Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №43 орта мектебінде Қазақстан ұландары - ертеңгі тақырыбындағы мектеп президентінің ант қабылдау және Бәйтерек ұйымын қабылдау рәсімі

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы

№43 орта жалпы білім беретін мектеп

«Қазақстан ұландары ертеңгінің!»

мектеп президентінің ант қабылдау рәсімі

Өткізген:мектеп тәлімгері

Қойшыбаева Гауһар Нұрмұқанқызы

І-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды

25-қазан Республика күнімен құттықтаймыз. Туған жеріміздің тұғыры биік болсын! Еліміз бірлікте, ұрпағымыз өрлікте болсын!

ІІ-жүргізуші:

Желбіреген көк алау ел көгінде

Қайырлықпен батырлық жедкенінде

Қазағымның қайратты ұландары

Ел қорғайды елінің ертеңінде

І-жүргізуші:

Көкке ұшып шарпысын, алыстай бер

Қиқар заман өмірден алыстай бер

Қазақстан - қазағымның ұландары

Шырқа көкте, қарышта, қарыштай бер! - дей отырып бүгін «Қазақстан ұландары ертеңгінің» тақырыбындағы мектеп президентінің ант қабылдау рәсімі мен «Бәйтерек» ұйымы мүшелерін қабылдау рәсімін салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.

ІІ-жүргізуші :

Шықты торап ой-санадан

Бері қарады жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Мектептің бар президенті

Шырақ етіп өмір нұрын

Алыс тартып аладғы жол

Мектеп намысын, елдің жүгін

Арқалаған ардағым ол

І-жүргізуші : Қазақстан өз президентін Ұлы тұлға деп құрметтейді, қадірлейді, мақтана алады. Біз де мектебіміздің президенті

Мейірбекті мақтан тұтамыз, құрметтейміз, адал үлкен үміт күтеміз.

ІІ-жүргізуші : Ендеше, ортаға мектеп президенті 10 сынып оқушысы Аймуханбетов Мейірбекті шақырамыз.

(әнұран ойналады) Президент ант береді (туды сүйеді)

І-жүргізуші : Құттықтау сөз 1 сынып оқушыларына беріледі.

1а сыныбынан: Айару, Әлішер, Райымбек, Мадина

1б сыныбынан: Диана, Армат, Жамиля

ІІ-жүргізуші : Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Мектебіміздің мәртебесін көтере, өзге оқушыларға үлгі болар, мектеп президентінің көмекшілері бар. Кеше өткен сайлауда мектеп Премьер министрі . . . тағайындалды. Мектеп өміріндегң игі істерге септігін тигізер көмекшілерімізді ортаға шақырайық.

І-жүргізуші : Мектебіміздің Премьер министрі болып . . . тағайындалды. Тәртіп министрі болып . . . тағайындалды

Білім министрі болып . . . тағайындалды

Мәдениет министрі болып тағайындалды

Ақпарат министрі болып . . . тағайындалды

Денсаулық министрі болып . . . тағайындалды

Барлық министрлерге хормен бірге:

- Біз мектебіміздің мәртебесін биік ұстап, еңсесін түсірмеуге, міндетімізді мүлтіксіз орындауға АНТ ЕТЕМІЗ!

ІІ-жүргізуші : Ән Қазақстаным» орындалады.

І-жүргізуші Айналайын, балалар

Алдыңда мектеп-ана бар

Өздеріңнен өседі

Өнерлілер, даналар-деп 1-4 сынып белсенді оқушыларынан құралып отырған «Таңшолпан» клуб мүшелерін ортаға шақырамыз. Топ басшысы: 4а сынып оқушысы Меңдіғалиева Айым

Ұраны: Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр сәніміз

Тыныштықты сақтаңыз

Атсын күліп таңымыз

Ән «Алақай»

ІІ ЖҮРГІЗУШІ : Өнерге әркез құмар жаны тым биік

Жаңа ғасыр жаңа күнді тұр күтіп

Қарсы ал, қане, үздік асыққан үлгілі

«Жас толқынды» аңсайтындай жұрт күтіп- дегендей «Жас толқын» клубының мүшелерін ортаға шақырамыз.

Топ басшысы-7б сынып оқушысы Сабырғалиев Алпамыс

Ұраны: Біз бейбіт ел дарасы

Таусылмайтын жыр-әні

Қол созатынбиіктерге, шыңдарға

Біз Жайықтың, біз Жайықтың ұланы!

І-жүргізуші : Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Әрбіріміздің болашағы-ол жастар. Бұл тек әдемі сөздер емес, онымен баршамыз саналатын нәрсе. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етеміз»- деген екен. Мектебіміздің бетке ұстар «Бәйтерек» клуб мүшелерін ортаға шақырамыз.

Топ басшысы: -11 сынып оқушысы Молдағалиева Айымгүл

Ұраны:Жарқын өмір күтеді әркез бізді алда

Бөгет емес қиындықтар, сандар да

Туған елді көркейтеміз гүлдетіп

Бірге өрлейміз биікткрге, шыңдарға

ІІ -жүргізуші : Ән «Атамекен»

ІІ-жүргізуші :Мен сүйген елім бар арайлы

Көгінен күліп күн қарайды

Толқытқан сезім талайды

Биді көңілім қалайды-дей келе қазақ биіне кезек берейік. Қазақ биін орындалады.

І-жүргізуші Мәнерлер оқу (Нұрекешова Айда)

ІІ-жүргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті-күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп ұлы Абай атамыз жырлағандай әсем әнге кезек берейік.

Ән: «Үш бақытым» Орындайтын Батырбек Чабдаров

ІІ-жүргізуші

Соңын әнұран айтып аяқтаймыз.

Кәрі мейлі, жас болайық

Бәрімізде дос болайық

Аман болып бәріміз

Жараса берсін әніміз- дей отырып өздеріңізбен қоштасайық

Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше қош болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
№123 Темірбек Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің Тәуелсіз елдің ұландары Тәуелсіздік күні концерті мен Жас ұлан ұйымына қабылдау салтанатының сценарийі (2015-2016 оқу жылы)
Орал қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебінде экология бағытындағы факультативтік сабақты ұйымдастыру жолдары
Біздің ел - Қазақстан, болашағы - Жас Ұлан: Шақаман орта мектебінің Жас Ұлан ұйымына қабылдау рәсімінің бағдарламасы (14 желтоқсан 2016 ж.)
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы үшін авторлық бағдарлама: Журналистика негіздері (9 сынып)
Нагорный орта мектебінің Бірыңғай Жас Ұлан ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны
2014 жылғы Ақмола облысы Степногорск қаласы Бестөбе кенті №1 орта мектебіндегі Астана - Қазақстан жүрегі топтық ойынының сценарийі
Батыс Қазақстан облысы білім саласы: 4-сынып Дүниетану (3-нұсқа) бақылау жұмысы
2011 жылғы 1-4 сынып оқушыларына арналған Бағбан көктем гүлдерін көрсететін күн іс-шарасы - Абай орта мектеп-балабақшасы (Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы)
1-сынып оқырмандарын мектеп кітапханасына қабылдау сценарийі мен тәрбие сағаты
Әдебиет білгірлері сайысы: Жамбыл ОЖББМ (Қаратөбе ауданы, Батыс Қазақстан облысы) сабақ-жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz