Тыйым сөздер

Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған
балалар мектеп-интернатының тәрбиешісі
Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тыйым сөздер
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың тыйым сөздер туралы түсінігін кеңейту, алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау;
ә) тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкеннен өнеге ала білуге үйрету;
б) дамытушылық: балалардың сөздік қорын толықтыру, есте сақтау,
ойлау қабілеттерін арттыру;
в) коррекциялық: дұрыс сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.
Сөздік: ырыс, береке
Қолданылған көрнекілі гі: суреттер, карточкалар, сызба.
Қолданылған әдістер: сұрақ - жауап, ойын
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
- Қабылдағышты киіңдер.
- Сен қалай естіп тұрсың?
- Мен жақсы естіп тұрмын.
- Сыныпта оқушылар түгел ме?
- Сыныпта оқушылар түгел.
- Қазір қандай сабақ болады?
- Қазір тәрбие сағаты болады.
- Тыныс жаттығуы.
Кезекші дыбыспен жұмыс: [Т, Д] Тыңда және қайтала:
[Таға - тағала]
[Дала - далада]
[Атты тағала]
[Далада қар жауып тұр]
Тіл жаттығуы.
- Айнұр, Рашидтен сұра: Біз қай елде тұрамыз?
- Біз Қазақстанда тұрамыз.
- Рашид, Гүлімнен сұра, оның ұлты кім?
- Менің ұлтым қазақ
- Гүлім, Айнұрдан сұра, біздің елбасымыз кім?
- Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
- Қайтала: «Қазақстан - тәуелсіз ел».
- Сабақтың тақырыбын хабарлау, жеке-жеке, топпен оқыту.
Сөздікті қайталау:
Сөздік: ырыс, береке
Тыйым сөздер біздің өмірімізде өте көп. Тыйым сөздерді ата - әжелерің, әке, аналарың, апа - ағаларың үнемі айтып отырады.
Мысалы: Есікті керме.
Тізеңді құшақтама.
Сүтті төкпе.
Жағыңды таянба.
өтірік жылама,, т. б.
Неліктен бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады? Кейбір сөздердің мағыналарын өткен сабақта айтқан едік. Еске түсіріп көрейік:
- Неге есікті керме дейді?
- Есікті керсе, үйден береке кетеді. (берекесі кету - ұрыс, жанжал)
- Неге сүтті төгуге болмайды?
- Сүт төксең, ырысың төгіледі. (ырысы төгілу - жоқшылық)
- Неге өтірік жылама дейді?
- Өтірік жыласа, жаман болады. (жаман болады - қайғы)
Ойланайық: ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы
- Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?
- Жамандық.
- Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады.
- Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын)
Тізеңді құшақтама. Нанды жерге тастама Жағыңды таянба
![]()
Бетіңді баспа Есікті керме Беліңді таянба
- Балалар, сендердің қандай тыйым сөздер білетіндеріңді тексеріп көрейік. Ойын ойнаймыз. «Орамал тастау» ойыны.
Ойын шарты: орамал алған оқушы тыйым сөз айтады. Айта алмаған оқушы ойыннан шығады.
- Біз не істедік?
- Біз «Орамал тастау» ойынын ойнадық.
VІ. Бекіту сұрақтары:
- Біз қандай тақырып өттік?
- Біз «Тыйым сөздер» тақырыбын өттік.
- Біз сабақта не істедік?
- Біз сабақта тыңдадық, сөйледік, сұрақтарға жауап бердік, ойын ойнадық.
- Біз нені үйрендік?
- Біз тыйым сөздерді үйрендік.
- Сабақты қорытындылау. Сызбаны толтырамыз.
Оқушылар кеспе карталардағы сөйлемдердің көмегімен сызбаны толтырады:
Нені білдім?
Нені үйрендім?
Тыйым сөздерді білдім.
Тыйым сөздер жақсы болуға үйретеді.
Нанды тастауға болмайды.
Сүтті төкпейміз.
Белді таянса, жаман болады.
Жағыңды таянба, т. б
- Оқушыларды мадақтау.
- Сабақты аяқтау.
Тыйым сөздерді білу қажет. Сенбі, жексенбі күндері үйге барғанда үлкендерден тыйым сөздерді сұрап, жаттап алыңдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz