Антонимді тап

Қалалық классикалық гимназия

Мұғалім: Кургунбаева Балғын Бағытқызы

Сынып: 5

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдердегі антонимдер қолданысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сөз мағыналарынан алған білімді пысықтау, қарама-қарсы мәндегі сөздерді салыстыру.

Тәрбиелігі: сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын байытуға, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелесу, жаттығулар орындау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, сызба, деңгейлік тапсырмалар, синонимдік және түсіндірме сөздіктер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сынып көрінісін шолу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бақылау.

Кіріспе сөз: Балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын, ең алдымен, тарихтан, шежіреден қозғайын.

Ертеде лексика атты елде Омоним, Синоним, Антоним атты ағайынды үш жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір күні үшеуін шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Үшеуі әбден ойланыпты.

Омоним айтыпты: Түс

Синоним айтыпты: Шекер, қант тәтті.

Антоним жауап бермепті.

Әкесі: «Халықтан сұрасаңдар біледі. Елден сұраңдар» депті.

Содан үшеуі ел аралап кетіпті. Көп уақыттар өтіпті. Антоним үйіне қайтып келіпті де, Омоним, Синоним алыста тұрақталып қалыпты деседі.

Ал, балалар, бұл аңыз. Ал шындығында дүниеде не тәтті?

Дүниеде ең тәтті адамзат үшін ананың сүті екен. Зейнолла Қабдоловтың ана туралы мына сөзі дәл, анық айтылған.

«Күн нұры, таң самалы, гүл иісі . . . Осының бәрі сені тапқан анаңның қасиетінен таралған, мейірімімен жаралған. Рахат екен ғой! Тіршіліктің бар қызығы ананың саған деген дымы қалмай, діңкесі құрып қараған көз шарасына сыйып, сонда ғана тұрады екен ғой!»

Ананың құдіреттілігі мен биіктігін, адамзат үшін асыл екендігін, сезімнің тереңі де тек сол үшін екендігін бұдан бұрын артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ендеше, балалар, бүгінгі ашық сабағымызға белсенді қатысып, «5» деген баға алып аналарымызды қуантайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Лексика қай тілден шыққан?

1) грек 2) латын 3) орыс

2. Омоним болатын сөзді тап.

1) қаз 2) теңіз 3) бала

3. Синонимді тап.

1) көз, бақ 2) әдемі, көркем 3) кіші, ертең

4. Антонимді тап.

1) қара, білім 2) оңай-қиын 3) бүгін, кеш

5. Көп мағыналы сөзді тап

1) Мая-мая 2) ата-баба 3) бас, көз

6. Антоним деген не?

1) Айтылуы әр түрлі, мағыналары жақын сөздер.

2) Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.

3) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Жауабы: 1 1 2 2 3 3

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мына сөзжұмбаққа қарасақ, өткен сабақтың тақырыбы шығады.

  1. Баланың панасыан а
  2. Ас атасына н
  3. Өткен өмірімізта р и х
  4. Ортақ үйімізот а н
  5. Ана жағынан туысқанна ғ а ш ы
  6. Жеті қазынаның біріит
  7. Көптің түбіме р е к е

Антоним дегеніміз не?

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың жыл мезгілдеріне шығарылған өлеңдерінен антонимдерді табайық.

Жазғытұры

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз

Жоғары - төмен үйрек, қаз,

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап . . .

Күз

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.

Балалар, бұл өлең жолдарында кездескен антонимдер, ал бүгінгі сабағымызда «Сөздің көркі - мақал» демекші, мақал-мәтелдердегі антонимдерді тауып талдаймыз. Төменде жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Баланың ұяты - әкеге,

Қыздың ұяты - шешеге.

Бекіту.

«Кім жылдам табады?» ойыны.

Берілген мақал-мәтелдерден сыңарын және антонимдерін тауып, дәптерге жазу.

1. Ең тәтті де тіл,

. . . Ең ащы да тіл . . .

2. Жіптің ұзыны,

. . . Сөздің қысқасы жақсы . . .

3. Жаман сөз - жанға кірген тікен,

. . . Жақсы сөз - таптырмайтын ем . . .

4. Көп сөз - күміс

. . . Аз сөз - алтын . . .

Жұмбақты шешу.

1. Бұл жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның біріншісі - сарай сөзінің синонимі, екіншісі - астында сөзінің антонимі, үшіншісі - ірі сөзінің антонимі, төртінші сөз - тау жынысты қатты заттың аты. (Үй үстінде ұсақ тас. Жұлдыз)

2. Бірінші сөзі - көп сөзінің антонимі, екінші сөзі - сөйлемнің ең кішкене бөлшегі , үшінші сөзі - қымбат металл аты болып келетін мақал. (Аз сөз - алтын)

Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Қос жазба күнделік. (4 оқушы)
Мақал-мәтел
Мағынасы
Мақал-мәтел:

1. Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын мен алысты жортқан білер.

2. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

3. Жаман сөз - жанға кірген тікен,

Жақсы сөз - таптырмайтын ем.

4. Жақсы адам тауып айтады,

Жаман адам итше қауіп айтады

Мағынасы:
  1. Естеріңе түсіре ғой. (3 оқушы)

«Ақылдан жақын дос жоқ,

Ашудан жаман қас жоқ», − деген мақал бойынша:

  1. Жақын, жаман, жоқсөздерінің антонимін табу;
  2. Қассөзінің омонимін табу, мысалмен келтіру;
  3. Ашу, қассөздерінің синонимін табу.

3. Жағдаят. (жалпы)

1. - Есік алдындағы қалың түскен қарды арырақ күреп тастайық. Күн жылынса, былғаныш болар, - деді тәрбиеші ағай.


Ұқсас жұмыстар
Орыс тілді мектептерде қазақ тілінен тест жинақтарында кездесетін проблемалық сұрақтар
Лексика. омоним. синоним. антоним. 5-сынып
Сабақтың тақырыбы. Панорамалық сабақ
Тарихи сөздер
Мағыналары қарама-қарсы сөздер
лексика туралы
Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс
Термин сөздер қатарын тап
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын халықтық педагогикамен ұштастыру
Төл сөзді сөйлемді тап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz