Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары

ҚЫЗЫЛОРДА облысы
ҚАЗАЛЫ ауданы
ҚОЖАБАҚЫ ауылы
№25 мектептің бағдарламашысы
КЕЛМАҒАМБЕТОВА Алтынкүл
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама
жасау жолдары (сабақ жоспары)
Сабақтың тақырыбы: «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары»
Сабақтың мақсаты: оқытушылық: оқушыларды сызықтық бағдарламаның құрылымымен таныстыру, өткен тақырыптарды қайталау негізінде жаңа білімді қалыптастыру;
дамытушылық:қарастырылған материалды қорыта білуді, талдай білуді дамыту, теорияны практикада қолдануды үйрету және өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу, тәртіпшілікті тәрбиелеу, ТҚЕ қадағалау және топпен жұмыс жасай білуді тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын
әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақта қолданылатын
құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, тесттік жұмыстар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме! Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға - техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз?
3. Алгоритмнің қасиеттері.
4. Алгоритмнің өрнектелу жолдары.
5. Алгоритм аргументтері дегеніміз не?
6. Алгоритм нәтижесі дегеніміз не?
7. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
8. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
9. Алгоритм түрлері қайсысы дұрыс жазылған?
10. Алгоритм дегеніміз не?
11. Блок-схемада алгоритм басы мен соңын қандай геометриялық фигура бейнелейді?
12. Тармақталу алгоритмінің блок-схемасында шарт қандай геометриялық фигурмен көрсетіледі?
13. Блок-схемада шығару командасы қандай геометриялық фигура арқылы жазылады?
14. Алгоритм командасы дегеніміз не?
15. Алгоритмдік тіл не үшін керек?
16. Алгоритм қадамы дегеніміз не?
ІІІ. Жан жақты білімдерін тексеру
Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңыздар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары. » Сабағымыздың мақсаты Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау және оны Турбо Паскаль қосымшасында теріп, орындау. Жаңа тақырыпты қарастыруды бастамас бұрын, бірінші еске түсірейік (Оқушыларга сұрақ: ) бағдарлама деп нені айтамыз?
Паскаль тіліндегі бағдарламаның құрымын еске түсірейік.
(Оқушыларга сұрақтар:) Паскаль тіліндегі бағдарламаның құрылымы ?
Сипатталу бөлімі толық болған жағдайда қандай бөлімдерден тұрады?
ІV. Жаңа білімді белсенді қорытуға дайындау
Паскаль тілінде жазылған бағдарлама 3 бөлімнен тұрады:
тақырып бөлімі, сипатталу бөлімі және операторлар бөлімі.
Бағдарламалар құрылымы үш түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік. Бүгінгі сабақта сызықтық бағдарлама жасауды қарастырамыз.
V. Жаңа тақырып түсіндіру
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:
- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.
- Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.
- begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.
- Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.
- Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.
- Бос оператор деп «; » операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.
Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.
Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.
Сызықтық бағдарлама жазу үшін келесі операторларды білу қажет:
- меншіктеу операторы : =
- енгізу операторы Read( ) ; немесе Readln( ) ;
- шығару операторыWrite( ) ; немес Writeln( ) ;
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп оны айнымалыға беру үшін қолданылады. Жазылу ережесі <айнымалы атауы>:=<өрнек>;
мұндағы <айнымалы атауы>- айнымалы идентификаторы, := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні орнектің есептелген сан мәнін қабылдайды; <өрнек> - арифметикалық өрнек немесе сан.
Паскаль тілінде екі енгізу операторы қолданылады: Read() ; немесе Readln() ;
Read операторының жалпы түрі келесідей болады: Read(a1, a2, …, an) - мұндағы a1, a2, …, an айнымалы атаулары, оларды енгізу операторларының параметрлері деп те атайды. Айнымалылардың мәндері алғашқысынан бастап пернетақта арқылы енгізіледі. Курсор келесі қатарға көшірілмейді. Ал Readln(a1, a2, …, an) айнымалылардың мәндері пернетақтадан енгізілген соң курсорды келесі жолға көшіреді. Read операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндерді қабылдайды.
Мысал:
Var I:real; j:integer; k:char;
Begin
Read(I, j, k) ;
…
Осы бағдарламаға сәйкес енгізудің бірінші нұсқасы: 212. 2 38 ‘п’
Енгізудің екінші нұсқасы ‘в’ 23 12. 1 - екінші нұсқа дұрыс емес
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін Write( ) ; немес Writeln( ) ; операторлары қолданылады. Write операторы былай жазылады Write(a1, a2, …, an)
Мысалы егер В=2. 15 болып мына команда орындалғанда: Write(‘B мәні=’, В) ; экранда В мәні =2. 15 деген сөз тіркесі көрсетіледі. Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылып Write операторынан соң жай жақша ішіне жазылады.
Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы Writeln( ) жаңа жолға өту үшін пайдалынады. Егер Writeln(a1, a2, …, an ) операторы пайдаланылса a1, a2, …, an мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көщеді. Write операторын түсініктеме беруге пайдалануға болады.
Мысалы: Write(‘А, В, С мәндерін енгізіңдер’)
Read(A, B, C) ;
Мұндайда экранға: А, В, С мәндерін енгізіңдер түсініктеме сөзі шығады, содан кейін үш сандық мән енгізілуі тиіс.
VI. Жаңа тақырыпты түсінуін тексеру
Ал енді сызықтық бағдарлама жазып көрейік. Мысал: Ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазу:
Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S:=a*b
Алдымен Блок-схемасы мен алгоритмін қарастырып көрейік
Блок-схема Алгоритм
алг тіктөртбұрыш ауданын анықтау
нақты а, в
нәтиже S
басы
а, в енгізу
S=a+b
S шығару
соңы
Енді осы алгоритм бойынша бағдарлама құрамыз:
Program pr1;
Var a, b, s: real;
Begin
Write(‘a, b мәндерін енгіз’) ;
Read(a, b) ;
S:=a*b;
Write(‘S:=’, S) ;
End.
Енді Паскаль бағдарламасының терезесін ашып теріп, орындаймыз.
VII. Сабақты бекіту
1) Диктант. Берілген программа мәтінін оқушылармен бірге жазып шығу.
• Программаның аты ESEP1- оқушылар жазу керек - Program ESEP1;
• Тұрақтылар бөлімінде PI тең 3, 14159 - оқушылар жазу керек - const PI=3. 14159;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz