Қыс ғажайыптары: мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі емес бейнелеу сабағы


Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«Еркемай» мектепке дейінгі балалар мекемесінің

бейнелеу пәні мұғалімі

Шүренова Нұргүл Ойлықызы

Тақырыбы: Қыс ғажайыптары

Ұ. О. І. Ә-ның мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға үйрету.

Білім саласы: Шығармашылық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, серуен- саяхат, өлең оқу, дәстүрлі емес тәсілмен сурет салу, сұрақ- жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.

Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүрткіш.

Ұ. О. І. Ә-нің барысы: Сәлемдесу.

Қайырлы таң- Алтын күн!

Қайырлы таң- Көк аспан!

Қайырлы таң- апайлар!

Қайырлы таң- достарым!

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

- Балалар, орманға барғыларың келе ме?

-Иә

Ендеше, мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға барамыз.

  • Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз.
  • Міне, балалар біз орманға келдік.

Орманнан нелерді көріп тұрмыз?

Балалардың жауабы: - Орманға келдік. Ақ қар, шыршалар, ағаштар көрдік.

Тәрбиеші: - Балалар кім қар туралы өлең біледі екен?

Балалар:

Аппақ- аппақ, қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Тәрбиеші: - Шыршаның түсі қандай? Шыршаның бойлары бірдей ме?

Балалар: - Жасыл. Бойлары аласа- биік.

Тәрбиеші: - Орманда тағы нелер бар екен?

Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.

Қоян: - Ой, саламатсыздар ма, балалар? Орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар: (Қоянмен амандасады) . Саяхатқа келдік!

Тәрбиеші: - Баллар, біздер аңдар туралы өлеңдер білеміз бе? Кәне, кім айтады?

Айда: Қайшы құлақ қоянмен,

Ақшыл түске боялдым.

Қоян: - Ой, қандай керемет! Менде сендермен бірге жүрейін.

Тәрбиеші: - Жарайды, бізбен бірге еріп жүрсін, балалар. Мынау не екен?

Балалар: - Ағаштар

Тәрбиеші: - Ағаштарда жапырақ бар ма? Мынау ақ болып тұрған нелер екен?

Балалар: - Жапырақ жоқ, бұлар ақ қарлар.

Тәрбиеші: - Мынау нелер екен?

Балалар: - Суық торғайлар.

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап, деп балалар жем шашады.

Тәрбиеші: - Балалар, мына жерде апан бар екен, кәне, қарайық, ненің апаны екен?

Балалар: - Аюдың апаны.

Айым: Балпаң-балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Тәрбиеші: - Балалар қыста аю ұйықтап жатады, сондықтан біз тыныш жүрейік, біз айқайласақ, шуласақ аю оянып кетеді.

  • Балалар, ал мынау тұрған не екен?

Балалар: - Аққала.

Тәрбиеші: - Міне, біздің де алдымызда балалар орманға саяхатқа келген. Солар аққала жасап кетіпті. Аққала неше бөліктен тұрады? Пішіні қандай? Түсі қандай?

Балалар: Үш бөліктен, пішіні дөңгелек, түсі- ақ.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Мына жерде әдемі үйшік тұр. Бұл үйшік кімнің үйі екен? Терезесін қағып көрейікші?

Балалар : - Тук- тук- терезесін қағады.

Түлкі: - Менің үйімнің терезесін қағып тұрған кімдер?

Тәрбиеші: Біз орманға саяхатқа келгенбіз. Сенің әдемі үйшігіңді көріп келдік!

Түлкі: - Амансыңдар ма, балалар?!

Балалар: Түлкімен амандасады.

Тәрбиеші: - Балалар кім түлкі туралы өлең біледі?

Аружан: Мен түлкімен- түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Түлкі: - Жарайсың, балақай. Мен де сендермен бірге жүрсем бола ма?

Тәрбиеші: - Иә, бізбен бірге жүр. Балалар біз тоңып қалдық. Аңдармен бірге ойын ойнап алсақ қалай болады?

Қоян: Мен ойнатсам бола ма, балалар? Ендеше қимылдық ойын ойнайық.

Аяз десем- секіреміз,

Шуақ десем- тоқтаймыз (2 рет ойналады)

Тәрбиеші: - Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Аңдармен қоштасайық! Аңдармен қоштасайық! Көзімізді жұмып, сиқырлы қалпақ, шапанның көмегімен балабақшамызға қайтайық.

  • Міне, балалар біз балабақшамызға келдік!
  • Орманнан нелерді көрдік?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Орнымызға отырып әдемілеп тіс пастасы арқылы ақ қардың суретін салайық. Сол қолымызға қол сүрткішімізді ұстап, оң қолымызбен саусақ ұшымен қар суретін бейнелеп салайық!

Тәрбиеші салу техникасын көрсетеді.

Сергіту жаттығуын жасайық:

Орманға барсақ түлкі бар,

Сайға барсақ, қоян бар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Балалардың салған суретін қорытындылау.

Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Көбелектер әлемі: балаларға арналған түстер мен дәстүрлі емес бейнелеу іс-әрекеті
Күміс қыс: мектепке дейінгі ұйымдағы тіл дамытуға арналған ашық сабақ
Көктемгі орманға саяхат: мектепке дейінгі балаларға арналған сабақ жоспары
Мектепке дейінгі балаларға арналған таным сабағы: Көлік түрлері мен жол ережелері
Дизартрия: психологиялық аспектілер мен мектепке дейінгі балаларға арналған түзету принциптері
Мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістері
Достық сезімі: мектепке дейінгі балаларға арналған оқыту-тәрбиелік жоспар
3-сыныпқа арналған композиция сабағы: Қыс көрінісін бейнелеу
Мектепке дейінгі білім мекемелері үшін бейнелеу өнерінен ұйымдастырылған сабақ үлгілері: әдістемелік нұсқаулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz