Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы

№5 Хромтау мектеп гимназиясы

Жеті рет өлшеп бір рет кес

Математика пәнінен 7- кластар арасында

өткен кластан тыс жұмыс

Пән мұғалімі: Д.Қошабаев.

2010-2011 оқу жылы

7-кластар арасында өткен кластан тыс шара.

Тақырыбы: Жеті рет өлшеп,бір рет кес ойыны

Міндеті: 1.Оқушыларды шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істей

білуге тәрбиелеу.

2.Оқушылардың білімдерін тексеріп,математика

пәніне деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,

логикалық ойлай білуге дағдыландыру.

Ойынға екі топ қатысады. Әр жауап –1 ұпай

1-бөлім. Тапқырлық.

| |
| |
| |

1.Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?

а) 4, ә)10, б)12, в) 16 ( 12)

2.Қайрат Жанардан кіші,бірақ Талғаттан үлкен.Ал Ажар Жанардан үлкен
болса, ең үлкені қайсысы?

а)Қайрат ә) Жанар б) Талғат в) Ажар

3. Теңсіздіктің қазіргі кездегі таңбалары 17-18 ғ. пайда болды. Үлкен

() және кіші () таңбаларын ағылшын математигі 1631 жылы негізді.
Ол кім? (Т.Гарриот)

а)М.Ролль ә) Т.Гарриот б) И.Ньютон в)К.Гаусс

4.Түбірдің қазіргі жазылуы француз математигінің «Алгебраға нұсқаулар» атты
кітабында пайдаланылды. Ол кітап авторы кім?
а) М.Ролль ә) Т.Гарриот б) И.Ньютон в) К.Гаусс (М.Ролль)

2—бөлім. Сөз тізбегі

Әр командаға карточка беріледі. Онда математикалық термин жазылады. Келесі
сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталып, математикаға қатысы болуы
керек. Қай топ көп сөз жазады, сол ұтады.1-карточка: формула; 2-карточка:
хорда;

3—бөлім. Геометрияға саяхат.

1-топ

1.Фигураларды зерттейтін ғылым.

2.Фигураның ең қарапайымы не?

3.Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым

4.Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға

5.Екі жағы шектелген түзу

6.Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді

7.Қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы

8.Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле

9. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін құрал

10. Бір жазықтықта жататын қиылыспайтын түзулер

2-топ

1. Жазықтықты зерттейтін геометрия бөлімі

2. Негізгі геометриялық фигураларды ата

3. Дөлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым

4. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш

5. Бағытталған кесінді

6. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда

7. Іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы

8. Дұрыс төртбұрыш

9. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал

10.П-дің жуық мәні

4—бөлім. Викториналық сұрақтар

1. Егер 1 жұмыртқаны 4 минут қайнатса ,5 жұмыртқаны неше минут қайнатады?
(1 ұпай)

2.Салыстыр: 9990 99990 (2ұпай)

3.Ағып жатқан өзеннен 3л және 5л ыдыстар көмегімен 4л су әкелуге бола ма?
(3 ұпай)

4. Бөлмеде 2 ана және 2 қыз болған. Бөлмеде неше адам бар?(1ұпай)

5. Бір кішкентай қыз атасынан : «сіз нешедесіз» деп сұрады. Сонда
атасы:''Менің жасымды 6 есе кеітіп, 6-ны алса , 6-ға тең болады”. Сонда
атасы неше жаста болғаны? (2 ұпай)

6.50-ді 0-ге бөліп 3-ті қосса неше шығады? (2ұпай)

7.Егер тәуліктің қалған бөлігінен екі есе артық уақыт өтсе ,қазір сағат
неше? (1ұпай)

8. Есепте: +9=-=9+9990 (2 ұпай

9. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қапамыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз ( 2 ұпай)

5-бөлім. Капитандар сайысы

Екі капитанға бөлек-бөлек, араластырып сөздер жазылған карточкалар
беріледі. Олар сол сөздердің керектерін пайдаланып , белгілі
математиктердің қанатты сөздерін шығарулары керек.

1-капитанға

| да |математика |қамқоршысы |
| бастаушы |жанашыры |де |
| сан |жаңалығы |ғылымының |
|іргетасы |химия |физика |

“Сан-математика ғылымының іргетасы” Орынбек Жәутіков

2-капитан

|идеясы |бар |өз |
|математиканың |теория |да |
|барлығы |ол |физиканың |
|формула |тілі |табиғатта |

“Математиканың өз тілі бар—ол формула” София Ковалевская.

Ұқсас жұмыстар
Сүйір бұрыштың тангенсі
Тікбұрышты үшбұрыштардың түрлері
Тік бұрышты үшбұрыштың синусы, косинусы,тангенсі
Косинустар теоремасы
Конус-айналу денесі
Конденсатор, пифагор теоремасы
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы байланыстар
Конус табанының радиусын тап
сайыс сабақ. ойындар
Пәндер