Цилиндр, конус және қиық конусты қайталау: анықтамалар, формулалар және қорытынды бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ.
Мақсаты: 1. Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын
анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда
қолдана білу
2. Оқушылардың білім дәрежесін байқап, алған білімдерін одан әрі
тиянақтау.
3. Өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: геометриялық модельдер, карточкалар, бағалау парығы, тест тапсырмасы
Сабақтың түрі: қорытынды бағалау сабақ
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Топпен жұмыс.
ІІІ. Деңгейлі тапсырмалар шығару.
ІV. Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау парағын толтыру.
I. Ұйымдастыру кезең. Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру, топқа бөлу, топ басшыларын сайлап, бағалау парағын тарату.
1-топ «Альфа», 2- топ «Бетта», 3- топ «Гамма», 4-топ «Дельта»
II. Топтар мына кестедегі кезеңдер бойынша жұмыс жасайды:
Конус (анықтамалар,
формулалар)
Қиық конус
(қимасы)
Цилиндр(анықтам,
формулалары)
Қиық конус
(анықт, формулалары)
Цилиндр
(қимасы)
III 1-топта есеп жоқ, оларға анықтама, сызбалар, формулалар беріледі.
2-топ есебі: Конустың осьтық қимасы-бұрышы 60 0 және қабырғасы 12-ге тең үшбұрыш. Қиманың периметрін табыңдар.
3-топ есебі: Конус биіктігі-12см, жасаушысы-13см. Конустің бүйір бетінің ауданын
табыңдар.
4-топ есебі:Оқулықтан №537, 540
-Цилиндрдің осьтік қимасы диагоналі-8√2м тең квадрат. Цилиндрдың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
Тест тапсырмасы:
1. Конус қандай фигураны айналдырғанда шығады:
А. дөңгелектің диаметрі арқылы айналдырғанда
В. Тең бүйірлі үшбұрышты бүйір қабырғасы арқылы а»налдырғанда
С. тік бұрышты үшбұрышты катеті арқылы айналдырғанда
Д. Тік бұрышты үшбұрышты гипотенузасы арқылы айналдырғанда
Е. Тік бұрышты үшбұрышты диагоналі арқылы айналдырғанда
2 . Конустың жасаушысы-5см, радиусы-4см болса бүйір бетінің ауданы неге тең?
А. 25π (см 2 ) В. 100π(см 2 ) С. 20π(см 2 ) Д. 20(см 2 ) Е. 40π (см 2 )
3 . Цилиндрдің табанының радиусы -2м, биіктігі -3м болса, цилиндрдің осьтік қимасының диаметрін табыңдар.
А. 10м В. 5м С. 8м Д. 100м Е. 100м
4. Конустың радиусы -3м, биіктігі-4м болса жасаушыны табыңдың:
А. 5м В. 10м С. 15м Д. 1/5м Е. 10м
5. Қиық конус радиустары-3м және 6м, биіктігі-4м болса жасаушысын табыңдар
А. 2м В. 5м С. 3м Д. 4м Е. 10м
Тестінің жауап парағы:
А
1
IV Бағалау парағы:
Оқушының
аты
Топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою, формулаларды қайталауға «Лото» ойынын ойнау. Үйге №563, сұрақтарға жауап беру