Кім жүйрік

Ақтөбе облысы. Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің ІІ санатты физика пәні мұғалімі. «Физика және астрономия» ғылыми-әдістемелік журналының тұрақты оқырманымын. Сіздерге 2012 жылға жазылған түбіртек пен 8-класта өткізген сыныптан тыс «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойын сабағымды жолдап отырмын.

Сабақ тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны

Сабақ мақсаты: Әрбір оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге үйрету. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, бағалау жетондары,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сайыс кзеңдері:

І. «Білім минуты» сұрақ-жауап сайысы

ІІ. «Кім жылдам?» сөзжұмбақ шешу

ІІІ. «Ойлан, тап!» есептер шығару

ІV. «Кім жүйрік?» физикалық жұмбақтар шешу.

V. «Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы

Сабақ барысы:

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Заңдылықты білмесең,

Өте алмайсың көпірден.

І. «Білім минуты» сұрақ-жауап сайысы

1. Балқу температурасы жоғары металл (Вольфрам)

2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)

3. Температураны өлшейтін құрал (Термометр)

4. Балқу температурасы төмен металл (Сынап)

5. Өткізгіштер тізбектей жалғанған, кедергілері 5 Ом, 15 Ом. Жалпы кедергісі неге тең? (20 Ом)

6. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі қалай аталады? (Конвекция)

7. Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларымен араласуы (Диффузия)

8. Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (қатты)

9. Табиғи жарық көзіне не жатады? (Күн)

10. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап (Электроскоп)

11. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (Электрон)

12. Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек (Протон)

13. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)

14. Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 күн)

15. Бірінші бу машинасын ойлап тапқан кім? (Папен)

16. Электрсыйымдылығының өлшем бірлігі (Фарад)

17. Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр)

18. Амперметрді тізбекке қалай жалғаймыз? (Тізбектей)

19. Ең алғаш қыздыру шамын кім ойлап тапты? (Лодыгин)

20. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар (Электрондар)

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

ІІ. «Кім жылдам?» сөзжұмбақ шешу

2
1
Ж
Ы
3
Л

4

10

У
6
5
М
Ө
7
Л
8
ш
9
Е
Р
11
І

Сұрақтары:

  1. Жұмыстың өлшем бірлігі (Джоуль)
  2. Фарадпен өлшенетін физикалық шама (сыйымдылық)
  3. Зарядтың өлшем бірлігі (Кулон)
  4. Вольтметрмен өлшенетін физикалық шама (кернеу)
  5. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
  6. Металдар мен диэлектриктердің қасиеттерінен өзгеше, біршама электрлік қасиеттері бар және олардың арасында аралық орынға ие заттар қалай аталады? (шалаөткізгіштер)
  7. Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса тұздар мен металдардың қорытпалары қалай аталады? (Электролиттер)
  8. Көлемі және массасы бойынша бұл планета Жерден аз ғана кіші. (Шолпан)
  9. Будың сұйыққа айналу құбылысы (Конденсация)
  10. Газдың көлемі тұрақты, яғни V=const, ал температура (T) мен қысым (p) өзгеретін термодинамикалық процесс (Изохоралық)
  11. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын қандай шама болып табылады? (ток күші)

Салауатты мақсатың өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол білімі асқан, өнері асқан,

Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды.

Сүйкімді, ақылды бол, иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл, небір түрлі.

ІІІ. «Ойлан, тап!» есептер шығару.

1-топтың есебі.

Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120В, 2 минут ішінде осы өткізгіште өндірілген токтың жұмысы?

Берілгені:

R = 12 О м R = 12\ Ом

U = 120 B U = 120B

t = 2 м и н = 2 с t = 2мин = 2с

N = U 2 R N = \frac{U^{2}}{R}

A = N t A = Nt

A = 120 2 12 120 = 144 000 Д ж A = \frac{120^{2}}{12} \bullet 120 = 144\ 000\ Дж
т/к:

2-топтың есебі:

Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Өткізгіштің жылпы кедергісі неге тең?

Берілгені:

R = 12 О м R = 12\ Ом

U = 120 B U = 120B

t = 2 м и н = 2 с t = 2мин = 2с

N = U 2 R N = \frac{U^{2}}{R}

A = N t A = Nt

A = 120 2 12 120 = 144 000 Д ж A = \frac{120^{2}}{12} \bullet 120 = 144\ 000\ Дж
т/к:

Сергіту сәті. «Суреттер сыр шертеді». Суретпен жұмыс.

Физиканың елінде

Физиканың тілінде

Жұмбақ шешіп ауысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Мақал-мәтел айтысып

Көңілді күй жасайық.

ІV. «Кім жүйрік?» физикалық жұмбақтар шешу.

Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,

Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. (Жаңбыр)

Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп,

Айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы. (Космос кемесі)


Ұқсас жұмыстар
Топ басшысы
Дала қоңырауы сайыс
<<жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> эстафеталық ойын
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар туралы ақпарат
«жылқышы» әңгімесі
Жүзден жүйрік . Ақыл - ой зерделі ойыны
"ынтымақты отбасы." мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік сайыс
Білімділер сайысы «кім жүйрік!» сыныптан тыс шара
Жүзден жүйрік сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz