Ауа райын бақылау

Индербор кенті

«Райхан» балабақшасы

«КӨКЖИЕК»

«Таным» саласына қосымша әдістемелік нұсқаулық

2011 жыл

«Райхан» балабақшасының әдістемелік

кеңесінде қаралып талқыланған

Хаттама № 2 02. 02. 2011 ж

Жинақтаған:

Куанышева Эльмира Избасаровна

І санатты әдіскер

Пікір жазған:

Балабақша директоры : Жанғали Светлана Жардемқызы

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесін табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға, қызығушылығын арттырып жауапткершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Әдістемелік нұсқаулық «Таным» білім саласы бойынша тәрбиешіге жақсы көмекші құрал болып табылады. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды бақылау арқылы үйренеді. Нұсқаулық табиғатты танып, білу -мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Әдістемелік нұсқаулық тәрбиеші жұмысын жеңілдетуге көп септігін тигізеді.

Түсінік хат

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Міне, «Райхан» балабақшасы тәрбиешілерінің алдында тұрған мәселе осы еді. Экологиялық тәрбие әдістемелерін, басқа балабақшалардың озық тәжірибелерін зерттей келе, табиғатты бақылаудың бағдарламасын жасақтау тиімді деп шештік. Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.

Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

Мазмұны

І
Түсінік хат
3
І: ІІ
Түсінік хат: Бақылауды өткізудің әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыс түрін анықтау
3: 4
І: ІІІ
Түсінік хат: Пепспиктивалық жоспар
3: 6
І: ІҮ
Түсінік хат: 1 - 3 Бақылау
3: 11
І: Ү
Түсінік хат: 4 - 6 Бақылау
3: 12
І: ҮІ
Түсінік хат: 7 - 8 Бақылау
3: 13
І: ҮІІ
Түсінік хат: 9 - 11 Бақылау
3: 14
І: ҮІІ
Түсінік хат: 12 - 13 Бақылау
3: 15
І: ҮІІІ
Түсінік хат: 14 - 16 Бақылау
3: 16
І: ҮІІІ
Түсінік хат: 17 - 19 Бақылау
3: 17
І: ІХ
Түсінік хат: 20 - 21 Бақылау
3: 18
І: Х
Түсінік хат: 22-25 Бақылау
3: 19
І: ХІ
Түсінік хат: Пайдаланған әдебиеттер
3: 20

Бақылауды өткізудің әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыс түрін анықтау:

1. Бақылауды циклдік ұйымдастыру . Барлық білік-дағдылар көлемін бірнеше бөлікке бөлу және мерзімін анықтау.

2. Бақылау кеңістігін ұйымдастыру. Бақылау жүргізілетін нысан әр баланың қабылдауына ыңғайлы болуы қажет.

3. Бақылаудың ұзақтығы. Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.

4. Бақылаудың құрылымы. Құрылымның үш құрамдас бөлігі- кіріспе, негізгі бөлім, соңы. Кіріспе- баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Негізгі бөлім-балалардың қабылдаған сенсорлық мәліметін саралау үшін әдіс-тәсілдерді қолдану. Соңы - бақылауды қорыту, нәтиже.

5. Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.

Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады. Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:

1. Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.

2. Бақылауды өткізу орны және уақыты.

3. Қатысатын бала саны.

4. Бақылау дың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер.

Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор. Біз бақылаудың бағдарламасын жасақтадық. Жоспарда әр бақылаудың тақырыбы мен мақсаты нақты көрсетілген. Әр айға бақылаудың нақты 5 тақырыбы көрсетілген. Перспективалық жоспар несімен тиімді? Перспективалық жоспарда міндеттер жүйелі түрде шешіледі.

Міндеттердің жүйелі шешілуіне мысал келтірейік:

  • Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
  • Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
  • Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
  • Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
  • Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
  • Топырақтың адам өміріндегі маңызын анықтау.

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты. Бақылау барысында бала белгілі бір табиғи нысан туралы мағлұмат алады. Әр педагог ауа-райындағы өзгеріске, баланың жеке мүмкіндігіне және басқа да себептерге байланысты бақылау түрін өзгертуіне болады.

Перспективалық жоспарға бақылау бетшелері жасалды. Оларда:

1. Бақылау тақырыбы;

2. Бақылау мақсаты;

3. Сұрақтар мен мәліметтер;

4. Көркем шығарма немесе эксперимент;

5. Табиғаттағы еңбек

көрсетілген.

Бұл бағдарламаны қолдану педагогқа бақылауды қалай болса солай емес, белгілі бір жүйемен жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс барысында келесі ережелерді сақтау қажет:

1. Жұмыстың тақырыбы мен мақсатымен толықтай танысу;

2. Жүру барысымен толық танысу, саралау, оны тәрбиелік, білімдік жағынан бағалау;

3. Әр әрекетке шығармашылық, зейін таныту.

Сонымен, ересек бүлдіршіндер бақылау арқылы күрделі табиғи құбылыстар мен заңдылықтармен танысады.

Р/с
Тақырыбы
Мақсаты
Мерзімі
Р/с: 1
Тақырыбы: Құрғақ топырақпен танысу.
Мақсаты: Балаларды өлі табиғаттың бір құрамы -топырақпен таныстыру
Мерзімі: қыркүйек
Р/с: 2
Тақырыбы: Қыркүйектің басында біздің аулада не өседі?
Мақсаты: Балаларды ауладағы өсімдіктерді танып білуге үйрету.
Мерзімі: қыркүйек
Р/с: 3
Тақырыбы:

Ауа деген не?

Мақсаты: Балаларды ауа және оның қасиеттерімен таныстыру.
Мерзімі: қыркүйек
Р/с: 4
Тақырыбы: Күзде жәндіктерді бақылау.
Мақсаты: Жәндіктердің күздегі тіршілігімен танысу.
Мерзімі: қыркүйек
Р/с: 5
Тақырыбы: Мақсатты серуен. «Күзбен кездесу»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.
Мерзімі: қыркүйек
Р/с: 6
Тақырыбы: Шықты бақылау.
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-шықпен таныстыру.
Мерзімі: қазан
Р/с: 7
Тақырыбы: Балабақша ауласын қарау. «Барлаушылар» ойыны.
Мақсаты: Ауладағы бұталар, ағаштар, гүлдердегі өзгерістерді байқауға үйрету.
Мерзімі: қазан
Р/с: 8
Тақырыбы: Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Балаларды ауа-райын сипаттауға үйрету
Мерзімі: қазан
Р/с: 9
Тақырыбы: Қайтқан құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстардың азайғандығына назар аудару. Себебін анықтау.
Мерзімі: қазан
Р/с: 10
Тақырыбы:

Күзгі Жайық өзені.

Мақсатты серуен.

Мақсаты: Өзен бетіндегі өзгерістерге назар аудару.
Мерзімі: қазан
Р/с: 11
Тақырыбы: Тұманды бақылау.
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысының бірі-тұманмен таныстыру.
Мерзімі: қараша
Р/с: 12
Тақырыбы: «Бақшадағы гүлдердің тұқымын жинайық»
Мақсаты: Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер туралы мағлұмат беру.
Мерзімі: қараша
Р/с: 13
Тақырыбы: Ауа-райын салыстырмалы түрде бақылау.
Мақсаты: Ауа-райына салыстырмалы түрде сипаттама беруге үйрету.
Мерзімі: қараша
Р/с: 14
Тақырыбы: Жапырақтың түсуін бақылау.
Мақсаты: Табиғаттың жылдың төрт мезгілінде де сұлу екендігіне назар аудару.
Мерзімі: қараша
Р/с: 15
Тақырыбы: Ауладағы өсімдіктердегі маусымдық өзгерістерге назар аудару.
Мақсаты: Ауладағы өсімдіктердегі маусымдық өзгерістерге назар аудару.
Мерзімі: қараша
Р/с: 16
Тақырыбы: Аққайыңды бақылау.
Мақсаты: Аққайың ағашының өзгеріске ұшырауын бақылау.
Мерзімі: желтоқсан
Р/с: 17
Тақырыбы: Желді бақылау.
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-желмен таныстыру.
Мерзімі: желтоқсан
Р/с: 18
Тақырыбы: Аула тазалаушының еңбегі.
Мақсаты: Аула тазалаушының іс-әрекетін бақылау.
Мерзімі: желтоқсан
Р/с: 19
Тақырыбы: Алғашқы суықтық.
Мақсаты: Күн салқындауы мен мұзқату байланысы.
Мерзімі: желтоқсан
Р/с: 20
Тақырыбы: Қардың түсуін бақылау.
Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарының бірі-қар туралы мағлүмат беру.
Мерзімі: желтоқсан
Р/с: 21
Тақырыбы: Боран және бұрқасынды бақылау.
Мақсаты: Боран және бұрқасын туралы білімдерін кеңейту
Мерзімі: қаңтар
Р/с: 22
Тақырыбы: Қырауды бақылау.
Мақсаты: Бақылау арқылы қырау туралы білімдерін жетілдіру
Мерзімі: қаңтар
Р/с: 23
Тақырыбы: Ауа-райының қыс мезгіліндегі ерекшеліктерін бақылау.
Мақсаты: Қысқы ауа-райына сипаттама бере білуге үйрету
Мерзімі: қаңтар
Р/с: 24
Тақырыбы: Қардың суға айналуы.
Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы қардың суға айналуын бақылау
Мерзімі: қаңтар
Р/с: 25
Тақырыбы: Қар мен мұзды салыстыру.
Мақсаты: Қар мен мұздың қасиеттерін айыра білу
Мерзімі: қаңтар
Р/с: 26
Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты: Қыстайтын құстардың тіршілігін бақылау
Мерзімі: ақпан
Р/с: 27
Тақырыбы: Ұйқыдағы ағаштар.
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі өсімдіктердің күйін бақылау
Мерзімі: ақпан
Р/с: 28
Тақырыбы: Үлкендердің қысқы еңбегі.
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі үлкендер еңбегін бақылау
Мерзімі: ақпан
Р/с: 29
Тақырыбы: Қардың түрлері.
Мақсаты: Қардың түрлерімен таныстыру
Мерзімі: ақпан
Р/с: 30
Тақырыбы: Ауа-райын салыстырмалы түрде бақылау.
Мақсаты: Қыс соңындағы ауа-райындағы өзгерістерді бақылау
Мерзімі: ақпан
Р/с: 31
Тақырыбы: Көктем келді.
Мақсаты: Көктемнің алғашқы белгілерін бақылау
Мерзімі: наурыз
Р/с: 32
Тақырыбы: Жылғалардан су ақты.
Мақсаты: Қардың еруі, жылғалардан су болып ағуына назар аудару
Мерзімі: наурыз
Р/с: 33
Тақырыбы: Құстар келді.
Мақсаты: Жылы жақтардан ұшып келіп жатырған құстарды бақылау
Мерзімі: наурыз
Р/с: 34
Тақырыбы: Ағаштар бүршік жарды.
Мақсаты: Көктемдегі ағаштарда болып жатырған өзгерістерді бақылау
Мерзімі: наурыз
Р/с: 35
Тақырыбы: Көктемгі табиғат ерекшеліктерін бақылау.
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғат ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту
Мерзімі: наурыз
Р/с: 36
Тақырыбы: Мақсатты серуен. Көктемгі баққа саяхат.
Мақсаты: Бақ ішіндегі өзгерістерді бақылау
Мерзімі: сәуір
Р/с: 37
Тақырыбы: Қанатты достар көбейді.
Мақсаты: Жылы жақтан құстардың ұшып келуі аяқталғанын түсіндіру
Мерзімі: сәуір
Р/с: 38
Тақырыбы: Жаңбыр жаууын бақылау.
Мақсаты: Табиғат құбылыстарының бірі-жаңбырмен таныстыру
Мерзімі: сәуір
Р/с: 39
Тақырыбы: Бұлтты күнді бақылау.
Мақсаты: Өлі табиғаттың құрамдас бөлігі-бұлт туралы мағлұмат беру
Мерзімі: сәуір
Р/с: 40
Тақырыбы: Найзағайды бақылау.
Мақсаты: Табиғат құбылыстарының бірі-найзағай туралы мәлімет беру
Мерзімі: сәуір
Р/с: 41
Тақырыбы: Мақсатты серуен. Көктемгі далаға саяхат. «Қызғалдақпен кездесу»
Мақсаты: Көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі-қызғалдақпен танысу
Мерзімі: мамыр
Р/с: 42
Тақырыбы: Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Көктемнің соңғы айындағы ауа-райын бақылау
Мерзімі: мамыр
Р/с: 43
Тақырыбы: Айналадағы үлкендер еңбегі.
Мақсаты: Көктемдегі тазалық жұмыстарын бақылау
Мерзімі: мамыр
Р/с: 44
Тақырыбы: Жәндіктер оянды.
Мақсаты: Көктемдегі жәндіктердің ұйқыдан оянуын бақылау
Мерзімі: мамыр
Р/с: 45
Тақырыбы: Жазды қарсы аламыз.
Мақсаты: Ауа-райындағы өзгерістерді салыстырмалы түрде сипаттау
Мерзімі: мамыр
Р/с: 46
Тақырыбы: Құстар-біздің достар.
Мақсаты: Өлкеміздегі құстардың атын атап, танып, білуге үйрету
Мерзімі: маусым
Р/с: 47
Тақырыбы: Жазғы ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Айналаға назар аударып, ауа-райына сипаттама беруге үйрету
Мерзімі: маусым
Р/с: 48
Тақырыбы: Ауладағы гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Ауладағы гүлзарларда өсетін гүлдерді танып, атын атай білуге үйрету.
Мерзімі: маусым
Р/с: 49
Тақырыбы: Ағаштарды бақылау.
Мақсаты: Ағаштардағы өзгерістерді бақылау
Мерзімі: маусым
Р/с: 50
Тақырыбы: Құрт-құмырсқалар тіршілігін бақылау.
Мақсаты: Жаз уақытындағы жәндіктер өмірін бақылау
Мерзімі: маусым
Р/с: 51
Тақырыбы: Көбелектерді бақылау.
Мақсаты: Көбелектердің түр-түсіне сүйсіне білуге үйрету
Мерзімі: шілде
Р/с: 52
Тақырыбы: Күннің көзін бақылау.
Мақсаты: Күн көзі туралы мағлұмат беру
Мерзімі: шілде
Р/с: 53
Тақырыбы: Ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты: Жазғы ауа-райына сипаттама беру
Мерзімі: шілде
Р/с: 54
Тақырыбы: Құстардың тіршілігін бақылау.
Мақсаты: Жаз кезіндегі құстар тірлігі туралы мағлұмат беру
Мерзімі: шілде
Р/с: 55
Тақырыбы: Ыстық кездегі өсімдіктердегі өзгерістерді бақылау.
Мақсаты: Ыстыққа байланысты өсімдіктерде болатын өзгеріс себептеріне назар аудару
Мерзімі: шілде
Р/с: 56
Тақырыбы: Мақсатты серуен. Жазғы саябаққа саяхат.
Мақсаты: Жазғы саябақ ерекшеліктерімен танысу
Мерзімі: тамыз
Р/с: 57
Тақырыбы: Ауладағы гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Ауладағы гүлдерде қандай өзгерістер бар екедігіне көңіл бөлу
Мерзімі: тамыз
Р/с: 58
Тақырыбы: Жемістердің пісуін бақылау.
Мақсаты: Жеміс ағаштарындағы өзгерістерді бақылау
Мерзімі: тамыз
Р/с: 59
Тақырыбы: Күн, ауа, су-біздің досымыз.
Мақсаты: Табиғаттың құрамдас бөліктері-күн, ауа, су туралы білімдерін кеңейту.
Мерзімі: тамыз
Р/с: 60
Тақырыбы: Мақсатты серуен. Жазғы Жайық өзеніне саяхат.
Мақсаты: Жайық өзенін бақылау
Мерзімі: тамыз

.

Әдістемелік нұсқау.

1. Құрғақ топырақпен танысу.

Мақсаты: Балаларды өлі табиғаттың құрамдас бөліктерінің бірі- топырақпен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары: Бір уыс құрғақ топырақты ақ немесе қара түсті қағаз бетіне салып, қарау. Әр балаға тәрбиеші лупа беріп, мұқият қарауға мүмкіндік береді.

Топырақтың түсі қандай? (Сары немесе қоңыр) . Топырақ неден тұрады? (Уақ ұнтақтардан) . Әртүрлі топырақтарды қарап, салыстыру. Олар қандай? (Өте кішкентай, дөңгелек, жылтыр, қатты, тегіс емес, түстері әртүрлі) . Топырақты қалай атауға болады? (Сусымалы) .

Тәжірибе:

Үлестірмелі материал әр балаға: қағаз бетіне салынған аздаған уыс топырақ.

Мақсаты: Топырақты мұқият, асықпай қарап мүмкіндігінше көбірек ерекшелігін табу.

Қарапайым топырақтан балалар көп қызық нәрсені табады: олардың ұсақ, ірілеу, түсіне қарай ( ашық, күңгірт), жылтырлығына қарай (жылтыр, түссіздеу) .

Табиғаттағы еңбек: Топырақты қоқыстан тазарту.

2. Бақылау «Біздің аулада қыркүйектің басында қандай өсімдіктер өседі?»

Мақсаты: Балаларға аулада өсетін өсімдіктерді табуды және олардың атауларын дұрыс айтуға үйрету.

Мазмұны мен сұрақтары: Біздің ауламызда қандай өсімдіктер өседі? Көктемде біз қандай гүлдер отырғыздық? Гүлдерді өз ауламызға не үшін отырғыздық? Ең сүйікті гүлің қандай? Неліктен?

Ауланы бақылау, гүлдеген өсімдіктерді табу, олардың атауларын анықтау. Ауланың жайқалған гүдерімен сұлуланып тұрғаны атап өтіледі. Балалар гүлдерді қызықтайды. Әрбір өсімдіктің несімен әсем екенін айтып береді.

Көркем сөз:

Раушан

Қызыл, күлгін, ақ, сары

Шешек атқан шақтағы

Хош иісі сүйсінткен

Ең әсем гүл бақтағы.

Көп ел егіп күтеді

Сатады әр гүл дүкені

Араларыңда абайла

Сабақта бар тікені.

Табиғаттағы еңбек: Гүлдердің жас тұқымдарын жинау

3. Бақылау. Ауа дегеніміз не?

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылысының бірі ауа туралы түсінік беру және оның ерекшеліктерімен таныстыру.

Сұрақтары: Біз немен тыныс аламыз? Алдымен терең тыныс алып, содан соң демімізді сыртқа шығарайық. Қалай ойлайсыңдар, біз қазір нені жұттық? (Ауа) . Ал ауа дегеніміз не екен? Ауаны көргендерің бар ма? (Біз оны көрмейміз, бірақ ол үнемі біз болған жерде болады) . Біз оны неліктен көрмейміз? (ауа - жеңіл, түссіз) . Тыныс алатынымызды қалай дәлелдеуге болады?

Тәжірибе: Алақандарыңды алдымен ауыздарыңа, содан соң мұрындарыңа тақап тыныс алыңдар. Не сезіп тұрсыңдар?

(алақандарың демдеріңнен жылына бастайды) .

Жұмбақ шешу:

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.

(Ауа)

Табиғаттағы еңбек: Көшеттерден құрғақ талдар кесіп алу.

4. Күз мезгілінде жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: Жәндіктердің күз мезгіліндегі іс-әрекеттерін жүйелендіру

Сұрақтары: Шөпте шырылдаған шегірткелер қайда жоғалып кетті? Қанқыздар неге көрінбейді? Қоңыздар мен көбелектердің барлығы қайда кеткен? (Олар тығылып қалған) . Олар сонда кімнен немесе неден тығылып қалған? (Олар тоңған соң салқындықтан тығылып қалған) . Олар қайда тығылды сонда? (ағаштардың, үйлердің ұсақ қуыс жерлеріне) . Олар онда не істеп жатыр? ( Олар ұйықтап жатыр) .

Тәжірибе: Жәндіктердің ұзақ суық қыста өліп қалмау үшін тығылған жерлерін табу (ағаштардың қуыстарынан, жерге түскен жапырақтар арасынан) . Жерден құрғақ жапырақтарды жинап, жайып қарау. Қорытынды: жапырақтарда көптеген тірі ағзалар бар. Соларды қарап шығу.

Табиғаттағы еңбек: Аймақты жапырақтардан тазарту.

5. Мақсатты серуен. Тақырыбы «Күзбен кездесу»

(саябаққа саяхат)

Міндеттері: Балаларға табиғаттағы өзгерістерді байқауды және сол өзгерістерге сүйсінуді үйрету. Балаларды өлі табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру: күннің көзі жаз мезгіліндегідей көп ысытпайды, аспан әлі көгілдір, бірақ жиі бұлттанады. Жаңадан жөке ағашымен таныстыру, өзіне тән қасиеттерін атап көрсету (діңгегінің бітімін, бұтақтарының орналасуын, жапырақтарының пішінін), балалардың ағаштар туралы білімін жүйелендіру. Балалардың саябақ туралы - жасанды жасақталған өсімдіктер қауымдастығы ретінде білімдерін кеңейту. Саябақтың күзгі көрінісін тамашалау; ағаштар мен бұталар өзінің күзгі бояуын өзгертті (олар түрленіп бояуын өзгертіп, құбылып тұр)

6. Шықты бақылау.

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-шықпен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары: Шөптер неге дымқыл? Бұл ылғал қайдан пайда болды? Бұл қандай құбылыс? (Шық) Шық қайдан пайда болды? (Оның пайда болған себебі, жер, шөптер, жапырақтар күн батқан соң суи бастады. Ал ауа әлі жылы. Ауадағы сулы бу суыған жерге түсіп, шөптердің бетіне тамшы болып тұрып қалады) . Шық қандай жерлерге көп түседі?(Шық өзендердің, тоғандардың төңірегінде көбірек болады) . Ол қандай ауа райы кезінде пайда болады?Бұлтты ауа райы кезінде ме, әлде бұлтты ауа райы кезінде ме?(Шық ауа райы бұлттанып тұрғанда болмайды, ол тек аспан шайдай ашық кезде пайда болады) . Ал адамға шық керек пе? Оның пайдасы бар ма?(Жаңбыр сияқты шық та өсімдіктерге өте қажет және пайдалы. Шықтың тамшыларын шөптердің бетінен құстар мен жәндіктер ішеді) .

Табиғаттағы еңбек: Гүл атқан өсімдіктерді аймақтан топқа ауыстыру.

7. Бақылау. Бала бақша аймағын тексеру

(«Тыңшылар» ойыны)

Мақсаты: Балалардың назарын табиғаттағы, өздеріне таныс гүлдердегі, ағаштардағы, көшеттердегі өзгерістерге аударту .

Сұрақтары: Аймақта жасыл желек көп пе? Гүлдер ше? Соларды табайық. Осы аймақ тірі ағзалардың үйі болып табыла ма? Қандай тірі ағзалардың мекені? Бұл үйде аумақтың мекендеушілеріне пайдалы не бар? (Аймақ - көптеген өсімдіктердің үйі, олар осы жерде өседі және өздерін жақсы сезінеді, себебі олардың тіршілік етуіне керекті нәрсенің барлығы бар: құнарлы топырақ, жеткілікті мөлшердегі ылғал, күннің көзі және жылу. ) Таза әрі әсем аймақта серуендеу балалардың денсаулығына да пайдалы. Сондықтан аймақты күтіп таза ұстау керек. Енді іздеп көрейік, аймағымызда қанша жәндіктер бар екен? Олар жазда қанша еді? Олардың қазіргі іс-әрекеттері қандай? (күздегі) ? Жаз мезгіліндегімен салыстыру.

Көркем сөз:

«КҮЗ»

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Табиғаттағы еңбек : Жапырақтарды кептіріп гербарий жасауға дайындау.

8. Ауа райын бақылау.

Мақсаты: Ауа райын сипаттайтын белгілермен таныстыру.


Ұқсас жұмыстар
Ауа райы. Климат жайлы ақпарат
Ауа райы. Сабақтың тақырыбы
Қармен ойнайтын
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Күз мезгілінің суретін топ
Табиғатты аялайық. Табиғат пен адам арасындағы байланыс табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы
Метеорологиялық элементтер
Құстар қалай қыстайды Оқушыларға жалпы құстар жайында олардың қысқы тіршілігі жайында толық түсінік беру
Ауа райы
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау ( коучинг жоспары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz