейді.

(Құлып)

Қарап тұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі кезіңе.

(Айна)

Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді.

(Ине)

Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,

Селкілдесе денесі дір-дір еткен,

Өзіне қандай жуан кез келсе де,

Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

(Темір арба)

Әншейінде жекесің,

Қарай қалса екеусің.

(Айна)

Ерте тұрдым,

Алып тұрдым.

(Есік)

Бес ін, бес іннің

Аузы бір ін.

(Қолғап)

Ерте тұрдым, керек қылдым,

Қажетімді өтеп алып,

Босағаға тастадым.

(Кебіс)

Қуаты ыссы керемет,

Үйге лебін жаяды.

(Пеш)

Жаңа табақ түбі тесік,

Тақ-тақ етті,

Астынан ақ керуен өтті.

(Елеуіш, ұн)

Күндіз де жүреді,

Түнде де жүреді,

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ.

Ол не, кім біледі?

(Сағат)

Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.

(Телефон)

Менің үш көзім бар.

Бір көзім: «Кідір!» дейді,

Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

Бір көзім: «Абайла!» дейді

«Қарап ал, маңдайға!» дейді.

(Бағдаршам)


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағы: Тұрмыстық заттар және да, де, та, те жалғаулық шылаулары
Заттар мен олардың физикалық қасиеттері: таза заттар, қоспалар және қоспаларды бөлу әдістері
Технология пәнінің сабағы: Тұрмыстық электр құралдарын жөндеу
9-сынып қазақ әдебиеті: Жаңылтпаштар мен жұмбақтар бойынша сабақ жоспары
Тұрмыстық химия: оқу бағдарламасы мен практикалық жұмыстар
Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік: түрлері, стильдері және негізгі тілдік құралдары
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау
4-сынып қазақ тілі: әлеуметтік-тұрмыстық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар
Балалар әдебиеті: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тақырыбындағы практикалық сабақ жоспары
Кемпірқосақ және оның түстері: пайда болу механизмі мен тұрмыстық эксперименттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz