Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әнұранның авторы кім


Кемалова Акнур Жумагалиқызы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орт а мектебінің 8-класс жетекшісі

Сабақ тақырыбы: «Рәміздерім – елдігімнің белгісі»
Сабақ мақсаты: ҚР –ның Мемлекеттік рәміздері және олардың мағыналары туралы
малұматтарын толықтыру, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін
қалыптастыру. Отанының білімді де, білікті жеке тұлғасы болып қалыптасуға
үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, қосымша әдебиеттер, слайд, плакат, ҚР-ның картасы
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу;
Класс тазалығын тексеру;
Класты 2 топқа бөлу;
1-топ: «Қыран» 2-топ: «Сұңқар»
Асылхан Азамат
Рауан Әлімжан
Олжас Миржан
Аяжан Перизат
Ғалел Орынгүл
Гүлайна Мереке
Әділет Дулат
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Алғашқы сөз кезегі мектеп әкімшілігіне беріледі.
ІІІ. Сайыс кезеңдері.
1. «Айтқанды ұғамыз, білуге құштармыз!». Сұрақ-жауап сайысы.
2. «Жұмбақ жылдар» сайысы.
3. «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында» сайысы.
4. Қорытынды. Марапаттау.
Сайысқа қатысушылар: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар.
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің!
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
1. «Айтқанды ұғамыз, білуге құштармыз!». Сұрақ-жауап сайысы.
Бұл бөлімде оқушыларға сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап 5 балдық
жүйемен бағаланады.
1. Қазақстан қашан тәуелсіз республика болып жарияланды? (1991 жылы, 16-
желтоқсанда)
2. Мемлекеттіе Елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәліков, Шота Аман
Уәлиханов)
3. Тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)
4. Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдяқов, сөзін жазғандар Жұмекен
Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
5. ҚР-ның Мемлекеттік туын сипаттап бер.
6. «Аз и Я» кітабының авторы кім? (О. Сүлейменов )
7. «Алтын адам» табылған жер. (Есік қаласы, Алматы облысы)
8. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағының авторы кім? (М. Дулатов)
9. «Қазақ » газетінің редакторы (А. Байтұрсынов)
10. «Көк түркінің көк семсері» аталған атақты батыр (Құтығұлы Күл-тегін)
11. Көмекей әулие аталған қазақтың ұлы жырауы (Бұқар жырау)
12. Қазақстан Республикасы бойынша Президент неше жылға сайланады? (5
жыл)
13. Тудың ені және ұзындығы қанша метр? (ені 1 метр, ұзындығы 2 метр)
14. Елтаңбаның рендік бейнесі неше түсті және қандай түстер? (2 түсті,
алтын және көгілдір түсті)
15. «Фемида» сыйлығы 2010 жылы кімге берілді? (Мемлекет басшысы Н.
Назарбаевқа )
16. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
17. Тіл туралы заң қанша баптан, тараудан тұрады? (27 бап, 6 тарау)
18. Қазақта тұңғыш дана ана кім? (Қарашаш)
19. Қазақта тұңғыш шешен кім? (Жиренше)
20. Республикалық балалар газеті (Ұлан)
21. Исламның қасиетті кітабы (Құран)
22. Республикамыздың рәміздері (Ту,Елтаңба, Әнұран)
23. Райымбек батыр күмбезі қай жерде? (Алматы қаласы, Райымбек даңғылы)
24. «Тархан» атағын алған батыр (Жәнібек)
25. Қазақстандағы ядролық апаттың ошағы болған жер. (Семей)
Сен неткен, Отан Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін
Жайнай бер, ұлы Отан, қазақ елім!
2. «Жұмбақ жылдар» сайысы.
Бұл бөлімде сандар жазылған плакат ілінеді. Топ мүшелері өзара
ақылдаса келе мағынасын табады. Әрбір дұрыс жауап 5 балдық жүйемен
бағаланады.
1. 1990 жыл 25 қазан (Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Заңы
қабылданды)
2. 1992 жыл 4 маусым (Қазақстан Республикасының Мемекеттік рәміздері
қабылданды)
3. 1993 жыл 28 қаңтар (Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш Конституция
қабылданды)
4. 1993 жыл15 қараша (Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық
валютасы теңге енгізілді).
5. 1997 жыл («Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы қабылданды)
6. 1997 жыл (Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы)
7. 1998 жыл 20-мамыр (Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы
болып бекітілді)
8. 2007 жыл 4 маусым (Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік
рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық
жастар форумы болды)
Елтаңбасы елімнің Қанатты қос арғымақ,
Неткен әйбат, әдемі! Екі жақтан көмкерген.
Тұнығындай көңілдің Тәуелсіздік жолында
Ортада аспан әлемі. Талай – талай тер тамған.
Құт, береке – шаңырақ, Билігім өз қолымда,
Орын алған ол төрден. Еркіндігім – Елтаңбам.
«Қазақ» биі, орындайтын 7-класс қыздары
Миржан:
Менің елім – Қазақстан, жүрегім,
Тек өзіңсің, Отан Ана, тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім.
Менің елім – Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін абыройың атағың.
Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан, Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен.
3. «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында» сайысы.
Бұл бөлімде оқушыларға сөзжұмбақ беріледі. Дұрыс жауабын тапқан топ
жеңімпаз атанады.
| |Т | | | | |
|1 | | | | | |

|2 |Ә | | | | | | | | |3 |У | | | | | | | | |4 |Е | | | | | | | | |5 | |Л
| | | | | | | | |6 |С | | | | | | | | |7 | | | |І | | | | | | | | |8 | | |
|З | | | | | | |9 | | | | | |Қ | | | | | | |10 | | |А | | | | | | | | |11 |
|З | | | | | | | | | 12 |А | | | | | | | | | |13 | | | | |Қ | | | |14
| | | | | | |С | | | | |15 | |Т | | | | | | | 16 |А | | | | | | |17 |
| | |Н | | | | |
Сұрақтар:
1. Мемлекеттік нышан (Ту)
2. Қазақтың батыр қызы (Мәншүк)
3. Қазақстан қай құрлықта орналасқан (Еуразия)
4. Үш арыс (Бейімбет)
5. Үш арсыз (күлкі)
6. Мұсылман діні (Ислам)
7. Қазақстанның рухани астанасы (Түркістан)
8. Адам үндес музыкалық аспап (қобыз)
9. Киіз үй жабдығы. Ол уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз
(туырлық)
10. Қазақстан неге бай? (мұнай)
11. Қамбарға ғашық болған бай қызы (назым)
12. Оңтүстік астана (Алматы)
13. Әр түрлі бұйым салуға арналып ағаштан не металдан жасалатын күйіз үй
жиһазы (сандық)
14. Ұлы жүздің алғашқы ханы (Жолбарыс)
15. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап)
16. Отбасының тірегі (ана)
17. Исламның қасиетті кітабы (құран)
Мәңгілік азат елдің сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!» деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағағыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
4. Қорытынды, марапаттау.
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Қазақстанның білімді ұрпақтары көп болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш
болсын. Еліміздің егемендігі берік болып, көк туымыз биікке самғай берсін
деген ақ тілекпен кешімізді аяқтаймыз. Кеш соңында жеңіске жеткен топ
оқушыларына мақтау қағазы тапсырылады.

Ұқсас жұмыстар
Менің отаным - Қазақстан туралы
Қазақстан-менің отаным
Қазақстанның рәміздері
Қазақстан жолы - 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Кең-байтақ Қазақстаным. 8 орыс сыныбы
Теңге – мемлекет келбеті
Қазақшаңыз қалай екен сайыс сабақ
Кел балалар өлеңінің авторы кім
Тәуелсіз елім – тірегім
Қазақ тілі. Ағылшын тілі
Пәндер