Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Астана тарихы
Сынып сағатының тақырыбы: Астана-қазақ елінің мақтанышы
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Астана - жаңа Елорданың саяси,
экономикалық, мәдени дамуының орталығы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау
қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз
саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің, Азия ойындарының негізінде
оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Түрі: сыныптан тыс іс-шара
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта слайдтары, плакаттар, оқушылар
шығармашылығынан суреттер
Барысы:
1. Оқушылырды сапқа тұрғызу
2. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру
3. Әнұран орындау
4. Астана тарихы
5. Әдеби монтаж
6. Жылнама құрастыру
7. Архитектуралық ғимараттар туралы
8. Сөзжұмбақ шешу
9. Азиаданың ашылуы
10. Алға Азиада! Жаса Қазақстан!
11. Қорытынды
1-жүргізуші: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз
Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз –
осы елдің болашақ патриотымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы
уақытта жалғастырушылар – біздер, яғни мектеп оқушылары.
Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.
Әнұран орындалады
1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы. 1925 жылы
Қызылорда қаласына көшірілді. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшірудің
басты себебі болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылғы 3 сәуірде, іс жүзінде 1929
жылы жүзеге асырылды. Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен
және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10
желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып
жарияланды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері
1998 жылғы 10 маусымда өткізілді. Астана халықаралық іскерлік және мәдени
орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени,
ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің,
алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін
елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде.
Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті
мен Үкіметінің ғимараттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында
кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-
мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары,
ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Ән: «Тәуелсіз Қазақстан»
2-жүргізуші: Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп-
көркендеуі, сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана
келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен
барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.
1-оқушы:
Астана –арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана-сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
2-оқушы:
Сәулесі түскен Есілге,
Сарыарқа төсінде.
Армандай әсем қала бар,
Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.
Астанам саған табынам,
Аңсаймын, сағынам.
Таңдарың қандай жарқын,
Жандарың қандай алтын,
Бақытқа бастаған Астанам.
Биікте болсын байрағың,
Мақтаным, айбарым.
Күн өткен сайын құлпырып,
Көктемгі әсем гүлдей жайнағын.
Елордам менің еңселі,
Ерліктің өлшемі.
Арудай қала, аяулым,
Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.
Жылнама
1998 6мамыр. Қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар қала атауынАстанаға
ауыстыру туралы бір жақты шешім қабылдады.
1998 жыл 10 маусым. Ресми тұсаукесер тойы өтті. Астана қаласының туған күні
болып саналады.
1998 жылы барлағы 170 түрлі нысан пайда болды.
Тура осы күні Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Президент
қала сайлаушыларымен кездесті. Онда қалалық маслихаттың шешімімен
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астананың құрметті азаматы » деген атақ берілді.
1999 жылдың 10қаңтарында Н.Назарбаев сайлаушылардың 79,78 % даусын жинап,
Қазақстан Президенті болып қайта сайланды.
Шетелдік инвестициялар есебінен 1999 жылы Ұлттық Мұражай , Еуразия ұлттық
угиверситетінің оқу корпусы, 240 орындық аурухана, тұрғын үйлер бой
көтерді.
2000 жылы Жаңа әкімшілік орталықтың құрылысы басталған сол жақ жағалауды
кеңінен игеру жылы болып есте қалды.
2001 жылы Жаңа елорда тарихында ірі дерек- Президент Н.Назарбаев 2001 жылғы
көктемде бекіткен 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған «Астананаң гүлденуі –
Қазақстанның гүлденуі» Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
2001 жылғы ең маңызды халықаралық оқиға - Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 22
қыркүйекте басталған Асанаға мемлекеттік визиті болды.
2002 жыл- еліміздің бас қаласы үшін үлкен маңызды оқиғаларға толы жыл
болды. Осы жылы Астанаға БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан келіп, жас елордамызға
таң қалып, жақсы тілектерін айтты. Сол жылы спорттағы ірі іс-шаралардың
бірі – Бокстан әлем кубогының мерейлік жарыстары да Астанада өтті. Есілдің
сол жақ жағалауында бірінен кейін бірі жаңа обьектілер іске қосыла
бастады.
2003 жыл. Тұрақты даму жолын таңдап, Қазақстан бұрынғы кеңес одағы
кеңістігінде дамыған мемелекет атағына ие болды. Біздің көп ұлтты және
көпконфессиялы елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының
бірінші сьезі өтті.
2004 жылы 24 желтоқсанда Астанада еліміздің басты ғимараты –
«Ақорда»атауына ие болған Президент резиденциясының ашылу салтанаты болды.
2005 жылдың бас кезеңі, Астана үшін, бірінші кезекте Елорданың халақаралық
әуежайында жаңа жолаушылар терминалының ашылуымен есте қалды.
Сол жылы «Қазақстан» саябағында үш мыңнан астам, Ғашықтар саябағында екі
мыңнан астам , сондай- ақ Бәйтеректің жанында әр түрлі ағаш
отырғызылды,жалпы айтқанда, Астананы көгалдандырудың 2030 жылға дейінгі
кешенді бағдарламасында әр- бір тұрғынға 19 шаршы метр жасыл желек
мөлшеріне қол жеткізу көзделген.
2006 жылдың тағы да бір маңызды оқиғасы-Астанада өткен Әлемдік және
Дәстүрлі діндердің ІІ сьезі. Оған қатысушылар түрлі діндегілер, этностар
мен халықтар өкілдері болды.
1-қыркүйекте Елбасының қатысуымен елорданың жасанды төбесінде орналасқан 77
метрлік пирамида түріндегі Бейбітшілік және келісім сарайының салтанатты
ашылуы болды.
Бәсекелестікке қабілеттікті дамыту-бүкіл елдің, Астананың дамуы үшін айқын
басымдылық. Осы бағыттарды 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» жолдауында Елбасы атап көрсеткен.
2008 жылы Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы тойланды.
2009 жыл. Халық санағы. Астана халқының саны 684 мыңға жетті. 1998 жылы
мұнда 225 мың адам тұратын.
2010 жыл – 56 мемлекеттің басшысын қосқан «Астаналық САММИТ» өтті.
2011 жыл – ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТІП ЖАТЫР.
Жүргізуші: Осы жылдар ішінде Астана қаласында қаншама сәулетті ғимараттар
салынды десеңші!. Ендеше сол ғимраттарға саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!
3-оқушы: Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана -
Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы
сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет
туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде
болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім
бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-
тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына
ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер
жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-
Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты
күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс.
Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан
көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың
көрінісін көруге болады.
4-оқушы: Келесі көрікті жерлері “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді
кеңістік, океанарум, кинозалдар.
Күмбезді залда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы,
Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б көруге болады.
Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды
бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер
арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.
7-оқушы:Келесі көрікті жері- ол Елбасының мәдени орталық мұражайы болып
табылады. Мұражайдағы жәдігерлер көне замандағы хандықтардың құрылуынан
бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға дейінгі уақытты қамтиды.
8-оқушы: Содан кейін “Қазақстан картасы - “Атамекен” этно-мемориалдық
кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14
облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде
жасалған.
9-оқушы: Содан кейін әуенді фантандар бағы болып табылады. Кең бақ сол
жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2
павильоннан құрылған.
Ән: «Астана»
1 Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы.
2. Қазақстан Республикасының елбасының есімі.
3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
4.Қазақ халқының ұлы ақыны.
5.Ас атасы.
6 Қазақстан Республикасының рәмізі.
Жүргізуші: Міне, осындай әлемге танылған тарихы бар Астана қысқы Азия
ойындарының да орталығына айналды.Қысқы Азия ойындары төмендегі нысандар
бойынша Астана және Алматы қалаларында сондай-ақ Алматы облысы аумағында
өтіп жатыр.
|№ |Нысан |Мекенжайы |Спорт түрі |
|1 |Конькимен сырғанау жабық |Астана қ., Қабанбай батыр |Коньки тебу спорты |
| |стадионы |даңғылы | |
|2 |Жабық футбол стадионы |Астана қ., Қабанбай батыр |Ойындардың салтанатты |
| | |даңғылы |ашылу рәсімі |
|3 |«Қазақстан» спорт сарайы |Астана қ., Мұңайтпасов пен |Шайбалы хоккей (ерлер) |
| | |Мирзоян көш. қиылысы | |
|4 |К-95, К-125 шаңғы |Алматы қ. Ремизовка көш. мен|Трамплиннен шаңғымен |
| |трамплиндерінің халықаралық |Әл-Фараби даң. қиылысы |секіру |
| |кешені | | |
|5 |Шаңғы-биатлон стадионы |Алматы облысы Талғар ауданы,|Шаңғы жарысы, биатлон |
| | |Солдат шатқалы |және шаңғымен бағдарлау |
|6 |«Медеу» жоғары таулы спорт |Алматы қ., Достық даң. |Допты хоккей |
| |кешені |жоғары, «Медеу» жоғары таулы| |
| | |спорт кешені | |
|7 |«Табаған» спорттық |Алматы облысы |фристайл |
| |ойын-сауық кешені | | |
|8 |Б. Шолақ атындағы спорт |Алматы қ., Байтұрсынов көш. |Азия ойындарының жабылу |
| |сарайы |мен Абай даң. бұрышы |салтанаты |
| | | |Шайбалы хоккей (Әйелдер)|
|9 |Республикалық велотрек |Астана қ., Қабанбай батыр |Шорт-трек, мәнерлеп |
| | |даң., футбол стадионына |сырғанау |
| | |жақын | |
Енді осы Олимпиада ойындары өтіп жатқан ғимараттар мен спорт кешендерімен
таныстырып көрейік.
Жабық футбол стадионы
Құрылысқа берілген телім Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр мен
Сарыарқа көшелерінің ортасында жатыр. Осы жерде 2011 жылғы 7-қысқы Азия
ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстанда мұндай көлемді нысан
құрылысы алғаш рет жүргізілді. Ол төбе құрастырмасының жылжымалығымен
бірегей, қыстыгүні мұнда спорттың барлық ойын түрлерін өткізуге болады. Бұл
стадионның сыйымдылығы 30 мың көрермен орнын құрайды.
Конькимен сырғанау жабық стадионы
Берілген жер телімінің орналасуы – Есіл өзенінің сол жағалауындағы Қабанбай
батыр даңғылы бойында футбол стадионының маңы. Коньки тебу спорты, шорт-
трек, канадалық хоккей (2 алаң), керлинг, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт
түрлерін өткізуге арналған.
Кешеннің құрамында негізгі коньки тебу стадионының биік құрылысы мен
қонақүйдің конус тәріздес ғимараты, фитнес-орталық және әкімшілік кеңсесі
бар.
«Қазақстан» спорт сарайы
Ойындар барысында «Қазақстан» спорт сарайында шайбалы хоккей бойынша
жарыстарды өткізу жүріп отыр. Спорт сарайы 2001 жылы қолданысқа енгізілген.
Қазіргі кезде ғимаратты қайта құру жоспарланып отыр, қосымша жайылма мұз
айдыны салынған. Мінбелер 4050 отыру орнына есептелген.
Республикалық велотрек
Құрылысына 20 миллиард теңге жұмсалған. Республикалық велотрек Азия
ойындары басталғанша дайын болды. Құрылыстың ерекше пішіні бірден назар
аударарлық. Велошабандоздың бас киімі пішіндес Республикалық велотрек ең
бір ерекше спорт кешені деп танылып отыр. Оның 20 мың шаршы метр аумағында
велотректен басқа волейбол, баскетбол, футбол алаңдары, бірнеше бассейндер
мен фитнес-орталықтары орналасқан. Нысанның сыйымдылығы 8000 отыру
орындарын құрайды. Мұнда шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар
өткізілуде. Спорттың осы екі түрі дәстүрлі түрде бір спорттық аренада
өтеді.
Б. Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы 7-қысқы Азия
ойындарының стратегиялық спорттық нысандарының бірі болып табылады. Осында
2011 жылдың 6 ақпанында Азияданың жабылу салтанаты өтеді. Сөз жоқ, бұл шара
өткізілген жарыстардың қорытындыларын жариялайтын Ойындардың басты оқиғасы
болады.
Спорт және мәдениет сарайы Азия спорттық қозғалыс шежіресіне Азия Олимпиада
Кеңесінің келесі VIII қысқы Азия ойындарын ұйымдыстарушы елге туды ресми
түрде беру орны ретінде кіреді. Бұл шара үлкен ақпараттық қолдауға ие
болады: жабылу рәсімін шетелде және Қазақстанда шынайы уақыт режимінде
трансляциялайды, оны таратуға 1000 астам отандық және шетел журналистері
қатысады.
Сарайдың сыйымдылығы 5000 адамды құрайды. Қосымша 1000 отыру орындары
орнатылды, Сондай-ақ, ең соңғы нұсқадағы электронды табло құрастырылады.
Азиаданы өткізудің арқасында Алматы қаласында хоккей, шорт-трек және
мәнерлеп сырғанауға арналған спорттық база пайда болды.
Медеу» жоғары таулы спорт кешені
«Медеу» – Азия ойындары үшін шешуші мәнге ие нысана. Мұнда хоккей бойынша
(бенди) жарыстары жүргізілуде. Мұз айдыны конькимен сырғанау спорты, канада
хоккейі, керлинг, мәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты халықаралық
және өңірлік деңгейдегі жаттықтырулар мен спорт іс-шараларын жүргізуге
толығымен дайын.
Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені
Бізде 7-қысқы Азия ойындарында шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенінде
спортшыларымыз жаңа әлемдік рекордтар қояды деген үміттеміз.
Кешен Алматы қаласының оңтүстік бөлігінде, Есентай өзенінің шығысында, Әл-
Фараби даңғылының оңтүстігінде орналасқан. Жоба 5 трамплинді қамтиды:
халықаралық кластағы К-125, К-95 және балалар-жаттығуға арналған К-60, К-
40, К-20. Сондай-ақ, оған стадион, медиа орталық, жас секірушілерді даярлау
мектебі, спорт зал, алты жолды 25 метрлік жабық бассейні, аспалы жол,
трибуналарға кіре беріске, старт және мәре сызығына апаратын жол айырығы,
200 орындық жердегі жерасты автотұрақ та кіреді.
Трибуналары бар көп фунцкионалды ғимарат 5500 көрермен отыру орнына
есептелген. Бұдан басқа таудың батыс шатқалына қарай 400 отыру орындары
бар терраса жоспарланған.
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты
Өткен ғасырдың 40-жылдар соңында тау шаңғы әуесқойлары Шымбұлақ шатқалында
теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте, Алматыдан 25 км қашықтықта орналасқан
көркем табиғат бұрышын ашты. «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты 7-қысқы Азия
ойындары кезінде тау шаңғы спорты бойынша жарыстарды өткізу үшін іске
қосылды. Қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына тау шаңғы спорты 1936
жылы енді. Қазіргі уақытта Шымбұлақта трассалардың жалпы созылмалығы 6 км-
ден орташа алғанда екі есе өсті. Көп шоғырланған жерлерде сырғанау аймағы
10-20 есе үлкейтілді. Азия ойындарынан кейін Қазақстанның әлем туризмі
картасында лайықты орын алу мен Австрия мен Швецияның танымал тау шаңғы
курортарымен бәсекеге түсу мүмкіндігі туады. Шымбұлақты қайта құру
Қазақстанға келетін туристтер санын арттыруға, біздің спортшыларды түрлі
жарыстарға жақсырақ дайындауға мүмкіндік береді
.
Шаңғы-биатлон стадионы
Кешен биатлон, шаңғы жарысы мен шаңғыда спорттық бейімделу бойынша
жарыстарды жүргізуге арналған. Алматы облысы Талғар ауданы Солдат
шатқалындағы шаңғы және биатлон стадиондарының кешені қысқы Азия ойындарын
жүргізу үшін қажетті меншікті инфрақұрылымы бар автономды жүйесі болып
табылады, ол кейіннен Әлем кубогы мен Қысқы Олимпиада ойындарын жүргізу
үшін пайдаланылатын болады.
Биатлон үшін трассалар келесі спорт түрлері үшін арналған: жеке жарыс,
спринт, көпшілік старт, қуу жарысы, эстафета. Трассалардың максималды
ұзындығы 4 км. Негізгі құрылыстар болып шаңғы және биатлон стадиондарының
трибуналар ғимараттары саналады. Әрбір стадионның трибуналары 3000 астам
(1300 отыру мен 1800 отыру орындары) көрермендерді сыйғызуға есептелген.
«Табаған» спорттық-ойын сауық кешені
Алматыда жарыстар бірнеше спорттық нысандарда өтеді. Олардың бірі –
«Табаған» спорттық-ойын сауық кешені.
Кешеннің атауы ағылшынның Toboggan сөзінен шығады. Солтүстік Америка
үнділер тайпаларында бұл «кең сызықты қысқы ағаш шаналар» мағына береді.
Сөзбе-сөз «Табаған» шананы көңілді тебу дегенді білдіреді.
«Табаған» кешені осы кластағы тау шаңғы курортарына қойылатын заманауи
әлемдік стандарттарға сай салынды. Кешен Австрияда, Голландияда және
Ресейде өндірілген техникамен жабдықталды.
«Табаған» ССК 2005 жылы салынды. Алматы қаласы жанында орналасқан (19 км.).
Теңіз деңгейінен 1530 м. биіктікте. Әртүрлі қиындықтағы трассалардың жалпы
созылымдығы 37 км. Олардың ішінен: қоскреслолы аспалы жолдың жалпы
созылмалығы 1000 метр. Екі бугельді жол, қар зеңбірегі жұмыс істеуде,
«Табағанда» жасанды қар борату жүйесі жұмыс істеп тұр.
Азиада аясында «Табаған» спорт кешенінде фристайл және биатлон бойынша
жарыстар өтеді.
Жүргізуші: Қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан құрама командасында 164
спортшы қатысуда. 69 жиынтық Алтын, күміс, қола медальдары белгіленіп
отыр. Осы медальдардың басым көпшілігін өз жерлестеріміз алуына тілектеспіз
және соған сенеміз де!
Сұрақтар: Қысқы Азиада ойындарына неше мемлекет спортсмендері келді?
Азиаданың ашылу іс-шарасының ерекшелігі неде?
Азиада алауын жаққан 7 спорт шеберлерін ата.
Кімге жанкүйер боласың?
Қай спорт түрі саған ұнайды және өзің қандай спорт түрімен айналысып
жүрсің?
Ән:»Азиада алауы»
Қорытынды сөз.
Кулахметова Жамал
Сарқан ауданы
« Новопокровка орта мектебі
мектепке дейінгі шағын
орталығымен» мемлекеттік
мекемесінің тарих пәнінің
мұғалімі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz