Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Қош келдің, көңілді қыс
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«Еркемай» мектепке дейінгі балалар мекемесі
Мамбетжанова Мақпал Аманқосқызы- тәрбиеші
[pic]
Білім салалары: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттертүрлері: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Қош келдің көңілді қыс»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру.Қыстың ерекшіліктерімен қызықтыра
білу.Балаларды ойын арқылыжан –жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы
және күш, ептілік сияқты қимыл қозғалыстарынарттыру.
Көрнектілігі: Қыстың макеті, аю, қағаздан жасалған төбеге жапыстылған
ұлпақар,жаңғақтар,себет.
ҰОІӘ өткізілуі.Марш сазымен балалар спорт залға кіреді.
Сәлемдесу.
Тәрбиеші:Қайырлы күн, балалар!Алтын күн, жер анаға өзінің мейірлі шуағын
төгіп, біздіңжан дүниемізге жарық сәулесіншашып тұр.Біздебір-бірімізге
жүрек жылуымызды сыйлайықшы.
Балалар (дөңгеленіп тұрып)
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, жер ана
Амансың ба, достарым
Сендердікөріп қуандым.
Сөздік жұмыс.
Тәрбиеші:Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар:Үш ай бар, Қантар, Ақпан, Желтоқсан
Тәрбиеші жарайсындар! Қыста, балалар,қар жауады сендер шанамен
ойнайсыңдар.Аққала жасаймыз. Біз балалар өзімізді далада қардың
үстіндетұрмыз деп ойлайық. Ал енді қардың үстінде бойымызға
сергітужаттығуын жасайық.
Жаттығудың түрлері:
1.Басқа. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға,солға бұру.
2.Иыққа. Қол иықта алға артқа қозғалу 5-6 рет қайталау.
3.Қолға. Алға созу, жанға созу, жоғары төмен.
4.Аяқ иық көлемінде қол, белде оңға,солға қимылдау.
5.Аяққа. Алма- кезек аяқ астынан қол шапаттау 5-6 рет қайталау.
6.тыныс алу шеңбер бойымен ұлпақарды тыныс арқылы үрлеп тыныс алу.
[pic]
Тәрбиеші: Балалар, орманда, жабайы жануарлар бар.Мысалы: аю, қоян, түлкі,
қасқыр қыста бұл жануарлар өздеріне ін, апан қазып алады. Оның ішіне шөп,
жапырақ төсеп күндерін көреді. Бұларда күннің суығынан тоңып тұрса керек.
Біз осы жануарлардың жүрісін, қимылын, қозғалысын салып көңілдерін
көтерейік.
1.Аю сияқты қорбандап жүру.
2.Қоян сияқты секіру.
3.Түлкі сияқты бұрандап жүру.
Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күн ерекше екен. Сендердің жүздеріңнен
де байқап отырмын. Бәрің де ақылды, тәртіпті, баласыңдар. Енді, балалар,
бәріміз орманға барып жаңғақ терейік.
Балалар Орманда аю ұйқтап жатыр, жәй ғана барып жаңғағымызды терейік.
Ойын (хормен) Орманға біз барамыз
Жаңғақ теріп аламыз
Орманда бір аю бар
Байқаңдар оянып кетпесін.
Аю балаларды бірнеше рет қуып ойын қайталанады.
Тәрбиеші: Балалар енді біз аюдың мазасын ала бермейік Бала бақшамызға
қайтайық.
Сапқа тұрғызу.
Қортындылау: Балаларды мақтау, мадақтау, жаңғақты көп терген балалардың
есімін атау.
Абайлаңыз бағдаршам
Тақырыбы:
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына
қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол
белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік: Бағдаршам аялдама жол белгілері жедел әрделі машинасы жеңіл
көліктер автуобус.
Әдіс- тәсіл компьютер арқылы үйрету.
Ұ.О.І.Ә барысы: Балалардың зеиінің, ықыласын табиғат мүсініне аударып.
Балалар бүгін аптаның қай күні – бесінші күні қасиетті жұма күні.Ендеше
далаға көз салайық ауа – райы қандай екен? Аспанда күн жарқырақ тұр.
Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа –райы қандай болд? Не байқадыңдар?
«Апай менім қолым тоңды» - дұрыс айтасыңдар.балалар әлі күн жылына
қоймады, қарларда енді еріп жатыр.
Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?
Балалар: Қазақстанда
Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстаның қандай қаласында қаламыздың аты не?
- Шалқар
Тербиеші: Ал енді сендер осы шалқардың барлық көшелерін аралап көрдіңдер
ме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автоусқа отырып қала
көшелеріне саяхат жасайық. Бағдаршамен жол белгілерімен танысайық. Алдымен
автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.
Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
- Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке
жатады.
- Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.
Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа
отырайық.Міне қаламыздың ең үлкен көшесі Әйтеке би көшесіне келдік. Мен
сендерге жұмбақ жасырайын?
Тәрбиеші: Жан- жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?
Балалар: Бағдаршам
Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі? Бұл
жермен кімдер жүреді?
Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген
белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.
Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?
Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта сақтан жол ашық
Жүрме жолға таласып.
Тәрбиеші. Балалар біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп- түсетін жерге
келдік бұл қай жер екен?
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді.
Біреуі отырады
Біреуі тұрады.
Балалар: Аялдама
Өте жақсы енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық.
Балаларды реттімен отырғызып компьютер арқылы суреттермен әңгіме, сөйлем
арқылы үйрету.
Сюжеті ойын: Балаларды рольге кіргізіп ойнату.Жаяу жүргізушілерге
арналған жол мен жүргізу.
Қимылдық ойын: Жолға шеңбер бойымен балалар торғай болып отыру. Мащина
келгенде пыр етіп жан- жаққа ұшып кету.
Қортындылау: Тәрбиеші, Енді біздер көшеге шыққанда қауіп –қатерге
ұрынбай, барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар.
Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма балалар? Балаларды мақтау, мадақтау.
Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Дәрігерге қонаққа барғанда
Мақсаты: Күз мезгілі тура түсінік беру. Дәрігер туралы жұмбақ, өлең,
сұрақтар арқылы балаларды байланыстыра сөйлеуге сөздік қорын дамытып есту
қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілік: Дәрігер бұрышы, күз мезгілінің суреттері.
Сабақ барысы: балалар бізге қонақтар келіп отыр, Қонақтармен амандасайық.
Балалар: Саламатсыздарма?
Тәрбиеші: Шеңберге тұрып бір-бірімізге қуанышымызды жеткізейік.
Балалар: Біз қандаймыз қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжеуді білмейміз
Қуанамың менде
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
( Қол шапалақтап «алақай» дейді)
Тәрбиеші: Балалар адамдардың көңілді, күліп жүруі неге байланысты.
Балалар: Денсаулыққа байланысты.
Тәрбиеші: Олай болса біз дәрігер апайға қонаққа барайық.
Балалар: (Дәрігер апаймен амандасады) саламатсызба?
Дәрігер апай: Саламатсыздарма балалар.Жағдайларың қалай, еш жерлерің
ауырмайма? Балалар дені сау адам бақытты адам. Олар қысы, жазы шынығады.
Қыста шаңғы, коньки тепсе, жазда доп, асық, ақ серек-көк серек т.б. әр
түрлі ойындар ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін әр түрлі жаттығулар жасаймыз.Таза
жуынып жүруіміз керек.Жемістерді, көкіністерді жуып жеуіміз керек.Әйтпесе
әр түрлі мейкроп кіріп ішіміз ауырады. Содан кейін бізді қайда апарады?
Балалар: Дәріханаға дәрігер апай, ағайларға апарады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Ауырып қалғасын бізді тыңдайды инемен
шанышады.
Тосын сәт: Жолқаубек кіреді ( ішке кіріп аңтаң қалады).Мен сабаққа
келдімба десем қайда кіріп кеттім. Сендер кімсіңдер?
Балалар: Бұл балабақша.Біз «Балдәурен» тобының бүлдіршіндеріміз.
Тәрбиеші: Жалқаубек сен адасып кеткенге үқсайсын.Сенің үстің кір-кір
екен.Балалар осылай жүруге болады ма?
Балалар: Жоқ олай жүруге болмайды, таза жуынып жүру керек.
Тәрбиеші: Балалар мен жұмбақ жасырайын сендер Жалқаубекке көмектесіп
шешуін табыңдар.
Ертемен күнде сенде
Бетіңді үйкесең
Кетіп кір ласың
Тап – таза боласың.Бұл не?
Балалар: Сабын
Тәрбиеші: Иілсең иіліп,
Түгілісең түгіліп
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіңе.Бұл не?
Балалар: Айна
Тәрбиеші: Шошынған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолында
Сүртеді жолында.Бұл не?
Балалар: Сүлгі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Тазалық жайлы кім өлең оқиды.
Дәулет: Іш ауырса тіс ауырса
Анам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Жалқаубек: Мен енді таза жүремін, жуынып жүремін.Балалар сендермен дос
болайыншы.
Тәрбиеші: Жалқаубек біздің балалар өте таза өте тәртіпті.Сен балалармен
бірге ойна.
Қимылдық ойын: «Күн мен бұлт»
Тәрбиеші: Дәрігер апай бізге қандай кеңес берер екен.
Дәрігер апай: Балалар сендер өте таза жүруге, күн салқын болған кезде
кейініп жүрулерің керек.Әр түрлі жаттығу жасаңдар.( Балаларды тыңдап,
тексереді).
Тәрбиеші: Ал балалар Жалқаубекті сабағына шығарып салайық.
Қорытынды: Өте жақсы қатысып отырған балаларды жеке-жеке мадақтап
қортындылау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz