Орама жапырақ пен алма тақырыбындағы мектепке дейінгі тыңдау дағдылары мен адамгершілікті тәрбиелеу сабағы

Ақтөбе қаласы

Тәрбиеші: Қуанова Ш.

№ 21 «Кәусәр бұлақ»

Мектепке дейінгі гимназия

Сабақтар тақырыбы: Орама жапырақ пен алма.

Сабақтың мақсаты: Балаларды әңгімелі зейін қойып тыңдауға үйрету.

Әңгімедегі жақсы қасиеттерді балаға үйрету.

Әңгімедегі жақсы қасиеттерді балаға үйрету,

адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: Орама жапырақ пен алманың суреттері.

Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды отырғызып, олардын назарын сабаққа аударамын. Орма жапырақ пен алманың суретін ілемін.

б) Кіріспе бөлім:

- Балалар сендер тақтадан не көріп тұрсындар?

- Орама жапырақ

- Алма

- Гүлім кане сен айтшы тақтадан ненің суретін көрі тұрсын?

- Орама жапырақ

- Дұрыс

- Енді Ерсұлтан сен айтшы мынау ненің суреті?

- Алманың

- Дұрыс айтасыңдар бұл алма мен орама жапырақтың суреті екен.

- Балалар сендер алманы жеп көрдіңдер ме?

- Гулсезім, сен айтшы?

- Мен алманы жеп көрдім, ол өте тәтті болады, ол қызыл, жасыл, сары болады.

- Дұрыс балалар. Алма өте дәмді болады. Ол бақта өседі. Оны барлығың да жеп көрдіңдер.

Ал енді балалар сендер үйде мамалардың орама жапырақтан дайындаған тағамдарын жеп көрдіндер ме? Ол да дәмді болады. Оның сыртында қабат - қабат тоны болады, сондықтан оны орама жапырақ дейді екен. Ол суықта тоңбайды.

Негізгі бөлім:

Ал, балалар мен сендерге орама жапырақ пен алма туралы әңгіме оқып берейін, ал сендер жақсылап тыңдап отырыңдар.

  • Ерте заманда алма мен орама суық жерде өсіпті, екеуі тату дос болыпты. Бір жылы қыс қатты болып, алма үстіне қияр киімі жоқ болып, тона бастайды, ал орама жапырақ болса, қабат - қабат тоңынан тоңбайды. Әбден тоңған алма орама жапыраққа достым үсіп өлетін болдым, жылы киіміңнің біреуін берші деп өтінеді. Қылышын сүйретіп қыс келетінің неге білмедін? Саған беретін артық тоным жоқ, деп досыма сан қабат тоңының біреуінде бермейді. Алма болса жазға зорға жетеді. Досына көңілі қалған алма жылы жаққа көшіп кетеді. Сонан бері алма жылы жақта өсетін болады.

Қорытынды бөлімі:

  • Данияр сен айтшы алма орама жапырақтан киім сұрағанда не деді?
  • Қылышын сүйретіп қыстың келетінін неге білмедің бе? Саған беретін тоным жоқ, дейді.
  • Ал, содан кейін алма не істеді?
  • Ерсултан сен айта қойшы.
  • Досынан көңілі қалған алма жылы жаққа көшіп кетеді.
  • Жарайсындар балалар! Бүгінгі сабаққа барлығың жақсы қатыстындар. Орама жапырақ құсап достарына мейрімсіз болмандар, тату болындар.

Гүлім, Данияр, Гүлсезім, Ерсултан т. б. балалар сабаққа жақсы қатысты


Ұқсас жұмыстар
Әдептілік пен адамгершілікті тәрбиелеу: аралас сабақ жоспары
Мектепке дейінгі тәрбие сабағы: Тазалық пен жеке гигиена - Тазабек пен Кірқожалақтың оқиғасы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: мектеппен үздіксіздік пен әдістемелік қамтамасыз ету
2-сынып дүниетану сабағы: Жапырақ, тұқым және жеміс
Мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығы
7-сынып ағылшын тілі сабағы: Фильмдер - жанрлар, тыңдау-сөйлеу дағдылары және өткен шақтарды пысықтау
Қыс ғажайыптары: мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі емес бейнелеу сабағы
Ашық сабақ: Сауат ашу - дыбыс пен әріптер (мектепке дейінгі топ)
Мектепке дейінгі тәрбиеге арналған Жайдары жаз тақырыбындағы тіл дамыту ашық сабағының сценарийі
Мектепке дейінгі балаларға арналған сабақ: Жабайы аңдарды тану, тіршілік ортасы мен қамқорлыққа тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz