Барлық қабырғасы тең үшбұрыш

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Жүргізуші:

Біздің мектепте бүгін алғырлар мен білімділер күш сынаспақ.

Шақырамыз, келіңдер жарысуғ а,

Күш, өнер, біліммен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Канеки кім шығады сайысуға.

Жүргізуші: сайысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу үшін жалпыға бірдей тапсырма беріледі. Оған 1 минут уақыт.

Тапсырмалары:

1. Бір жылда неше күн бар?

2. Ең кіші 2 таңбалы сан.

3. Квадраттың қабырғасы 4 см. Периметрін табу керек.

4. Кітаптың бағасы 520 теңге. Осындай 10 кітаптың бағасы қандай?

5. Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең?

6. Ені 5 см, ұзындығы 7 см тіктөртбұрыштың ауданы қандай?

7. Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 6 см болса, периметрін табыңдар.

8. Екінің кубы қандай?

9. Бестің квадраты.

10. Табиғи жарық көзі.

Балы жоғары 5 бала іріктеліп алынады.

Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. «Бәйге».

1) Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға көбейтуге, бөлуге болмайды. Одан бөлшек өзгермейді. Осы тұжырым ненің ережесі? (Бөлшектің негізгі қасиеті)

2) Қандай санның квадраты 25-ке тең? (бестің)

3) «Функция» терминін ғылымға енгізген кім? (Лейбниц)

4) Шеңбердің радиусы мен диаметрі арасында қандай байланыс бар? (D=2 R)

5) Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (квадрат)

6) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

7) Төртбұрыштың ауданының формуласы қандай? (S=ab)

8) Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосуға болады? (бөлімдерінің ортақ еселігін тауып, толықтауыш көбейткіштерін жазу керек. Алымын толықтауыш көбейткішке көбейтіп қосу керек)

9) Бір күнде неше минут бар? (1440 минут бар)

10) Жай бөлшек туралы не білесің?

Жүргізуші: 1-кезеңді қорытындылай келе, сайыскерлердің ұпайларын айта кетейік.

«Ана тілің - арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте», - дей келе сайысымыздың келесі кезеңі - «Тіл - өнер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ жасырылады. Жауабын екі тілде жазып көрсету керек. Бір тілде болса, 10 ұпай, екі тілде 20 ұпай.

2. Тіл - өнер

1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка)

2. Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсе де.

(түзу, прямая)

3. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады?

(дәреже, степень)

Жүргізуші: Осымен 2-кезең аяқталды. Қорытындысын айтып өтсек . . .

Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады. Қалағн 3 оқушы ойынды жалғастырады.

Келесі «Жеті керемет» деп аталатын кезең. Бұл бөлімде сайыскерлер кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Бірінші болып, ұпай саны ең көп оқушы таңдайды.

3. Жеті керемет

20
20
20
20: 30
20: 30
20: 30
20: 40
20: 40
20: 40

20 ұпайлық сұрақтар:

1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең? (36 см)

2. Қабырғасы 4 см, 6 см, 9 см болатын үшбұрыштың периметрі нешеге тең? (19 см)

3. Қабырғасы 6 см және 11 см болатын тіктөртбұрышытың ауданы нешеге тең? (66 см 2 )

30 ұпайлық сұрақтар:

1. «П» әрпімен басталатын 7 математикалық сөзді ата (пирамида, планиметрия, параллель, плюс, парабола, параллелепипед, перпендикуляр)

2. «С» әрпінен басталатын 7 математикалық сөзді ата.

3. «К» әрпінен басталатын 7 математикалық сөзді ата.

40 ұпайлық сұрақтар:

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика» сөзінің авторы. (Ломоносов)

2. «Математика - ғылымдардың патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы. (Гаусс)

3. «Ақын жанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз» сөзінің авторы. (С. Ковалевская)

4. Көкпар

Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. әрбір оқушы ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды.

Тақырыбы
Ұпайлар
Тақырыбы: Логикалық есептер
Ұпайлар: 10
20
30
Тақырыбы: Графиктер
Ұпайлар: 10
20
30
Тақырыбы: Формула
Ұпайлар: 10
20
30

Логикалық есептер

  1. Бір тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)
  2. Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
  3. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

Графиктер

  1. y=ax + b функциясының графигі
  2. x2+ y2= R2функциясының графигі
  3. функциясының графигі

Формула

  1. S=a*b (тіктөртбұрыштың ауданы)
  2. S=a2(квадраттың ауданы)
  3. S=v*t (жолдың формуласы)

5. Жорға

Жүргізуші : 4 кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы төмен 1 оқушымен қоштасуға тура келеді.

Қалға 2 оқушы ойынды жалғастырады.

Бұл кезеңде бір минутта қанша сұраққа жауап берсе, сол жинаған ұпайы болып есептеледі.

1-оқушыға қойылатын сұрақтар :

1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллель)

3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (квадрат)

4. Жетіге кері сан. (жетіден бір)

5. Бағытталған кесінді (вектор)

6. Санның жүзден бір бөлігі (процент)

7. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

8. (6)

9. Дөңгелектің радиусы 2 см, диаметрі нешеге тең? (4см)

10. 90 градусқа тең бұрыш. (тік бұрыш)

2-оқушыға қойылатын сұрақтар


Ұқсас жұмыстар
Үшбұрыш. үшбұрыштың түрлері. 7 сынып
Үшбұрыштың түрлері
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Үшбұрыштар елінде. 7-сынып
Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың ауданын табуға есептер шығару
Үшбұрыштардың түрлері
Үшбұрыш және оның түрлері
Бақытты сәт - математикалық ойын сабағы
Тікбұрышты үшбұрыш. Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері
Үшбұрыш 7 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz