Гимназия аруы

Кунафина Меруерт Нржановна

ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы

Қарауыл гимназиясының

информатика пәнінің мұғалімі,

9 сыныптың жетекшісі

«Гимназия аруы-2010»

Мақсаты:

Қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт-дәстүрді білуге, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету. Жас қыз бабалардың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін, білімдерін, ептіліктерін жұрт алдына көрсете білулері керек. Соныменқатар, әдемілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:

Тақырыпты ашатын нақыл сөздер, презентациялар, мақал-мәтелдер.

1-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!

2-жүргізуші: Көктемде жарқыраған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Ана-жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана-шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана-өмір, ана-бақыт, ана-жүрек»

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

2-жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейміз бәрімізде жарқылдап, .

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.

1-жүргізуші:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

2-жүргізуші:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

1-жүргізуші:

Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағын тілейміз!

БІРГЕ: Мереке құтты болсын құрметті аналар!

«Ана туралы ән»

1-жүргізуші: Құрметті қауым, бүгін біз 8-10 сыныптар арасында өтетін «Гимназияның аруы-2010» атты мерекелік сайысымызды бастағалы отырмыз.

2-жүргізуші: Иә, бұл сайыс қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт-дәстүрді білуге, дәріптеуге үйретіп қана қоймай, олардың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін, білімдерін, ептіліктерін жұрт алдына көрсете білуге тәрбиелейді.

1-жүргізуші:

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Аруларды әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ қазы алқаларын.

Олар:

1. Нұрғалиева Күлзия - қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі

2. Жакупбаева Ләззат - гимназияның қыз балаларымен жұмыс жүргізуші

3. Шеризатов Арман - 11 сынып оқушысы

2-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қыздарды қошеметпен қарсы алайық.

(ортаға қыздарды шақырамыз)

1-жүргізуші:

Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,

Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?

Ортаға шықты міне Аяжан да,

Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.

2-жүргізуші:

Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты,

Алдымызға келді ару Айнұр атты.

Парасатты бойжеткен аталамын,

Деп өзінің сыныбын алға тартты.

1-жүргізуші:

Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі

Шөл басқан сезімді де идіреді.

Ортада Қаламқас қыз мың бұралса,

Жер тербеліп, аспанымда Күн күледі.

2-жүргізуші:

Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,

Түрінен көрінеді ішкі сыры.

Айымдай келді міне білімді қыз,

Аспаннан шашылғандай күннің нұры.

1-жүргізуші:

Қандай әсем, көрікті үлбіреген,

Билейді әуенімен тебіренткен.

Арайлым атты аруым шықты ортаға, Дайындықпен сайысқа бүгін келген.

2-жүргізуші:

Жеребе арқылы қыздарымыздың кезегін анықтап алайық. (Сандар жазылған асықтарды ұсынамыз. Номерлерін анықтаймыз. )

Рахмет!

1-жүргізуші:

Аруларымызды сайысымыздың шартымен таныстырайық.

- Таныстыру

- Сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салады.

- «Шашылайын шуақ боп . . . » атты тақырыпта мәнерлеп жатқа оқу.

- Қолөнер. Он саусағынан өнер тамған аруларға кесте тігу тапсырмасы беріледі.

- Салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап (Білім сайысы) .

2-жүргізуші:

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады.

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Мектептегі бүгін болар сайыстың,

Әнші шығып әнмен бетін ашады.

(Ән айтылу керек. Арулар шығып кетеді. )

1-жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

2-жүргізуші:

Бақ сынап кете жарысар,

Білімді көппен табысар.

Әр қызымыз бір дастан,

Ерекше келіп танысар, - деп, қыздарымызды өздерін таныстыруға шақырамыз.

(Қыздар бір-бірден шығып өздерін таныстырады. )

1-жүргізуші:

Әділқазылар бағаларын шығарғанша, жанкүйерлер атынан ән шашуды қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Домбырам екі шекті қолға алайын,

Қайырып он екі алуан ән салайын.

«Нұр жауар талапты ерге» деген сөз бар,

Мен неге бұл талаптан құр қалайын, - дегендей, сайысымыздың бұл бөлімінде арулар өз өнерін ортаға салып, көпшілікті қуанта отырып, өнерлерінің бағасын алады.

1-жүргізуші:

Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді кәне бүгін көрсетші,

Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан.

(Арулар өз өнерлерін көрсетеді. )

2-жүргізуші:

Ендігі сөз кезегі әділқазыларда!

2-жүргізуші:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деген Абай атамыздың сөзі халықтың өз ұрпағын өлең, сөзді қадірлеуге шақырған даналық деп ойлаймыз.

1-жүргізуші:

Ендеше, сайысымыздың келесі бөлімі «Шашылайын шуақ боп . . . ». Қыздарымызды мәнерлеп жатқа оқуға шақырамыз.

(Қыздар мәнерлеп кезек-кезек оқиды. )

2-жүргізуші:

Әділқазылардың сайыскерлерімізді бғалауларын сұраймыз.

1-жүргізуші:

«Әке көрген - оқ жонар,

Шеше көрген - тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір бірінен кем түсер» демекші, біздің қыздарымыз іс тігуден кенде емес сияқты.

2-жүргізуші:

Ендеше аруларымызды ортаға шақырамыз. Қазір сіздердің алдарыңызға бірдей гүлдің сурет салынған материал, кергіш, ине-жіп беріледі. Осы заттарды пайдаланып, кесте тігу қажет. Кестенің әдемілігі, жақсы тігілгені бағаланады. Кесте тігу уақыты 7 минут. Шарт түсінікті болса, кезекті қыздарға береміз.

1-жүргізуші:

Жанкүйерлердің сәлемдерін тамашалай отырайық.

(Кесте тігіліп болған соң, әділқазыларға беріледі. Олар бағалау парағын толтырады)

2-жүргізуші:


Ұқсас жұмыстар
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Табиғатым – тағдырым жайлы
Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы
ЭКОНОМИКА АРУЫ
Ән көңілдің ажары , шарлар, ноталық суреттер
Өсімдік әлеміне саяхат
Көктем аруы. (3 - сынып оқушы қыздар арасындағы мерекелік байқау)
Қыз аруы - 2015 байқауының ЕРЕЖЕСІ
Көктем аруы
Өсімдіктер айтысы. 6-7-класс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz