11-сынып әдебиеті: С. Мұқановтың Сұлушаш поэмасының композициясы мен образдар жүйесі

Әдебиет. 11-сынып . .

Сабақтың тақырыбы:

С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі .

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту.

Міндеті : а) Білімділік : поэманың композициялық құрылымын меңгерту арқылы, ақынның тіл шеберлігіне назар аударту.

б) Дамытушылық : әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру.

в) Тәрбиелік : оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.

Типі : Жаңа сабақ.

Түрі : Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.

Көрнекілігі : таблица.

Әдістері : Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқыту, талдау, пікір-талас.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. С. Мұқановтың қандай поэмаларын білесіңдер?

2. «Сұлушаш» поэмасына арқау болған оқиғалардың таптық мәні.

3. Поэманың оқиғасы кімдердің төңігерінде құралған?

ІІІ. Жаңа сабақ .

Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір-біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын-сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.

1. Композицияның элементтерін еске түсіру.

2. Пролог, эпилог анықтамаларын еске түсіру.

( Пролог - грекше, алғы сөз, көркем шығармаға кіріспенің, эпилог - грекше, соңғы сөз, шығарманы қорытудың бір түрі) .

  • Кейіпкер мінезін ашу.
  • Ой-тұжырым жасату.
  • Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу.

Поэманың сюжеттік желісін еске түсіре отырып, төмендегі схеманы толтыру.

Компози-циялық элементтер
Компози-циялық жоспар
Суреттеу тәсілдері
Сұлушаш
Алтай
№: 1
Компози-циялық элементтер: Пролог. Басталуы.
Компози-циялық жоспар: Дүниеге келуі.
Суреттеу тәсілдері: Баяндау, суреттеу
Сұлушаш:

Байдың қызы,

қиғаш қас, қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік, жұқа ерін.

Алтай: Кедейдің ұлы, қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай, кең иық.
№: 2.
Компози-циялық элементтер: Байланысы
Компози-циялық жоспар:

а) Ұнату.

ә) Құдалық.

Суреттеу тәсілдері: Диалог, баяндау.
Сұлушаш: Инабатты, сыпайы, кіші-пейіл, ақжарқын.
Алтай: Өжет, батыл, қайратты, өр.
№: 3.
Компози-циялық элементтер: Дамуы.
Компози-циялық жоспар: Алып қашу.
Суреттеу тәсілдері: Баяндау.
Сұлушаш: Болашақты болжағыш.
Алтай: Сертіне берік, айт-қанынан қайтпай-ды
№: 4
Компози-циялық элементтер: Шиеленсуі.
Компози-циялық жоспар: Қуғын.
Суреттеу тәсілдері: Диалог, баяндау.
Сұлушаш:

Айнымас ма-

хаббат иесі.

Алтай: Батыр, ержүрек, жауға мейірімсіз,
№: 5.
Компози-циялық элементтер: Шарықтау шегі.
Компози-циялық жоспар: Қарқаралы тауында.
Суреттеу тәсілдері: Баяндау, монолог, диалог.
Сұлушаш: Қиыншылыққа төзімді, сабылы.
Алтай: Еңбекке шынық-қан төзімді, ер тұлғалы.
№: 6
Компози-циялық элементтер: Шешімі.
Компози-циялық жоспар: Азапта өлуі.
Суреттеу тәсілдері: Баяндау
Сұлушаш: Қытымыр заманның құрбандары.
№: Идеясы
Компози-циялық элементтер: Тарих шындығымен махаббат шындығын еркін меңгеріп жырлаған ақын шығармасында әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы.

Мәтіннен Алтайдың монологын оқытқызу.

Бекіту . Олар өмір сүрген қатал замандағы таудағы биік тас кедергі - әлеуметтік теңсіздік тұрған шақта Алтай сияқты жастар арман-тілекке жетуі мүмкін де емес екенін, жазушы айқын ашып көрсеткен. «Сұлушаш» поэмасының тілі де көркем, оқиғасы да жаныңды елжіретіп, сай-сүйегіңді сырқырата отырып, оқиға жүйелі құрылған.

М. Базарбаевтың сөзімен қорытындылау. « Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның қаһармандары - ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды, ыстық қанды еңбек адамдары ».

Үйге тапсырма:

1. Поэмадағы әдет-ғұрып, халық психологиясының көрінісін сипаттап жазып келу

2. Поэманың тіл көркемдігіне байланысты көркемдегіш сөздерді табу.

№42 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Құрманғалина Миргүл Ахметбекқызы

Семей қаласы


Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқановтың Сұлушаш поэмасының көркемдік ерекшелігі мен тақырыбы: 11-сынып қазақ әдебиеті сабағы
Сәбит Мұқановтың Сұлушаш поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау: 7-сынып әдебиеті сабағы
С. Мұқановтың Жылқы әңгімесіне негізделген бастауыш сынып сабағы
Ашық сабақ әдістемелік әзірлемесі: Версаль - Вашингтон жүйесі (Дүниежүзі тарихы, топ С-11)
7-сыныпқа арналған С. Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау сабағының жоспары
8-сынып: М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасының сюжеті мен композициясын талдау
7-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары: Сәбит Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау
2013-2014 оқу жылы 11 «а» сынып қазақ әдебиеті пәнінің тізбектелген орта мерзімді жоспары - С. Мұқанов атындағы №10 мектеп, Мұстажапова Айымгүл (Атырау)
7-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Ақын өлімі туралы аңыз поэмасының тақырыбы мен идеясын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz